Материалдар / Сөз құрамы. Түбір мен қосымша 2 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сөз құрамы. Түбір мен қосымша 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөз құрамын қорытындылайды. Түбір мен қосымшаның бір- бірінен айырмашылығын аңғарады. Қазақ тіліндегі қосымшалардың түбір сөзге жалғану заңдылықтары туралы ұғымдарын дамытады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қараша 2018
10044
14 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3Мектеп: «Абай атындағы №33 орта мектебі» КММ
Күні:Мұғалімнің аты-жөні : Копбаева Жулдыз Рысбековна
Сынып: 2 «г»Сабақ: 76Қатысқандар:Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:Сөз құрамы. Түбір мен қосымша. Қорытынды сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)2.4.2.1 Мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажырату

Сабақ мақсаттарыСөз құрамын қорытындылау. Түбір мен қосымшаның бір-бірінен айырмашылығын аңғарту. Қазақ тіліндегі қосымшалардың түбір сөзге жалғану заңдылықтары туралы ұғымдарын дамыту.
Жетістік критерилеріТүбір сөз бен қосымшалы сөздерді ажырата алады. Түбір сөздерге тиісті қосымшалар жалғай алады. жаттығу жұмысы барысында дұрыс талдаулар жасай білуге үйренеді
Сөздік қор

Отбасы, отбасы мүшелері,ана,әке, бала, аға,іні,қарындас әпке,сіңлі.
Құндылықтарды дарытуСыйластық, еңбек пен шығармашылық, жауапкершілік, бірлестік.
Пәнаралық байланыстардүниетану, дене шынықтыру, көркем еңбек.
Алдыңғы меңгерілген білім

3-бөлім оқушылардың 1, 2-бөлімдерде алған біліміне негізделе құрылған. Оқушылар қарапайым сөйлемдер мен әдеби және әдеби емес мәтіндерді жаза алатындай болулары тиіс.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланғанкезеңдеріСабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар
Сабақтыңбасы -5мин

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал.Армысың асыл күн!Армысың асыл жан!Армысың көк аспан!Армысың жан досым!Топ ережесі мен топ атын айту. (шаңғышылар, конькишілер, хоккейшілер, биатлоншылар) Топ ережесімен таныстыру.-Сабағымыз немен байланысты? Спорт керек пе?.Сол бойынша жетістік баспалдағына жету керекпіз. Ол үшін 6 тапсырма орындаймыз. Орындаған тапсырмалар бойынша парақшалар таратып отырамын, кім көп парақша жинайды, сол топ жеңіске жетеді. Шарықтап ұшып, спорттың және білімнің биіку шыңын бағындыру керек. -Не үшін спортпен айналысамыз? -Спорт керек пе?

Өткен сабақты қайталау.1) Түбірге не жалғанады?2) Түбір дегеніміз не?3)Антоним сөздер дегеніміз не?4) Синоним, омоним сөздер дегеніміз не?










Дидактикалық материалдар



























Сабақортасы-7 мин















3мин





15мин











3мин

1-тапсырмаТақтамен жұмысПішіндер арқылы сөз шығарып, шыққан сөзді талдап, сөйлем құрау.(тазалық, денсаулық, дәрумен, демалу.)Т- , а- , з- , л- , ы- , қ- ,д- , е- , н- , с- , у- ә- р- м- 2-тапсырмаДәптермен жұмыс. Оқулықтағы 57-жаттығу (Сөйлемдерді қатесіз көшіріп жаз. Түбір сөзді тап. Бала, көп)3-тапсырмаТүбір мен қосымшаны ажырат.Түбiр сөздi тауып жазады, тақтаға шығып талдайды.
  • Қыста, ағаштар, шанамен, қардан, терезеге.
  • Сырғанақта, қаламмен, балалар, доппен, спортшы.
  • Жарыста, палуандар, терезеге, кітаптан, үймен.
  • Жерден, достар, футболда, ойыншы, мұзда.


  • Сергіту сәтіДене шынықтыру жаттығулары.4-тапсырмаБерілген әріптер қатарында жасырынған сөздерді тауып оқы.ШАБАСКЕТБОЛҚФ (баскетбол)ТРЕБАССЕЙНЗФК (бассейн)БОКСШЫПАНСКТЕ (боксшы)ҢІЮШАКЖҮЗГІШГ (жүзгіш)Тапқан сөздер туралы не білесің?

    5-тапсырмаМақал-сөздің мәйегі. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып, мақалдарды жалғастыр.

    Білек... бірді жығар,Білім... мыңды жығар.

    Әке....... қарап ұл өсер,Ана....... қарап қыз өсер.

    Еңбек....... наны тәтті,Жалқау....... жаны тәтті.

    Өнер…… жігіт өрде озар,Өнер…… жігіт жер соғар.

    6-тапсырмаСөздерге қосымша жалғаЖаз, оқу, бас, бала

    Жұмбақтардың шешімін тап..Бала біткен соғады,Жеңіл шарды домалақ.Ұрсаң ұшып жоғары, Жерге түсер домалап. ДопМінсем,Төменге зу етем,Шықпас менсіз төбеге. ШанаТабанға қанжар байладым,Бетінде айна ойнадым. КонькиКішкене ғана доп,Көзінде дамыл жоқ.Тақтайларға үнемі.Ұрғылайды маңдайын. Теннис

    АқпаратXXIII қысқы Олимпиада Корея елінде 2018 жылдың 9-27 ақпан аралығында өтеді. 9 спорт түрінен өтеді. 80 астам елдің 5000 астам спортшы мен ресми спортшы қатысады. Министрлік 2018 жылғы Олимпиадаға қатысуға үміткерлер тізімін жасады.Сабақты қорыту: Доп спортпен байланысты ма? Доптың неше түрі бар. Біз не білдік? Доп қағып алып жауап беру.Ереже: Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір (түбір сөз) дейміз: көк, күріш, қобыз. Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз: көкшіл, күріштің, өріктің, қобызшыОқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.-Әр топ ұпайдарыңды санаңдар.-Қай топ көп парақша жинаса сол топ жеңіске жетіп, спорт жарысына билет алады.-Стикер таратып беремін сендер тек аттарыңды жазыңдар. Бағалау терезесі деген қағазға жапсырады.-Белсене қатысқандарың үшін көп-көп рахмет!




































    Сергіту сәтіВидео











































































    Сабақтың соңы5минҮйге тапсырма: 26 беттегі 60-жаттығу.Өлеңнің қатесін тауып, көшіріп жаз.

    2минДифференциация-қабілеті жоғары оқушыларға әр отбасы мүшесінің үйде қандай жұмыс жүргізетініне тапсырма беру.Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша мақал-мәтелдер айту.Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? -Тапсырмаларды орындап жетістік баспалдағына шықтық па?

    Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


    Топтық тапсырмада жауаптарын бақылау арқылы оқушылардың диалогқа қандай дәрежеде қатысқанын бағалау. Осы деректер келесі талқылауларды жоспарлауда қолданылады. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.Сергіту сәттері
    Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
















    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!