жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сөз сиқыры. Жұрнақ, жалғау 5 сынып
Тексерілді: _____________________
« _____»_____________ 2020ж.
Пәні: қазақ тілі |
Мектеп: |
«№27 орта мектеп-гимназиясы» КММ |
||||||
Күні: 13.01.20 |
Мұғалімнің аты-жөні: |
Джадирова Ж.Ж. |
||||||
Сынып: 5 |
Қатысқандар: ___ қатыспағандар___ |
|||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Сөз сиқыры. Жұрнақ, жалғау |
|||||||
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары: |
5.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру. 5.4.2.2 зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану. |
|||||||
Сабақ мақсаттары:
|
Оқушылардың көпшілігі: Тыңдаған мәтіннің мазмұнын анық түсінеді.Мәтін мазмұны негізінде қойылған сұрақтарға жауап береді. Оқушылардың кейбірі: Мәтінде көтерілген мәселе бойынша өз ойын толық білдіре алады. |
|||||||
Бағалау критерийлері: (жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже |
|
|||||||
Тілдік мақсаттар |
Пәнге тән лексика мен терминология: Оқушылар істей алады:тақырып бойынша маңыздысын анықтай отырып сұрақтар құрастыра алады Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: жалғау, жұрнақ, мәтін Диалог үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым бойынша…, Мен сенімдімін…, Мені таңқалдыратыны... |
|||||||
Йй(( |
Өмір бойы оқу, ынтымақтастық |
|||||||
Пәнаралық байланыстар |
жаратылыстану |
|||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Суреттер |
|||||||
Алдыңғы оқу/бастапқы білім |
Сөзжасам туралы түсінік |
|||||||
Жоспар |
||||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
||||||
Сабақтың басталуы |
Қызығушылықты ояту . Оқушыларға бірнеше сұрақтар ұсынылады.
|
Оқулық, суреттер |
||||||
Сабақтың ортасы |
Мағынаны тану. Тыңдалым алды тапсырма. 1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңдар. Ертеде бір қыз болыпты. Ол өте арманшыл болған. Өз қиялында жасап алған үйде мекен етіп, қиялындағы кейіпкерлермен тілдеседі екен. Жер бетіндегі барлық нәрсені аппақ түс сияқты қабылдайтын-ды. Аппақ ақша бұлттар, аппақ қар сияқты барлық адамзат, жер беті тап-таза деп ойлайды. Бір күні қыз әкесі мен анасының бір-бірімен сөйлеспей жүргенін байқап қалыпты. Сірә, ренжісіп қалған-ау. Кішкентай арманшыл қыз ата-анасын қалай татуластырсам екен деп, түнімен терезеден жапалақтап жауған қарға қарап ойланыпты. Сөйтіп жатып ұйықтап кетіпті. Таңертең тұра салып, киімдерін киіп, далаға жүгіріп шығыпты. Дала аппақ қарға ораныпты. Тура өз қиялындағы ертегі патшалығы сияқты. Қыз қарды біраз тамашалап тұрыпты да, дереу жалаң қолдарымен қарды көсіп алып, жентектей жөнеліпті. Анасы қызының бұл қылығына таң қалып, «Қызым-ау, жаурадың ғой. Үйге кірсеңші. Күн жылынған соң бірақ шығып ойна» деп бәйек болады. Қызы анасын естімеген сияқты қарды жентектей береді. Бір кезде қолындағы қарды ала сала әкесіне жүгіріп барады. - Әке, әке, қараңызшы, мен қардан гүл жасадым. Өтінем, осы гүлді анама сыйлаңызшы. Қазір қыс, еш жерде гүл өспейді. - Қызым-ау, мынау қар ғой... - Бұл қар емес, қардан жасалған гүл...жүріңізші, анама сыйлаңызшы. Бұл ғажайып гүл... Қызы табандап тұрып алған соң, әкесі көңілін қимай жентектеліп гүл бейнесіне келтірген қарды алып үйге кіреді. - Ал, анама сыйлаңыз, - деп сыбырлайды қызы. - Мынау саған... қардан жасалаған гүл... қызымыз жасапты... - Әдемі екен... Анасы пештің жанында тұрған. Қолын созып аппақ қар гүлді алды. Жүзіне жылу жүгірді. Адамның қолының табымен үйдегі жылу қар гүлді еріте бастады. Су тамшылай бастайды. - Әке, әке, гүлді ұстаңыз. Әйтпесе ол қазір еріп құлап қалады. Міне мен де ұстаймын. Үш алақанға қонған аппақ қар гүлі тез ери бастады. Еріп-еріп жерге тамшылап жатты. Суыққа қызарған алақандар қалды. Қардың суық суы қыздың әкесі мен анасының ренішін жуып кеткен сияқты. Қыз қатты қуанып кетті. - Айттым ғой, ол ғажайып гүл деп... 2-тапсырма. «Тыңдалым картасы» әдісі. Жеке жұмыс. 1. Мәтінге тақырып қойыңдар. 2. Көтерілген мәселені табыңдар. 3. Есіңде қалған 10 зат есімді жазыңдар. тұлғасына қарай талдаңдар. Негізгі және туынды зат есімдерді кестеге түсіріп жазыңдар.
ҚБ Дескриптор: 1. Мәтінге тақырып қойыңдар. 2. Көтерілген мәселені табыңдар. 3. Есіңде қалған 10 зат есімді жазыңдар. тұлғасына қарай талдаңдар. 3-тапсырма. «5 диктант» әдісі
Дескриптор:
3-тапсырма. Жұппен жұмыс. Төмендегі сөздерден туынды зат есім жасаңдар. Қажетті жұрнақтар: -ғы, -гі, -ыш, -ыс, -іс, -ма, -ме, -шы, -ші, -лық, -лік, -дық, -тық. Көр, айт, шап, тап, сурет, балық, адал, қуан, жақсы, дос, бөл, тоқы, бұр. ҚБ. Дескриптор:
Үйге тапсырма. 7-тапсырма. Ереже жаттау. |
|
||||||
Сабақтың соңы |
|
|
||||||
Қосымша ақпараттар |
||||||||
Саралау- |
|
|
||||||
Бағалау- |
|
|
||||||
Сабақ бойынша рефлексия- |
|
|
||||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген