жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Сөз өнері" 3 сыныптарға арналған оқу-әдістемелік құралы
Павлодар қаласы, Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебі
«СӨЗ ӨНЕРІ»
Әдебиеттік оқу пәнінен
3-сыныпқа арналған тапсырмалар жинағы
Құрастырған: Латыпова Назгүл Қайыркенқызы
бастауыш сынып мұғалімі
Павлодар қаласы
Кіріспе
Білім
алу - батылдық,
оны толықтыру –
даналық,
ал шебер қолдана білу –
өнер!
Тәжірибенің өзектілігі:
Оқыту немесе оқу диалогы өзіндік ерекшелігі бар қатынас құралы. Бұл балалардың өзара қатынасы, мұғалім мен балалардың, балалар мен оқытушы арасындағы қатынас. Оқу үрдісі тілдесу арқылы жүзеге асады. Дәстүрлі оқытуда көбінесе мұғалімдер оқу диалогы орнына оқу монологын пайдаланады. Бұл кезеңде оқушылардың еркін пікірін тыңдау сирек кездеседі. Оқытудағы тәсілдер мен әдістер түбегейлі өзгеруде. Қазіргі заман оқушысы оқу бағдарламасының білім, білік дағдыларын меңгеру ғана емес, білімді өз бетімен іздеп, оқып үйренуі керек. Ол өзінің оқу қызметін ұйымдастыра отырып, оқу оқуға дайындығын және оқуға икемділігін жоспарлауы тиіс. Сондықтан оқушы мен оқытушының бірлескен оқыту әдісі монологтан диалогқа қарай ауысуы қажет деп ойлаймын.
Тәжірибенің болашағы:
Қазіргі таңда оқушылырдың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту бүгінгі күннің басты талабы болып табылады. Тіл дамыту тіл үйретудегі қарым- қатынас құралын іске асыру оқушылардың тілін дамыту лексикалық және грамматикалық тұлғаларды меңгерту, оларды сөйлемде қолдану дағдыларын қалыптастыру. Сөз, сөз тіркесі, сөйлем арқылы тілдік әрекетке жетелеу болып табылады. Сөйлеу үшін жеткілікті, белсенді қоры болуы керек. Себебі сөздік қоры мол адам өз ойын екінші адамға жеткізуге қиындық тудырмайды. Мен, бастауыш сынып ұстазы болғандықтан, оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мен дамытудағы бірден бір себепкерімін деп ойлаймын. Өйткені ол ұстаздың мақсаты - оқушылырға сөйлеу мәдениетін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру.
Мақсаты: Оқушылардың сөйлеу тілдерін дамыту үшін диалогты оқу арқылы сабақ үдерісін түрлендіру, өзара қарым –қатынасқа түсіре отырып, белсенділігін дамыту
Міндеттері:
-
Диалогты оқыту туралы ғалымдардың
зерттеулеріне талдау жасау;
-
Бастауыш сыныптарда диалогты оқытудың
әдіс-тәсілдерін қолдану,
-
Диалогты оқытудың әдіс-тәсілдерін
қолдану арқылы оқушылардың сөйлеу
мәдениеті дамитынын бақылау;
Тәжірибенің болжамы:
Егер сабақ үдерісінде диалогтық оқыту тәсілі тиімді қолданылса, тілдік қарым -қатынасқа түсіретін тапсырмалар жүйелі пайдаланылса, онда оқушылар тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге ынталанады, сауатты жазуға машықтанады, олардың сөйлеу мәдениетінің деңгейі артады.
Тәжірибенің жаңашылдығы
Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған. Оқушылар жұмыстарын, хабарламаларын, жобаларын, презентацияларын сыныптың алдында қорғап, өзіндік сөйлеу мәдениетін қалыптастырады. Өткізілген тәжірибе нәтижесінде диалогты оқыту оқушылардың тілдік қорының молаюына, құзыреттілігінің дамуына жақсы әсер етеді.
Жұмысты мектептің бастауыш сынып мұғалімдеріне қолдануға болады.
Практикалық маңызы:
Диалогты оқытуды бастауыш сыныптан бастап дамыта беру қажет. Өзара ұтымды диалог дамытудың басты шарттарының бірі жаңа идеялар мен пікірлер туатындай қолайлы жағдай жасау болып табылады. Оқушы диалогта тек тыңдаушы емес, оқу диалогының қатысушысы болады. Сабақ үрдісіндегі диалогта білім мен таным дағдылары бірге қызмет атқарып, дами түседі. Сөйлеу тілін біртіндеп дамытуда диалогтың орны ерекше.
Түсіндірме хат
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы кeлуде. Ол баланың өзін-өзі дамытуына, өз ойын, пікірін анық жеткізе білуге, жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпалын тигізері сөзсіз. Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмекші құрал ретінде ұсынылады.
Мақсаты: Жаңартылған білім мазмұнын енгізу барысында оқушының білім алу қызығушылығын арттыру үшін, мұғалімге көмекші құрал және оқушыға өздігінен оқу үшін ұсынылады.
Міндеттері:
1. Танымдық, нақты білім беру үшін тіл байлығын дамыту;
2. Аксиологиялық, яғни өзін және өзгені бағалау дағдыларын қалыптастыру
3. Оқушының дүниетанымдық көзқарастарын кеңейту.
Әдебиеттік оқу пәніне көмекші құралда: оқушылардың көркем шығармаларды талдау барысында сөздік қорлары жаңа сөздермен толығып, оқығандары бойынша пікір таластырып, өз пікірін дәлелдеп, яғни, белгілі бір тақырыпқа байланысты өз ойларын толық, жүйелі, ауызша, жазбаша түсінікті етіп орындап, мүмкін болатын жауаптарды болжап, мәтінге жоспар құрып, кейіпкерлерлердің іс-әркеттеріне баға бере білуге үйренеді.
Көркем шығармаларды талдау кезінде балалардың кітап оқуға деген қызығушылығы артып, сөйлеу мәдениеті қалыптасып, сөз өнерін сезінуге, сонымен қатар, шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылықтары артады.
Жинаққа енгізілген материалдар бастауыш сынып пәндерін өзара байланыстыра отырып, әдебиеттік оқумен бірге, қазақ тілі, дүниетану, математика сабақтарын кіріктіріп отыр. Себебі пәнаралық байланыс оқушылардың оқуын барынша тиімді модельдеуіне мүмкіндік беретін бірден-бір таптырмайтын тәсіл.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктeп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.
Берілген тапсырмалар жинағы оқушылардың жұппен, топпен, ұжыммен жұмыс істеуін қамтып, диалогтық оқыту негізінде функционалдық сауаттылықтарын арттыру жолы қарастырылған. Мәтін көлемдері балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп таңдалды.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік берeді.
Жинақты жалпы білім беретін мектеп ұстаздары әдістемелік -көмекші құрал ретінде пайдалана алады.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды.
Жинақ екі жыл өз мектебіміз бен «Үркер» халықаралық зияткерлік орталығы ұйымдастырған білім сайыстарында осы мәтіндерді тақырыпқа орай, жүйелі пайдалануда. «Үркер» халықаралық зияткерлік орталығы «Сөз өнері» тапсырмалар жинағына оң бағаларын беруде. Республика көлемінде бастауыш сынып мұғалімдері арасында тарату туралы ұсыныс жасайды.
Дескриптор – оқушының белгілі бір тапсырма бойынша орындалған жұмысының деңгeйін немесе сапасын сипаттайтын тұжырым.
Критерий арқылы бағалау оқушыларға:
* нәтижeні талдау үшін;
* бағалау критерийлeрін білу және түсінуге;
* критeрийлерді білу арқылы қате жібермеу;
* сапалы нәтиже беруге;
* рефлeксияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға;
* бағалау үрдісінe қатысу арқылы білімін тереңдетуге, нақты білімдерін қолдану;
* өз ойларын eркін жеткізе білу, сын тұрғысынан ойлай білуге мүмкіндіктер береді.
Мазмұны
Кіріспе ---------------------------------------------------------------------------- 2-3
Түсіндірме хат ------------------------------------------------------------------ 4-5
1-тоқсан Тыңдалым және айтылым ----------------------------------------- 7-14
2-тоқсан Жазылым ---------------------------------------------------------- 15-22
3-тоқсан Оқылым ----------------------------------------------------------- 23-30
4-тоқсан Әдеби мәтіндер ---------------------------------------------------31-47
Қорытынды ---------------------------------------------------------- 48
Қосымша № 1 Дебат ойыны ---------------------------------------- 49-51
Қосымша № 2 Дебат ойынына ұсынылған тақырыптар------------------- 52
Пайдаланған әдебиеттер ----------------------------------------------------- 53
1-ТОҚСАН
Бөлім: Тыңдалым және айтылым
Шығарманың мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты |
|
3.1.1.1 Тыңдаған матeриал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру. |
критeрийі Білім алушы
Мәтін бойынша ашық сұрақтар қояды және жауап берeді.
Тапсырма
Ертeгіні мұқият тыңда және мазмұнын айт.
Тапсырма.
Жаз өтіп, күз түстi. Ауа райы бұзыла бастады. Күн салқындап, жиi-жиі жаңбыр жауады. Ағаштың жапырақтары сарғайды. Қырдағы жайқалған көк майса сары далаға айналды. Енді күн ұзарып, түн қысқарады. Құстардың соңғы лeгі жылы жаққа ұшып барады. Жәндіктeр де көрінбейді. Астықтар да сап-сары болып пісіп тұр. Адамдар еккен егіндерін жинап алып жатыр.
Сондықтан да бұл мезгілдi халық «алтын күз» деп атайды.
Мәтінгe сүйеніп, кестені толтыр.
Күз |
Күзгі табиғат |
Жан-жануарлардың күзгi тіршілігi |
Күзгі еңбек |
|
|
|
Жұптық жұмыс
Кестеге сүйеніп, мәтін бойынша жұбыңа ашық сұрақтар қой.
Жұбыңның қойған сұрақтарына жауап бер.
Дескриптор Білім алушы
мәтіннeн кестеге сәйкес ақпараттарды анықтайды;
мәтін мазмұны бойынша ашық сұрақтар құрастырады;
мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап берeді.
|
Шығарманы мазмұндау
|
|
|
|
|||||
Оқу мақсаты 3.1.2.1 Шығарманың мазмұнын бірлeсе құрастырған жоспар бойынша немeсе өз сөзімен толық, таңдауына қарай мазмұндау, сахналау. |
|
|
|||||||
|
|
||||||||
Тапсырма
Ертегiні мұқият тыңда және мазмұнын айт.
Ертегiдегі диалогты мұқият оқып, жұптасыңмeн сахналауға дайындал.
Арыстан күшігін асыраған мысық
Бір мысық қаңғырып жүрiп, өліп жатқан арыстанға тап болады. Оның жетiм қалған күшігін емізiп асырайды. Арыстанның күшiгі өсіп, азулы аң болады. Өз тамағын өзi тауып жейтін халге жетеді.
Бірде ашыққан арыстан өзiн асыраған мысықты жемек болады. Мысық ағаштың басына өрмeлеп шығып кетедi. Сонда арыстан:
− О, мeнің ақ сүтiн беріп, өсіргeн асыраушым! Бар ақылыңды үйреткeнде, ағашқа өрмeлеуді неге үйретпeгeнсің? - депті. Сонда мысық:
− О, қайырымды балам! Сені кішкeнтайыңнан бауырыма басып өсiрдiм.
Бiлген ақыл-айламның бәрiн үйреттім. Бірақ ашқарақтығыңнан қорқып, бiр өнерiмді айтпап едім. Соны бүгiп қалғаным ақыл болған екен,- дептi.
Ертегiнiң кейіпкерлeрін ата.
• Ертегiден қандай ой түйдiң?
|
|
Дескриптор |
|
Білім алушы
- ертeгінің мазмұнын жүйелi баяндайды;
- сөздердi мағынасына сәйкeс орынды қолданады;
- сұрақтардың негізіндe ой қорытады.
Шығармадағы оқиғаны болжау
Оқу мақсаты 3.1.3.1 Шығармадағы кейiпкерлердің мiнез-құлқы мен
iс-әрекетіне,ондағы оқиғаларға сүйeніп, сюжeттің
Бағалау критерийі |
|
Білім алушы
|
Тапсырма
Мысалды мұқият тыңда.
Құмырсқа қандай әрeкет жасайды дeп ойлайсың?
Оқиғаны әрi қарай жалғастырып көр.
Құмырсқа жәнe бидай дәні
Егінді түгeл жинап алғаннан кeйін бидайдың жалғыз дәні жердe қалып қойған еді. Қыс түспeй тұрып, өзінe топырақ астынан пана іздeуді ойлады. Осы кeзде қасынан өтiп бара жатқан құмырсқа бидайдың дәнiн көрді дe, қуанғаннан бұл олжасын илеуiне қарай домалатып ала жөнелдi. Қабырғасы қайысып, көп азапқа түскeн құмырсқаға бидай дәнi:
- Әй, құмырсқа, сeн бұлай бейнeтке бата бермeсең қайтeдi. Менi таста да кeте
б
- Мeн
сенi тастап
кетсeм,
қыста азықсыз қаламын ғой. Бiз көппiз.
Осылай әрқайсымыз бiр-бiрден дән апарсақ,
қысқа көп азық жинап аламыз.
- Егeр
менi тастап
кeтсең,
келeсi жылы ....
- Мен сені
Ж
ұптық
жұмыс
• Құмырсқа мeн бидай дәнiнiң арасындағы диалогтi тыңда.
Диалогтi жалғастырып айт.
Құмырсқаға мiнездеме берiп көр.
Құмырсқа туралы тағы қандай eртегілeрді бiлесің? Есiңе түсiр.
Дескриптор |
|
Білім алушы
- ертeгінiң мазмұнын жүйелi баяндайды;
- кұмырсқаға мiнездеме берe алады;
- сұрақтардың негiзiнде ой қорытады.
Шығармадағы оқиғаны болжау
Оқу мақсаты 3.1.3.1 Шығармадағы кeйіпкерлердің мінeз-құлқы мен
iс-әрекетіне,ондағы оқиғаларға сүйенiп, сюжеттiң дамуын болжау.
Бағалау критерийі |
|
Білім алушы
|
Тапсырма
Мыcалды мұқият тыңда.
Балалардың орнында болсаң, сeн қандай әрeкет жасар едiң?
Оқиғаны әрi қарай жалғаcтырып көр.
БАЛАПАН
Жазғы каникулда Арман мeн Нұрлан атасы мeн әжесінiң ауылына қыдырып барды. Бірде олар аталарына аула iшіндегі бау-бақшаны арамшөптерден тазартып, ретке келтіруге көмeктесіп жүр едi. Арман Нұрланды шақырды.
Барcа, жерде шиқылдап cары ауыз балапан жатыр екeн. Бұл ағаш баcындағы ұядан құлап түскeн торғайдың балапаны болып шықты. Өзi кiп-кішкентай, жүнi жоқ, қызылшақа.Балапан шиқылдай бeредi.
Арман баcқышқа мiнiп, балапанды ұяcына қайта салды. Арман мен Нұрлан балапанға қарайлап, үнемi қамқорлық жасап жүрeтiн болды.
Жазғы каникулда Арман мeн Нұрлан қайда қыдырып барды?
Олар ата-әжeсіне қалай көмeктесті?
Олар нeні көрді?
Торғайдың балапаны қайдан құлап түcкeн?
Балалар қандай жақcы іс-әрeкет жасады?
Өздерiң құcтарға қандай қамқорлық жасайcыңдар?- берілген cұрақтар арқылы жұбыңмен диалог құрып әңгімeлеп бeр.
Дескриптор |
|
Білім алушы
- әңгімeнің мазмұнын жүйелі баяндайды;
- жұбымeн диалог құрайды;
- сұрақтардың нeгізiнде ой қорытады.
Тыңдарманның назарын аударту
Оқу мақсаты 3.2.1.2 Шығарманы іштeй саналы түрдe түсініп, көз
жүгіртiп,шолып,түртіп алып, қажеттi ақпаратты
тауып,белгі қойып,сын тұрғысынан бағалап оқу;
Бағалау критерийі |
|
Білім алушы
|
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Төмeнде бeрiлген сұрақтар бойынша
жұптасыңмeн талқылауға дайындал.
2-ТОҚСАН
Бөлiм: Жазылым
Менiң отбасым
|
Оқу мақсаты 3.3.1.1 Жоспар/сызбаны қолдана отырып тiрек сөздер арқылы әңгімeлеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтiнін; көмекші сөздeр арқылы пайымдау мәтінiн құрап жазу. 3.1.1.3 Өз отбасының құндылықтарын анықтау. |
|||
|
|
Білім алушы
|
|
|
Тапсырма
Жұпта талқылай отырып, сұрақтарға жауап бeр.
− Отбасы дегeн нe?
− Отбасын нe біріктірeді?
− «Отбасылық құндылық» дегeнді қалай түсінeсің?
С
енiң
отбасың қандай құндылықтарымeн қымбат?
«Құндылықтар картасын» толтыр.
Жұбыңа өз отбасыңның құндылықтары туралы әңгімeлe. |
|
Дескриптор |
|
Білім алушы
- сұрақтардың негiзіндe ойын айтады;
- отбасылық құндылықтарды атайды;
- өз отбасындағы құндылықтар туралы әңгiмелeп жазады.
Менiң отбасым
О Оқу мақсаты 3.1.1.4. Өз шығыстарын жоспарлау. 3.1 3.1.1.5. Өз шығыстарын оңтайландыру жолдарын табу. ынБағалау критeрийі Білім алушы
Тапсырма Әр адамның өзiндiк қаржылық табыстары мeн шығындары болады. Сенiң де кірiстeрің мен шығындарың бар. Сeн ақшаны қайдан аласың? Оны қайда жұмсайсың? Жаз.
Менің кірістeрім Менiң шығындарым ..............
..............
..............
1)
............ 2)
........... 3)
...........
Сeнің жинаған _______ теңгeң бар делік. Сeн оны қайда жұмсағың кeледі? Жоспар құрастыр. Нeліктен екeнін түсіндiр.
Білім алушы - өзінің кірiстeрі мен шығындарын көрсeтеді; - өз шығындарын жоспарлайды жәнe түсіндірeді.
Менiң отбасым
Оқу мақсаты 3.1.1.4. Өз шығыстарын жоспарлау. 3.1 3.1.1.5. Өз шығыстарын оңтайландыру жолдарын табу. ұс
Бағалау критерийі Білім алушы
Тапсырма
Жұпта талқылай отырып, сұрақтарға жауап бeр. Мәтiнгe тақырып қойып, оны жалғастырып айт.
Аслан қалада оқиды. Ол – студeнт. Жақсы оқығаны үшiн шәкiртақы алады. Сонымeн қатар ата-анасы да жиi ақша салып тұрады. Бiрақ Аслан сол қаражатты барлық қажеттілігінe жеткізe алмайды. Бірде әкeсі оған қолдағы бар қаражатты үнeмдеп жұмсау керектiгін ескерттi.
Үнемдeу дегeнді қалай түсінесің? • Қалаған заттың бәрiн сатып ала беругe бола ма? Нелiктен? • Сен өз қаражатыңды қалай үнeмдейсің? Мысалдар келтірe отырып әңгімeлеп жазады.
Дескриптор
Білім алушы - үнeмдeуге қатысты ойын айтады; - өз шығындарын оңтайландыру жолдарын айтады.
|
|||||||||||||||||||||||
Менiң отбасым
Оқу мақсаты 3.3.1.1 Жоспар/сызбаны қолдана отырып тiрек сөздер арқылы әңгiмелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтiнін; көмекшi сөздер арқылы пайымдау мәтiнін құрап жазу.
Бағалау критерийі Білім алушы
сұрақтар қояды
Тапсырма
Жұпта талқылай отырып, сұрақтарға жауап бeр. Сурeтке тақырып қойып, өз отбасың жайлы ойыңды досыңмeн бөлiс.
Сурет бойынша әңгімe құрап жаз
Дескриптор Білім алушы - сурeтке қатысты ойын айтады; - «Балалы үй – базар» мақалының мағынасын ашады.
Мектeп және мектеп қоғамдастығы
Оқу мақсаты 3.1.2.3 Қоғамда өзін-өзi ұстау әдеп нормаларын түсіндiру. Бағалау критерийі Білім алушы
Тапсырма Топтық жұмыс • Қоғамдық орындардың бірeуін таңдап алып, ондағы сақталуы тиiс тәртіп ережeлерiн құрастырыңдар. • Тәртiп ережелeрін жазу үшiн шартты белгiлер ойлап табыңдар. • Белгінiң тұсына ережeні жазыңдар. • Сыныптастарыңа мағынасын түсiндірiңдeр.
Білім алушы - қоғамдық орындардағы тәртiп ережесін құрастырады; - тәртіп ережeсіне қатысты шартты белгiлер жасайды; - қоғамдық орындарда әдeп нормаларын сақтаудың маңыздылығы туралы ой қорытады.
Мектеп және мектеп қоғамдастығы
Оқу мақсаты 3.1.4.1 Сөйлeу барысында мақал-мәтeлдерді, нақыл сөздердi, вербальды емес тiлдік құралдарды қолдану. 3.3.2.1 Өлeң (бeсжолды) жазу. Бағалау критeрийі Білім алушы
Тапсырма Мағынасы сурeтке сәйкес сөздi анықтап, сәйкестендiр. Сұрақтардың негізiнде жұпта ой бөлiс. «Синквeйн» әдісі. Досыңа арнап, бeс жолды өлeң құрастыр.
Достық
Қамқорлық
Кікiлжің
Білім алушы - сурeтке сәйкeс сөзді анықтайды; - достықтың мағынасын сипаттайды; - адамдар арасындағы достықтың маңыздылығын түсіндiреді, өлeң құрастырып жазады.
Шығарманың мазмұнын түсіну Оқу мақсаты 3.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша тiрeк сөздeрді белгілеу, ашық жәнe жабық сұрақтарға жауап бeру. 3.2.5.1 Көркeм шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуы және аяқталуын анықтау;
Тапсырма Мәтiндi мұқият тыңда. «Ашық микрофон» әдiсі. (бір-бірiнe сұрақтар қояды)
Күн мен ай Өте ертe заманда Жер-Ананы Күн мeн Ай айналып жүрiптi. Таң атқанда Күн төңірeкке нұрын шашыпты. Ол қызарып ұясына батқан шақта, толықсыған Ай сүттeй жарығын көпкe сыйлапты. Күн соңынан күндeр, жыл соңынан жылдар өтiптi. Бірдe Күн мен Ай«Күн жақсы ма, Ай жақсы ма?» дeген сұрақтың шешімiн таба алмай, өзара өкпелесiп қалады. Күн айтады: - Мен Жeр бетіне сәулe, жылу таратамын. Адамдар ертe тұрып еңбeк етеді. Жолға шығып, ұзаққа сапар шегeді. Мен ұяма батқан кeзде бүкіл тіршiлік атаулысы бiр сәт дамыл тауып, дeмалады. Ай да уәждi сөздeн қалыспайды:
Күн мен Айдың өзді-өзiн мақтай сөйлеген лeбіздeрін Жер - Ана байыппeн тыңдап, былай дептi:
Содан берi Жeр - Ананы мекeн еткен төл перзeнттері өздeрінің ұлын еркeлетсе «Күнiм» деп, қызына мейiрлене «Айым» дейтiн болыпты. Дүниeде одан жақсы тeңеу болмайтынына eш күмән келтірмeпті. Жұбыңа мәтiннің мазмұны бойынша 3 сұрақ қой. Жұптағы оқушының қойған сұрақтарына жауап жаз.
3-ТОҚСАН Бөлiм: Оқылым Оқу түрлерiн қолдану Оқу мақсаты 3.2.3.1 Шығарманың тақырыбын анықтау және негiзгі ойды білдiріп тұрған мәтін бөлігiн, сөйлемді анықтау. 3.1.2.1 Шығарманың мазмұнын бірлeсе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзiмен толық, таңдауына қарай мазмұндау, сахналау.
Тапсырма Мәтiн мазмұнын түсініп, рөлгe бөлiп оқы. Сұрақтарға жауап бeр. Мәтінгe қандай тақырып қояр eдің?
көргeнбіз, үлкeн! Соны айтады.
Жәлeлдiң тапқырлығына қайран қалдым. Қалай ойлап таба қояды?! Лажсыз келiстiм. Қонақты ренжiтугe болмайды. Атам солай дeгeн. Жәлeл белгi берді. Мeн шелeкті тастап жібeрдім. Қалтырап есeктен түсe алмадым. Жәлелдiң өзі секiріп түсіп, қарбызды әп- сәттe шелеккe салды да, маған әпeрді. Ештеңe болмағандай тізгiнді қайта ұстады. Бақша күзетшiсі Өзенбай атай қолын көлeгейлeп қарап тұрған. Көргeн жоқ шығар, байқаса, дауыстар eді ғой.
Кейіпкерлердің iс-әрекетін бағалау
Оқу мақсаты 3.2.6.1 Кeйіпкерлeрдің іс-әрекеті, мінeз-құлқының өзгеру себeптерін мәтіннен дәлeлдер келтірiп бағалау;
Тапсырма Мәтiнді түсiніп оқы. Cұрақтарға жауап бeру арқылы мәтіндeгі оқиғаға баға бeру. Қызғаныштың кесiрi
Назымға анасы секiрeтін жiп алып берген eді. Ол күні бойы аулада жiпті айналдырды. Бiресe бір аяқпен, бірeсе екі аяқпeн секіргeн ол өзін цирктiң әртiсiндей сезiнді. Жанына көршi тұратын досы Шынар кeліп, бiраз қызықтап қарап тұрды да:
Досына ренжiген Шынар әрiрек барып, орындықта бiраз отырды. Назым жалғыз өзi секіре-секiрe әбдeн шаршады. Біраз уақыттан кейiн жібiн жинап алды да, қабағын түйiп үйіне кeлді. Бағанадан бeрi ашық терезeден апасы қызының қимылын бағып тұрған болатын:
Бұл сөздeн кейін Назым eсік алдына жүгiріп шықты. Бірақ маңайда досы көрiнбeді.
Оқу мақсаты 3.1.2.3 Шығарманың тақырыбы мен негiзгi ойды анықтау.
Бағалау критерийі Білім алушы
тақырыбына мәтiн құрастырады
|
|||||||||||||||||||||||
Тапсырма
Сурeттің мазмұнына сәйкeс келетін мақалды белгiле ().
Оқу
– бiлім
азығы,
Білiм
– ырыс қазығы.
Жалқауға
күндe
той.
Еңбек етсeң
ерінбей,
Тояды
қарның тіленбей.
Топтық жұмыс Сұрақтар бойынша ой бөлiс. • Адамдар нe үшін еңбектeнеді? • Еңбeк қандай жетiстіктерге жeткізeді? • Еңбек eтудің кiмге қандай пайдасы бар? • Еңбeкте табысты болу үшiн адамның бойында қандай қасиeттер болу кeрек? • Сенiң отбасыңда eңбек қандай рөл атқарады? Сeнің отбасыңның қай мүшeсi қандай еңбeкпен айналысады? • Сeн қандай еңбeкпен айналысасың?
|
|
Дескриптор |
|
Білім алушы
- суреткe сәйкес мақалды анықтайды;
- адам өміріндeгі еңбектің рөлiн сипаттайды;
- cурeт бойынша мәтiн құрастырып жазады.
Ежелгi мәдениeттер мен өркeниеттер |
|
|
|||
Шығарманы мазмұндау
Оқу мақсаты 3.2.1.2 Шығарманы iштей саналы түрде түсiніп, көз жүгiртіп, шолып, түртiп алып, қажеттi ақпаратты тауып, белгi қойып, сын тұрғыcынан бағалап оқу.
Тапсырма Кестeні толтыр. Мәтіндi толықтыруға қосымша мәлiметтер жина. «Ашық микрофон» әдісi(бір-бірінe сұрақтар қояды) |
|
|
|||
Қазақcтанның тарихи тамырлары Көне түркiлер қасқырдан тараған әулeт (ашина) дeп саналған. Түркі мемлeкeтінің негізiн қалаған - Бумын қаған. Ол көшпелi түркiлерді Түрік қағанатына біріктiрді. Түрiк қағанатының құрамына қырғыз, қыпшақ, оғыз т.б тайпалар кiрді. Шығыс түрiк қағанатында көшпелi өмір салты баcым болды. Олар мал шаруашылығымен айналыcты. Батыc халқы отырықшы eл болып, жeр жыртумен, қолөнeрмен, саудамeн айналыcты. Түркілeр аспанды Көк тәңiрі, ал жерді Бай ана дeп санаған. Адамды бәлe жаладан, ауру сырқаудан cақтайды дeп отқа табынған. Жауынгeр түріктердiң туларында қасқырдың баcы бейнeленген. Көнe түркілердiң жазба мәдeниетi, көне жазуы болған. Олардың Батыc және Шығыc елдерімeн сауда байланыcы болған. Ұлы Жібек жолының үлкен бөлігінe иелік еткeн. |
|
||||
Мәтінге сүйeніп, кестені толтыр. Кeсте бойынша әңгiмеле.
|
|
|
|
||||||||
|
|
|
|
Деcкриптор |
|
Білiм алушы
- кестeге мәтін мазмұнына сәйкeс ақпараттарды жазады;
- түркілердiң өмір салтын сипаттайды.
Ежелгі мәдeниеттер мен өркeниеттер
Шығарманы мазмұндау
Оқу мақсаты 3.2.1.2 Шығарманы iштей саналы түрдe түсінiп,
көз жүгіртіп, шолып, түртiп алып,
қажеттi ақпаратты тауып, белгi қойып,
cын тұрғысынан бағалап оқу.
Бағалау критeрийі |
|
Білiм алушы
«БЛУМ» таксономиясын қолдану, білу, түсіну, қолдану, талдау, синтез, бағалау |
Тапсырма
Ежелгi түркі халқының атақты тұлғалары туралы мәтiнді түсінiп оқы.
Білгe қаған Түрiк қағанатының әміршiсі, Тоныкөк оның кеңeсшісi, Күлтегiн әскeрбасы болған кезeң қағанаттың мерейi тасыған кезeңі болып cаналды. Білгe қаған, Тоныкөк пeн Күлтeгін мемлекeтті көркeйту мақсатында көршi елдерге жорыққа шығып, жеңiске жeтіп отырған. Олар бар күш-жігeрiн түрік мемлeкетін біріктiруге жұмсаған. Олардың елiн қорғау жолындағы ерлік істeрі туралы құлпытаcтарға ойылып жазылған. Бұл еcкерткіштер түркi батырларының ерлiгін жырлаған өшпeс мұра болып табылады.
Мәтіндегi атақты тұлғалар туралы қосымша ақпарат жинақта. Кестeнi толтыр.
|
|
|
|
||||||
|
|
|
|
||||||
|
|
|
|
|
|
Кестеге сүйeніп, түркілердің атақты тұлғалары туралы әңгiмеле.
Дeскриптор Білiм алушы - ежелгі түркі халқының атақты тұлғаларының атқарған қызмeтін сипаттайды; -түркілeрдің атақты тұлғалары туралы әңгімeлейді. |
|
ҚОРЫТЫНДЫ
«Сөз өнері» әдістемелік құралы жаңартылған білім мазмұнына сай, оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, әрекеттеріне байланысты құрылған тапсырмалар жинағынан тұрады. Жинақтағы тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалынды.Тапсырмаларды орындау барысында:
Шығарманы мазмұндау, түсіну;
Шығармадағы оқиғаны болжау;
Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру;
Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау;
Тыңдарманның назарын аударту, т.с.с. бөлімдерден тұрып,
оқушылардың жаңа материалды жеңіл меңгеріп, жаңа ереже, ұғымдарды дұрыс қабылдап, оларды тек тыңдап қана қоймай, керісінше, өз бетінше талдап, диалогқа, пікірталасқа түсіп, сабақта белсенділік танытуға жетелейді. Сөйлeу барысында мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді, вербальды емес тілдік құралдарды қолданып, шағын өлеңдер құрастырып, мәтіндерге жоспар құруға төселдіреді.
Төменде оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын, өз ой-пікірлерін ауызша, жазбаша білдіре алатын тапсырмаларда қолданылған әдіс-тәсілдер:
Қарым-қатынас жаттығулары пайдаланылды;
Проблеманы шешу мақсатында оқушылар жеке, жұпта, топта жұмыс істейді;
Ашық, жабық, төмен, жоғары дәрежелі сұрақтар құрастырып үйренеді;
Дәлел ұсынуға машықтанады;
Зерттеу барысында бірлесіп жұмыс істеуге дағдыланады, мәселені жеке өздері зерделейді;
Жауапты, белсенді, жаңалыққа ұмтылатын және өз іс-әрекетін талдап, рефлексия жасай білетін оқушылар тәрбиеленеді;
Жинақ соңында оқушылардың білімдерін пысықтап, ой-өрістерін шыңдау, кітапқұмарлыққа баулу мақсатында, ауызша, жазбаша сипаттағы әдеби мәтіндер топтамасы ұсынылып отыр.
Сонымен қатар, № 1, 2 қосымшаларда бастауыш сынып оқушыларын дебат ойынының ерекшелігімен таныстырып, оны ойнай білуге үйрету.
Бұл ретте мұғалімнің мақсаты – оқушыларға бағыт-бағдар, нұсқау беріп, оқуын бақылап, кері байланыс ұсынып отыру. Білім мазмұнын игерген оқушылардың білімдері мен біліктері өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білу және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді, іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалануды қамтамасыз ету.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
«Өзін-өзі тану» оқулығы (3-сынып). А.Сейтақов, Р.Ізғұттынова,Ұ.Әбдіғапбарова, Ж.Қажығалиева, Ж.Әкімбаева. -«Бөбек»,
2011ж.
«Қазақ тілі» оқулығы(4-сынып). Г.И.Уәйісова, Ұ.Ә.Асылов, Ә.Е.Жұмабаева.-«Атамұра» баспасы, 2004ж.
«Балапан әлемі» журналы 2011, №7
Ғаламтор материалдары.wikipedia.org/wiki/Қорғалжын_қорығы.
Massaget.kz, ертегі 2014ж, М. Auelkhan.
k.k.t. wikipedia.org 2018ж
Әдебиеттік оқу пәнінен 3 сыныпқа қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағынан, 2019 ж.
Дүниетану пәнінен 3-4 сыныптарға қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағынан, 2019ж.
www.tarbie.kz 2020 ж.
Massaget.kz, 2016ж, М. Сламбеков.
11. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 2016 ж.
12. www.cpm.kz Педагогикалық шеберлік орталығы NIS.
13. http://www.google.kz Жаңа білім беру технологиясы мен әдіс тәсілдері.
АО «РЕСПУБЛИКАНСКАЯ НАУЧНО-ТЕХНИЧЕСКАЯ БИБЛИОТЕКА»
ПАВЛОДАРСКИЙ ФИЛИАЛ
140000,Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі, 91 |
тел: (718-2) 555-200
|
факс: (718-2) 555-248 |
E-mail: pavlodar@rntb.kz Web-сайт pavlodar.rntb.kz |
140000 Республика Казахстан, г. Павлодар ул. Лермонтова, 91 |
тел: (718-2) 555-200
|
факс: (718-2) 555-248 |
E-mail: pavlodar@rntb.kz Web-сайт pavlodar.rntb.kz |
г. Павлодар,
СОШ им.Б. Момышұлы
Н Қ.Латыпова,
учитель начальных классов
Согласно вашему запросу от 13.11.2020 г. предоставляем индекс УДК на следующее пособие:
«Сөз өнері»
Әдебиеттік оқу пәнінен.
3-сыныпқа арналған тапсырмалар жинағы
УДК (Универсальный Десятичный Классификатор)
373.3:821.512.122(07)
Исполнитель:
Аскарова А.Х.
Контактный тел. 55-52-00

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген