400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Сөз мерген" Зияткерлік сайысы 4-сыныптар арасында

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың игерген білім деңгейін анықтау, пәндерге деген қызғушылықтарын арттыру, сөздік қорын байыту, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, үздік ойлы оқушы болуға тәрбиелеу, білімді, жан-жақты болуға үйрету, сыйластыққа, ізгілікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

12.12.2019


Ю.Сареми атынтағы №107 мектеп – лицейі







Зияткерлік сайысы

(4-сыныптар)









Мұғалімдер: Тажибаева Айгерім

Сөз мерген

Зияткерлік сайысы


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың игерген білім деңгейін анықтау, пәндерге

деген қызғушылықтарын арттыру, сөздік қорын байыту, ойлау

қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, үздік ойлы

оқушы болуға тәрбиелеу, білімді, жан-жақты болуға үйрету,

сыйластыққа, ізгілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактив тақта, слайдтар, теледидар.

Түрі: зияткерлік ойын сабағы.

Әдісі: сұрақ-жауап, СТО, АКТ.



Адам баласы тек білім, ғылым арқылы өз орнын табады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2030 бағдарламасында келешек жас ұрпақтарды дені сау, сана-сезімі жақсы жетілген, ой-өрістері кең, салауатты азаматтар етіп тәрбиелеуіміз керек, – деген.

Осы мақсатқа жету үшін әрқайсыларын ойнай да, ойлап отырып өз-өздеріңді дара (үздік) тұлға ретінде көрсетулерің керек.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!

«Күш білімде», «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз. Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз!

Сондықтан бүгінгі кездесуімізде білім арқылы жол табатынымызды тағы бір еске салайық деп, «Сөз мерген» зияткерлік сайысы деген білімділер сайысын назарларыңызға ұсынбақпыз.

Көсемі болып ғасырдың

Шешені болып ғасырдың

Шәкірт, мықты білім ал!

Талант пен өнер асырған

Көшбасшы бол ғасырдың!

Бүгінгі сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер:


  1. __________________________

  2. __________________________

  3. __________________________

Құрметті «Сөз мерген» сайысының үміткелері, қазір өздеріңізді қысқаша таныстырып өтсеңіздер (өлең жолдарымен де таныстыруға болады).



Бүгінгі сайыс бес кезеңнен тұрады:

  1. «Бәйге»

  2. «Көкпар»

  3. «Полиглот»

  4. «Егерде мен...»

  5. «Жорға»


  1. «Бәйге» кезеңінде қатысушыларға 5 сұрақ беріледі. Қойылған сұраққа тез және нақты жауап беру қажет. Әр бір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.


Алдағы біз баратын бағыт анық,

Сәйгүлік екеніңді тағы таныт.

Бәйгеде аттың басын тартпас болар,

Ал енді, тізгіндерді ағыталық, - дей отыра, кәне, бақтарыңызды сынап көрейік! (сұрақтар)




1-оқушы:

  1. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? (Астана)

  2. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата. (Ту, Елтаңба, Әнұран)

  3. Елді кім басқарады? (Президент)

  4. 5-ші ай қай мезгіл болады? (Көктем)

  5. Заттың қимылын білдіретін сөз табы. (Етістік)




2-оқушы:

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. (Қазақ тілі)

  2. Мұсылман халықтарының Жаңа жыл мейрамы. (Наурыз)

  3. Адам өміріне ең қажетті заттар. (Ауа, су, тамақ)

  4. Әкеңнің әкесі кім болады? (Ата)

  5. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы кім? (Ы.Алтынсарин)




3-оқушы:

  1. Оған қарасаң өзіңді көресін. (Айна)

  2. Сөз неден құралады? (Дыбыс)

  3. Иіс сезу мүшесі. (Мұрын)

  4. Бір тәулікте неше сағат бар? ( 24 )

  5. Қасиетті тағам. (Нан)







4-оқушы:

  1. Қатаң дауыссыздар нешеу? (12)

  2. Аппақ деген сөзге сұрақ қой. (Қандай?)

  3. Көктем айларын ата. (Наурыз, сәуір, мамыр)

  4. Мына мақалды жалғастыр: Оқу – білім бұлағы, ............. . (білім өмір шырағы)

  5. Сауат ашатын кітап? (Әліппе)



5-оқушы:

  1. Қазақтың ұлттық аспабы. (Домбыра)

  2. Заттың атын білдіретін сөздер? (Зат есім)

  3. Төрт түлік малды ата. ( Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі)

  4. Сөйлем неден құралады? (сөздерден)

  5. 7 күн (Апта)



6-оқушы:

1) Әр адамның шағын Отаны (Отбасы)

2) Басты байлық не? (Денсаулық)

3) Бүгін аптаның қай күні?

4) Заттың санын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қойылады? (Қанша? Неше?)

5) Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын әуен? (Күй)



7-оқушы:

  1. Есту мүшесі. (Құлақ)

  2. Үнді дауыссыз дыбыстарды ата. ( р, л, й, м, н, ң,у )

  3. Ұлы Отан соғысы қай жылдар аралығында болды? (1941 – 1945)

  4. Қазақстанда неше облыс бар? (14 облыс)

  5. Дыбыстар нешеге бөлінеді? (Екіге)




8-оқушы:

1) 1 сағатта неше минут бар? (60 минут)

  1. Көру мүшесі. (Көз)

  2. Қазақстан Республикасының тәулсіздік күні? (1991жыл, 16 желтоқсан)

  3. Сөз тіркесі қалай жасалады? (2 сөздің бірігуінен)

  4. Ата заңымыз қашан қабылданды? (1995жыл, 30тамыз)







Жүргізуші: «Бәйгеден ат келмейді, бап келеді». Келесі 2-ші кезегіміз «Көкпар». Карточкаға сөз жазылады оның ішінен жаңа сөздер табу. Әр бір сөзге 1 ұпайдан қосылады.

Көкпар ғып тартып білімді,

Біріңнен-бірің ала қаш.

Білімің, тәртіп, сырыңды,

Бөлісіп бүгін арлас.

Қазақстандықтарға деген сөз


Жүргізуші: 3-кезең «Полиглот». Көп тілді білетін адамды полиглот дейміз. «Өнер алды – қызыл тіл» демекші осы тапсырма сендердің сөз байлықтарыңды көрсетеді. Берілген мақалдағы жасырын сөздерді тауып, мақалды жалғастыру керек. Сөздерді қазақша, орысша, ағылшын тіліне аударасыңдар.

– 30 ұпай, ал бірі аударылмай қалса – 20 ұпай, екі тілге де аудара алмасаңдар –10 ұпай ғана беріледі.

Ана тілің – бастау бұлақ тірегің,

Шет тілдердің білсең егер біреуін.

Қазақ, орыс, ағылшын да көп емес,

Көп білуді қалар болса жүрегің.

Сәттілік тілейміз.

Карточкаларға мақал – мәтелдер мен жұмбақтар жазылады.


  1. Күш – білімде, білім – ..... . (кітап – книга – book)

  2. Адам болатын ..... алысқа қарайды. (бала – ребенок – child/boy)

  3. ........ – оттан да ыстық. (Отан – Родина - Motherland)

  4. Туған жердей ....... болмас, (жер – земля – Earth)

Туған елдей ел болмас.

  1. Ақыл азбайды, ....... тозбайды. (білім – знание – education)

  2. Бір кісі қазған құдықтан

Мың кісі ...... ішеді. (су-вода - water )

  1. Көз қорқақ, …… батыр. (қол – рука - hand)

  2. Ашу – душпан, ақыл – ..... , (дос – друг - friend)

Ақылыңа ақыл қос.


  1. Әуеде ақ мамық,

Қалбақтап ұшады.

Қанаты талып,

Жерді барып құшады.

(қар)

  1. Кесе, шыны, пиала,

Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейді

Бәрінің атын не дейді. (ыдыс)


  1. Қалың киім ұнатады,

Шешіндірсең жылатады. (пияз)


  1. Үйіңнің ол тұрағы,

Беті - қолын жуады,

Жолбарысқа түсі ұқсас,

Екі көзі қырағы.

( мысық )


  1. Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі.

(сызғыш)


  1. Өзімнен өзгенің бәрін көремін.

(көз)


  1. Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады.

(қоян)


  1. Әншейінде жекесің,

Қарай қалсаң екеусің.

(айна)


4-кезең. Мәнерлеп өлең оқу. Бір өлең жаттау (5 ұпай)

5-кезең. «Егер де мен .... » (Президент, әкім, директор, мұғалім, дәрігер болсам). Шығарма жазады, 10 ұпай жинақтауға болады.


Жүргізуші: Қорытынды сөзді қазылар алқасына береміз. Ең жоғары ұпай алған оқушы «Ең үздік 4-сынып оқушысы» деп аталатын диплом беріледі.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15 желтоқсан
733
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі