|
Оқу бағдарламасына
сәйкес оқу мақсаты
|
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық,
грамматикалық жəне стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен
тауып, түзету.
3.2.5.1 берілген тақырып/сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден
(мəтін/сөздік/сызба/кесте/карта) алынған ақпараттарда кездесетін
жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу,
мағлұматтардың маңызды тұстарын
анықтау.
3.1.2.1 мəтіннің
тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша
мəтіннің
мазмұнын болжау.
|
|
Сабақтың басы
(2-5
минут)
|
САБАҚ
БАРЫСЫ: І.Ұйымдастыру
кезеңі:
- Әрбір адам? -
Туысым, досым, жұрағат.
- Әрбір сабақ? -
Үйрену, ұғу, ұлағат.
- Әрбір ісім? -
Тірлік,тірек, адамдық.
- Әрбір сөзім? -
Шындық, бірлік, адалдық.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеріп,
пысықтау.
Жұппен жұмыс. Қатар отырған
екі білім алушы бір-біріне сұрақ қойып, жауап
береді.
|
|
|
Сабақтың ортасы
(6-40
минут)
|
ІІІ.Жаңа
сабақ: Сөз
құрамы.
Түбір дегеніміз –
сөздің бөлшектеуге келмейтін ең түпкі мағыналы бөлігі. Ал,
қосымша дегеніміз түбірге жалғанатын бөлшектер. Мысалы: жолдастық,
сауыншылар, мектептердің, көрінген деген сөздердің түбірлері – жол,
сау, мектеп, көр. Себебі бұлар қосымшасыз тұрып та белгілі бір
мағынаны білдіреді. Осы түбірлерге жалғанған
–дас, - тық, - ын, -
шы, - тер, дің – бөлшектері қосымша деп
аталады. Қосымша жеке тұрғанда ешбір мағына білдіре алмайды.
Қосымша екіге бөлінеді: жұрнақ,
жалғау.
«Ой шақыру»
стратегиясы. Білім алушылар өз ойларын ортаға
салады.
1.Жұрнақ деп нені
айтады? 2.Жалғау деген не? 3.Қосымша деген
не?
1-жаттығу. Берілген сөздердің түбірі мен
қосымшасын ажырат.
Құр-ақ, құр-ақ-тар,
күй-ші, күй-ші-нің, оқу-шы, оқу-шы-ның, теңіз-ші-ні, теңіз-ші-лер,
теңіз-ден, кітап-тар, қобыз-шы-лар, ауыл-дар-ға, үй-ге, өнер-лі,
орау-шы-лар.
2-жаттығу. Сөздерге жұрнақты жалғап
жаз.
-
Мүсін-ші, қой-шы,
ел-ші, мал-шы, би-ші.
-
Саз-гер, қала-шық,
іс-кер, көл-шік.
-
Мұнай-лы, көктем-гі,
қыс-қы, күз-гі, жаз-ғы.
-
Ән-ші, жылқы-шы,
күй-ші, мал-шы, би-ші.
-
Жұмыс-кер, ойын-шық,
іс-кер, үй-шік.
3-жаттығу. Сөйлем
құрастыр.
дәрі-гер, оқу-шы,
жұмыс-шы, кітап-тар,
өнер-лі.
4-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті
жалғауды қойып жаз.
Еңбектің наны тәтті,
жалқаудың жаны тәтті.
Ердің атын еңбек шығарады. Жері
байдың елі бай. Шеге
тағаны
сақтайды, таға
тұлпарды
сақтайды.
|
|