15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сөз құрамы
|
Пәні: |
Қазақ тілі |
|||
|
Сыныбы: |
3-сынып |
|||
|
Уақыты: |
|
|||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Сөз құрамы |
|||
|
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері: а) ақпараттық құзіреттілік: |
Сөз құрамы туралы ақпараттарды қайталай отырып, толық теориялық білімге бағытталған түсініктерді меңгерту. |
|||
|
ә) коммуникативтік құзіреттілік: |
Сөз құрамын ауызша, жазбаша тілде орынды қолдануын, сөз мәдениетін қалыптастыру; |
|||
|
б) проблеманы шешу құзіреттілігі: |
Танымдық түсініктерін одан әрі тереңдету, оқушының ой ұшқырлығына, есте сақтауға, өзара сыйластыққа, адамгершілікке, ынтымақтастыққа, жинақылыққа, шапшаңдық пен ізденімпаздық қабілеттеріне дағдыландыру. |
|||
|
Сабақтың типі: |
Жаңа материалды меңгерту |
|||
|
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: |
Білім беруді ізгілендіру, проблемалық, ойын. |
|||
|
Сабақтың әдісі: |
Түсіндірмелі-иллюстративті, машықтық. |
|||
|
Пәнаралық байланыс: |
Әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері. |
|||
|
Оқыту құралдары: |
Оқулық, дидактикалық тапсырмалар. |
|||
|
Сабақтың барысы |
Мұғалімнің қызметі |
Оқушының қызметі |
Күтілетін нәтиже |
|
|
І. Ұйымдастыру бөлімі |
Амандасу, түгендеу; оқу құралдарының дайындығын, кезекшінің жұмысын тексеру, сабақтың мақсат - міндеттерін таныстыру; бүгінгі сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту, назарын сабаққа аудару.
|
Амандасады, оқу құралдарын дайындайды, кезекшілік міндеттерін атқарады; сабақтың мақсат - міндеттерімен танысады. |
Сынып сабаққа психологиялық тұрғыдан дайын, кезекшілік атқарылды, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қарым - қатынасы орнайды. Оқушылардың зейіні сабаққа ауады. |
|
|
II. Жаңа мате-риалды меңгерту. |
- Дәптерімізді ашып, бүгінгі күннің жадын жазайық. Әдемі, таза етіп жазамыз. Оқулықпен жұмыс 1 – жатттығу. Мақалдарды оқы. Қарамен жазылған сөздердің түбір мен қосымшасын тап. Ел аралаған – сыншы болар, Орман аралаған – үйші болар. Жалқаулық – жаман ауру. 2 – жатттығу. Мәтінді оқы. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тап. Райхан әкесімен емханаға барды. Тіс дәрігеріне көрінбекші. Кезекші медбике:
Тіс дәрігері келген соң, Райхан тісін көрсетті.
«Балдырған» журналынан Әңгіменің мазмұнын айт. «Ақ халатты абзал жан» дегенді қалай түсінесің? 3-жаттығу. Сөздерге тиісті қосымшаларды қосып, сөйлем құрастырып жаз.
4-жаттығу. Сөзжұмбақты шеш. Сол сөздердің түбірі мен қосымшасын тауып, белгелерін қой.
|
Оқушылар дәптерге күннің жадын жазып, дәптерге көркем жазу түсіреді. 1 – жатттығу. Ел аралаған – сын+шы болар, Орман аралаған – үй+ші болар. Жалқау+лық – жаман ауру. 2 – жатттығу. Ем+хана+ға, кезек+ші, дәрі+гер, орын+дық+қа, тақтай+ша+дағы, дәрі+гер+і, халат+ты. 3-жаттығу. 1. Спорттық ойындар батылдыққа, жылдамдыққа тәрбиелейді. 2. Айман домбыра үйірмесіне қатысты. 3. Мерейдің ағасы заңгер болып істейді. 4-жаттығу.
|
Жаңа тақырып бойынша мәлімет жинақтайды, бі-лімдерін кеңейтеді, әдемі, таза, сауатты жазуға дағдыланады. Сабақ барысында танымдық, ой мен ұшқырды дамытатын жаттығулармен, тапсырмалармен жұмыстанады. Жаттығуды түсініп, мұқият орындайды, нәтижесінде білімдерін толықтырады.
|
|
|
III. Жаңа материалды бекіту. |
1– тапсырма. «Қыз қуу» ойыны. Шарты: Тақтаға бір ұл мен бір қыз оқушы шығады. Тапсырманы бірінші орындаған оқушы жеңіске жетеді. Ұл жеңілсе, қызға қамшымен арқасынан ұрғызады. Қыз жеңілсе, өз өнерін көрсетеді. Тапсырма: Сөздерді сөз құрамына талдау: сызғыш, үйректер, оқыды. 2– тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойып жазу. Еңбек…… нан…. тәтті, жалқау….. жан….. тәтті. Ер…. ат….. еңбек шығарады. Жер…. бай…. – ел….. бай. Шеге таға…. сақтайды, таға тұлпар….. сақтайды. |
1– тапсырма. Ойын «Адасқан айлар»
|
Оқушылардың ауызша тілде сөздерді орынды қолдануын үйренеді, шапшаңдықты дамытады. Бұл тапсырма оқушыларға жағымды көңіл - күй сыйлайды. Тапсырманы орындауда оқушы жаңа материалдарды саналарында бекітеді. Оқушыларда мұқияттылық, шапшаңдық қасиеттері дамиды. |
|
|
IV. Үйге тапсырма. |
5 – жатттығу. Берілген сөздерге жұрнақ қосып жазсаң, жаңа сөз жасалады. Ол қандай сөздер? Күре, бала, би, заң, ойын, ақыл, кітап. Үлгі: күрек, ... Сөздердің мағынасы өзгерді ме? |
Күнделікке үй тапсырмасын жазып алады. 5 – жатттығу. Балалы, биші, заңгер, ойыншы, ақылды, кітапхана. |
Үй тапсырмасының мазмұнын түсініп алып, күнделіктеріне жазады.
|
|
|
V. Бағалау. Қорытынды. |
Сабақ барысында белсене қатынасқан оқушыларды бағалау. - Сабақ аяқталды! Сау болыңыздар! |
Күнделіктеріне баға қойғызады. - Сау болыңыз! |
Сабақ қорытындыланады. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген