400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Сөз өнерінің құдіреті" тақырыбында эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
"Сөз өнерінің құдіреті" тақырыбында эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сөз өнерінің құдіреті

Бұл дүниеде сөзден асқан құдірет жоқ. Ал, сөз құдіреті деген не? Меніңше, ол - ақылға қозғау бола алатын, ойың мен сезіміңді жеткізетін киелі өнер, өмірдегі болып жатқан оқиғаларды қағазға нақты түсіріп, жан-жағындағы адамдармен тіл табысып, пікір алмастыратын көрікті де әсерлі ұғым, жүрегіңе әсер қалдыратын мағыналы, түйінді сөз. Міне, сөздің құдіреті дегеніміз осы. От тілді бабаларымыз өнердің осы түріне ерекше мән беріп, тізгінін келешек ұрпаққа ұстатты. Себебі, сөз – ол бір әлем, біздің болашағымыз. Сөздің қасиеттілігі сонша, сонау заманнан бергі халқымыздың асыл қазынасын: тарихын, өнерін, жырларын, әдебиетін ауыздан-ауызға таратып, қазіргі уақытқа дейін бізге мұра ретінде жеткізіп отырған. Осыдан-ақ сөз өнерінің ғажайып тылсым күшке ие екенін көруге болады.

Қазақ халқы ежелден-ақ сөздің қастерлі, қасиетті екенін танып білген. Бір ауыз сөзбен үлкен дауларды тоқтатып, шешімін де шығарған, сөзге берік болған. «Сөз сүйектен өтеді - таяқ еттен өтеді» демекші, бір ауыз сөзбен кеселді жазып, бір ғана сөзбен жаныңа жара салуға болады. Сөздің алмайтын қамалы жоқ екеніне осы тұстан да байқай аламыз.

Ендеше, біздің осындай асыл қазынамыз сөзді сақтау, оны қадірлеу, орнымен сөйлеу, қадірін білу қазіргі және кейінгі ұрпақтардың мәңгілік міндеті мен парызы деп білемін.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
07.12.2023
2321
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі