жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Сөз табын оқыту" бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістеме
Тақырыбы: Білім берудің жаңару жағдайында
бастауыш сатыдағы оқу-тәрбие үрдісін
ұтымды ұйымдастыру.
Мақсаты: Қазіргі таңда бастауыш сыныптарда білім беруді
ізгілендіру.
Міндеттері: 1. Нәтижеге бағытталған білім беруде мұғалімнің шығармашылық-кәсіптік қызметін ұйымдастырудың тиімді жолдарын көрсету.
2. 12 жылдық мектеп мұғалімінің кәсіби деңгейінің өсуін ғылыми-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету.
3. Бастауыш сыныпта теорияны практикамен ұштастыру арқылы нәтижелі білім қалыптастыру.
Бүгінгі таңда оқыту процесінің жаңару жағдайы бастауыш сатыда білім беру жүйесін ұтымды ұйымдастыруды талап етеді. Соған орай бастауыш сынып мұғаліміне үлкен жауапкершілік жүктеледі. Өтілген әрбір грамматикалық тақырып нәтижелі болуға тиісті. Мемлекеттік стандарт бекіткен пәндік оқу бағдарламасын оқушы саналы түрде қабылдау мақсатында мұғалім 45 минут уақытты ұтымды пайдалануға бар күш-жігерін салады. Әрбір сабақтың тақырыбын, оның бүгінгі таңдағы өзектілігін, сабақтың мақсаттары мен міндеттерін оқушылар мұғалімнің дұрыс таңдаған педагогикалық технологиялары арқылы саналы түрде ажырата білуге бағыт- бағдар алады.
Құрметті әріптестер! Сіздердің назарларыңызға бүгінгі тақырыпты, мақсатты және міндеттерді басшылыққа ала отырып, бастауыш сыныпта сөз таптарын оқытудың бір нұсқа-әдістемесін ұсынып отырмын.
Әдістеменің міндеттері:
Сөз туралы ұғымды кеңейту.
Сөздің ішкі және сыртқы көрінісі туралы нақты білім қалыптастыру.
Сөздің сөйлемдегі қызметі туралы нақты анықтама беру.
Оқушыны сауатты жазуға үйрету.
Сөйлемдегі сөздерді сөз таптарына талдау қабілетін жетілдіру.
Бастауыш сынып оқушысын орта буынға дайындау
Сөз таптары – қазақ тілін оқыту бағдарламасындағы негізгі тақырыптардың бірі болып саналады. Оқушылардың бұл тақырыптарды ұтымды меңгеруіне жете көңіл бөле отырып, мен тараудың ең алғашқы сабағында оқушылардың назарын №1 кестеге аудардым.
Сөздің
сыртқы көрінісі
Сөздің
ішкі мағынасы
Сөз
Сөздің
сөйлемдегі қызметі
№1кесте.
Оқушы сөзді үш жағынан қарастырып, сөздің мағынасына
(тура мағына мен ауыспалы мағынасына, мәндес сөздер, қарама-қарсы мағыналы сөздер, айтылуы бір, мағынасы әр басқа сөздер...) толығырақ тоқталады. Сөздің сыртқы көрінісіне тоқталып, түбір сөз бен қосымшалы сөз туралы айтып береді. Сонымен қатар оқушы әрбір сөздің сөйлемде өз қызметінің барын түсіндіреді. Атауыш сөздердің қызметінің артығырақ, ал көмекші сөздердің қызметі азырақ екеніне көздері жетеді. Тіліміздегі барлық сөздердің үлкен –үлкен топтарға бөлінетінін анықтайды. Сонымен, сөздің мағынасына, сырт көрінісіне, сөйлемдегі қызметіне қарай топталуын сөз таптары болатынын түсінеді. \№2 кесте\. Тіліміздегі 9 сөз табының атауларын бөліп жармай, тұтас атап беруін талап еттім. Балада нақты түсініктің қалыптасуын көздедім. Бағдарламаға сәйкес сөз таптарына жеке-жеке топтама-кесте құрастырдым.
Сөз
таптары
О
л
не?
Сөздің
сыртқы көрінісі және ішкі мазмұны,
сөйлемдегі қызметіне қарай топтарға
бөлінуін сөз таптары деп атаймыз.
Қазақ тілінде 9 сөз табы бар:
1.Зат есім 2. Сын есім 3. Сан есім
4.Есімдік 5. Етістік 6. Үстеу
7. Шылау 8. Еліктеу сөз 9. Одағай №2 кесте
Мұндай оқытуда мен В.Ф. Шаталов технологиясын басшылыққа алдым.
Принциптерім:
1\. Ірі блоктар бойынша оқыту;
2\.трек сигналдарды пайдалану;
3\.үздіксіз қайталау;
4\.кұш түсірмей оқыту;
5\.жетістікке жетелеу, болашағын ашу, өсуге ұмтылдыру;
6\. Тәрбие мен оқытуды байланыстыру.
Мұндағы менің оқушыға қойған негізгі талабым-
әр сөз табына байланысты тиянақты білім қалыптастыру болды.
|
||||||||||||||||||||||||||||||
№ 3 кесте.
Етістік сөз
табы
Түрлері
Негізгі
белгісі
Сұрақтары
Күрделі
Дара
Заттың
қимылын, іс-әрекетін білдіреді
Екі,
үш сөзден құралады: ұшып
кетті
Бір
сөзден болады: ұшты
Не
істеді? Не қылды? Қайтті?
Сөйлемдегі
қызметі
Көп
жағдайда етістік зат есіммен, үстеумен
байланыста болады және сөйлемнің
соңында жазылады. Көбелек
ұшты.
Құстар балапан шығарып
жатыр.
Мұндай кестелер оқушылардың назарларында ұзақ уақыт, тақырыпқа бөлінген сағаттар аяқталғанша, көрсетіліп тұрады. Мұндағы менің көздеген мақсатым: оқушылардың естеріне кестені сақтау, грамматикалық тақырып бойынша білімді жүйелі түрде меңгерту. Басқа жағдайда тақырыпты бала ұмытып қалуы мүмкін, немесе тақырып есте бұрмаланып сақталады. Бұрмаланып есте сақталған тақырып кейін ұмытылып қалуы әбден мүмкін. Тақырыпқа бөлінген сағаттар аяқталғанда, мен оқушыларға бір-бір ақ парақтар таратып беремін: елестету арқылы бала кестені қағаз бетіне түсіреді. Осы тапсырманы орындау барысында оқушының көптеген психикалық үрдістері жақсарады: бала, ең алдымен, байланыстыра сөйлеуді үйренеді, тілі дамиді, еске сақтау және еске түсіруі жақсарады. Есте жақсы сақталған теориялық білім жоғарғы сыныптарда да баланың білім алуына үлкен көмек болады. Соңғы сабақта мен өтілген үлкен грамматикалық тақырып бойынша бақылау жұмыстарын ұйымдастырамын ( тест, жазбаша сұрақтарға жауап беру, бақылау диктант т.т.).
3 және 4-сынып оқушыларынан үй тапсырмасы кезіңен кейін міндетті түрде сұрақтарға жазбаша жауап беру дағдыларын қалыптастыруды басшылыққа аламын. Оқушы өз ойын еркін баяндауға ұйренеді, білім алуда жауапкершілікті сезінеді.
Мұндай оқытудан күтілетін нәтиже:
Оқушы пән бойынша Мемлекеттік білім беру стандарт талаптарын орындайды.
Оқушының сауаттылығы артады.
Қазақ тілі пәнінен теориялық материалды жетік меңгерген оқушыны негізгі орта мектепке даярлайды. Атап айтсақ , оқушы төмендегі грамматикалық тақырыптардың негізін қалайды – «Сөз және оның мағынасы», «Сөз таптары және олардың ерекшеліктері», «Сөздің сөйлемдегі қызметі»... .
Бастауыш сынып оқушысы 5-сыныпқа үлкен дайындықпен келеді.
Оқушының сөйлеу мәдениеті қалыптасады, дәлелді сөйлеуге үйренеді.
Мемлекеттік тілге құрмет күшейеді.
Баланың көптеген психикалық үрдістері жақсарады (ойлау, еске сақтау, еске түсіру, елестету, салыстыру, өзін бағалау т.т.)
Білім алуда оқушының жауапкершілігі артады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген