"Сөз шебері" қалалық жүргізушілер
сайысының
ерекшелігі
Ата-бабаларымыздың ғасырлар
бойы ұрпақтан-ұрпаққа сақтап келген, алтын қазынасы – туған
тіліміз. Тіл – тұтастығымыздың, елдігіміздің кепілі. Тіл бүкіл
халықтың жүрегі. Оның бойында ұлттық болмыс, ұлттық рух, дәстрүр
мен салт жатыр. Өз тілімізбен тек қана мақтанып қоймай, оның келер
ұрпағымыздың бойына сіңіру, жүректеріне терең бойлату біздің
азаматтық борышымыз. Тіл жойылса, ұлт жойылады, өзге тілдің бәрін
біл, өз тіліңді құрметте демекші ананың ақ сүтімен берілген ана
тілімізді ұлықтап жүруіміз парыз.
Қазақ тілі өзінің даласындай
бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп
тұрады. Тіліміз қасиетті қазақ домбырасының үнімен үндесіп келеді.
Қазақылығымызбен әлемге танылған ел болғандықтан, елдігіміздің
айнасы тілміз бен салтымыз ешқашан аттан құламасын деген бір ғана
тілек әр ұрпақтың бойында болуы парыз сияқты. Өскелең ұрпаққа,
туған тілдің қадір-қасиетін, даналығы мен даралығын ұғындырып,
ұлттық намыс пен туған тілге деген сүйіспеншішлікті ояту мақсатында
түрлі іс-шаралар, түрлі байқаулар
өткізілуде.
Жүргізушілерге арналған
байқаулар елімізде өте көп. Бірақ жыл сайын өткізілетін, дәстүрлі
іс-шараға айналған байқаулардың орыны ерекше. Соның бірегейі
қалалық «Сөз шебері» байқауы. Жыл сайын байқау жоғары деңгейде
өткізіледі. М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының концерт залында
қарашаның бірінші жұлдызында "Сөз шебері" қалалық жүргізушілер
сайысының финалы өтті. Фестиваль-байқаудың негізгі мақсаты -
жастардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін ашу,туған тілдің
қадір-қасиетін ұғындыру, сөйлеу жанрын танымал ету, мерекелік
іс-шараларды жүргізетін талантты жастарды анықтау. Бір болмысқа
барлық қазақилықты сіңірген, ойы мен ісі мен қазақпын деген, тіл
жанашырларын, жан-жақты мәдени дамыған жастарды тарту. Оқушылар
арасынан тілі жеттік, игерімі мықты, сөзге шешен, озық ойлы, бір
сөзбен жеті-қырлы, бір – сырлы азаматтар мен азаматшаларды анықтау.
Олардың әр ортада өзін дұрыс әрі білімді, мәдениетті ұстауға сәлде
болсада үлес қосу болып табылады. Қатысушылар бір-бірімен танысып,
жаңа білімдерімен, ойларымен алмасады. Олар өздерін жаңа қырларынан
танытып, сахнаға бейімделіп, өздерін жаңа қырынан тани бастайды. Өз
қатарластарының мүмкіндіктерін байқап, өзіне қажеттісін алуға да
мүмкіндік те туады.
Байқаудың іріктеу турына
елордалық елуден астам білім беру ұйымдары қатысуға ниет білдірді.
Олардан жиырма лайықты қатысушы екінші турдың финалистері атанды.
Жалпы сайыс үш креативті тапсырмадан тұрды: "Мен жүргізуші боламын"
визит карточкасы, " Тәуелсіздік-ұлы ұғым!"атты Қазақстан
Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған репортаж,
экскурсия және сұхбат және т.б. форматтағы бейнероликтер,
финалистердің дефиле-шеруі. Әр тапсырмада әр қатысушы өзін жаңа
қырынынан таныта алды. Олар өздері дайындап келген өнерлерін
көрсетті. Әр қатысушының шеберлік деңгейін бағалаудың негізгі
критерийлері: сахна мәдениеті, хоризмасы, сөйлеу мәнері, бөлінген
уақытты пайдалана білуі. Онымен қоса сахна мәдениетін де ұмыт
қалдырмады. Сахнада өзін ұстауы, дұрыс тұру, жүру, сөйлеу бәріне
мән берілді. Сонымен қоса, олардың саханалық кипімдеріне аса көңіл
бөлінді. Әдемі киінген, сахналық образы сахналық көрінісімен
үйлескендігі барлығы ескерілді. Қатысушылардың өнерін тамашалап,
саралап, әділ бағасын берген қазылар алқасының құрамына "Балапан",
"Хабар", "Ел арна" телеарналарының өкілдері, "Қазақ радисы",
"Шабыт" ҚазҰӨУ, Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасының мамандары
болды.
Байқау жоғары деңгейде өтіп,
әділ қазылар алқасы әділ бағасын беріп, байқау болғаннан кейін
жеңіс бар жерде жеңіліс те бар болғандықтан қатысушылар арасыныан
оза шапқандар анықталды. Барлық қатысушылар жоғары деңгейде өнер
көсетіп, бақтарын сынады.