400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Сөз таптары"

Материал туралы қысқаша түсінік
сөз таптары туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауылы

№3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Мағыпозова Мөлдір Оразбекқызы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Салт – дәстүр және ауыз әдебиеті

Мектеп: №3 ЖОББҚМ

Күні: 11.02.2020ж Мұғалімнің аты-жөні : Мағыпозова М.О

Сынып: 2в

Сабақ 84

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Сөз таптары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (ОБ сілтеме)

2.1.3.1 Баяндау арқылы оқиғаны өз бетінше мазмұндай алады

2.1.5.1 Орынды сөздік қорды қолданып, өз идеялары мен сезімдерін бейтаныс жағдаяттарда түсіндіреді

Сабақ мақсаттары

Сөз таптары туралы алған білім-білік дағдыларын іс-жүзінде меңгерту, қайталау.

Бағалау критерийлері

Бейтаныс жағдаятқа қатысты өз идеялары мен сезімдерін түсіндіру және сахналау үшін сөздерді орынды қолдана алулары бағаланады.

Сөздік қор


Талқылау кезінде қойылатын сұрақтар:

Суреттен не көріп тұрсыңдар?

Сурет сендерге ұнады ма? Неліктен?

Балалар қандай ойын ойнап жатыр?

Басқа да қандай жайттарды аңғардыңдар?

Құндылықтарды дар дарыту


Оқушылардың қазақтың ұлттық ойындарын атау, білу арқылы туған жерге деген сүйіспеншіліктері,құрметпен қарау дағдылары дамиды.

Пәнаралық

байланыстар

Ойын түрлерінің ойналу тәртібін әңгімелеу және ойынды сахналап көрсету арқылы дене шынықтыру пәнімен байланыс орнайды.

АКТ қолдану

дағдылары

Сабақ барысында ұлттық ойындар тақырыбында таныстырылым қолдану және бейнефильм көрсету.

Алдыңғы сабақты меңгерілген білім


Әріптер, сөздер, емле және граммaтика

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


(Ұ) Таңғы шеңбер:

Қуан,шаттан!

Қуан,шаттан!

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне сәттілік тілейді. Мектепке келгендегі өздерінің міндеттерін айтып шығады. М: мен мектепке білім алу үшін келдім, мен өте жақсы баға алу үшін келдім, мен достарымды көру үшін келдім, мен жаңа дүниені үйрену үшін келдім және т.б

Өткен сабақты қайталап өту:
1. Сөз дегеніміз не?
Сөз дегеніміз қандай да бір заттың, сапаның, санның, құбылыстың атауы.
2. Күрделі сөздердің түрлерімен танысып едік, олар қандай сөздер еді? Біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз.



Сабақ ортасы

Ой шақыру» кезінде «Ребус» шешіп көрелік.



, ,,, ,,, ,,,, ,, ,,, ,е ,, ,,,, ,

(Cағат, Өрік ,сегіз , кітап, тарақ , сызғыш )

Жаңа сабақтың тақырыбы сөз таптары деп аталады.

Сөз таптарын ата ? (Зат есім, сын есім, етістік, сан есім)





1-жаттығу.

Бір таңбалы сандарды бір бөлек, екі таңбалы сандарды бір бөлек сөзбен жаз.

8, 21, 5, 101, 7, 77, 4, 10, 19

Оқулықпен жұмыс:

Оқулықтағы 1 - жаттығуға назар аударайық
1. Қатардағы сөздерді оқыту, бұл сөздер қай сөз табы және ол сөздерге қандай сұрақтар қойылады? Олай болса, зат есім дегеніміз не, сұрақтары 2. Екінші қатардағы сөздерді оқыту, бұл сөздер қай сөз табы және ол сөздерге қандай сұрақтар қойылады? Олай болса, етістік дегеніміз не, сұрақтары 3. Үшінші қатардағы сөздерді оқыту, бұл сөздер қай сөз табы және ол сөздерге қандай сұрақтар қойылады? Олай болса, сын есім дегеніміз не, сұрақтары 4. Төртінші қатардағы сөздерді оқыту, бұл қай сөз табы және ол сөздерге қандай сұрақтар қойылады? Сан есім дегеніміз не, сұрақтары

Топтастыру

(сөз таптарын топтастыру, әр сөз табы қасына сұрақтарын орналастыру)
Сөз таптары
Зат есім (кім? не?)
Етістік (не істеді? не қылды? қайтті?)
Сын есім (қандай? қай?)
Сан есім (қанша? неше? нешінші?)

2 – жаттығу

(Жаңылтпашты оқыту, жатқа жазғызу)
Үш ішік тыстадым,
Үш үскі ұштадым. (үскі – былғарыны, ағашты тесетін іші қуыс біз)
(Сөздерді қай сөз табына жататынын анықтап, астын сызу, сұрақ қойғызу)
Жаттығуды жазып болғасын біріне – бірін тексерту, бағалату.
Тыстадым, ұштадым – етістік ішік, үскі – зат есім
үш – сан есім
3 – жаттығу

(Мәтінді оқыту, мәтіннің бастапқы бөлігін көшіріп жазу, сөз таптарына талдау)
Борсық – Қазақстанда кең тараған аң.
Дене тұрқы 75сантиметрден асады. Орманды, таулы, далалы, сулы жерлерде кездеседі.
Тараған – етістік аң – зат есім кең – сын есім
Асады – етістік дене тұрқы – зат есім 75 – сан есім
Кездеседі – етістік Орманды, таулы, сулы - сын есім

4 – жаттығу

Тай, күн, аққу, тау, тауық, оқушы. (Осы зат есімдерді сын есім, сан есім, етістіктермен тіркестіріп сөйлем етіп жазамыз)
Екі асау тай шапты. Бес күн жылы болды. Көлге әдемі екі аққу қонды. Алматыда биік тау көп екенін көрдім. Тауық кішкентай бес балапанын ертіп шықты. Біздің класта бес үздік оқушы болды



Топ мүшелернің суреттері арқылы құрған әңгімелерін ортаға салу, ойыннның ойналуын сахналауға әр топқа 3 минут уақыт беріледі.






Ұлттық ойын туралы бейнефильм көрсету.







Таныстырылым









Суретке қатысты берілген сөздер қатары.

Сабақтың соңы

Кері байланыс.

-Сабақ барысында не қиын болды?

-Не оңайға түсті?


Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Оқушыларды топта жұмыс орындау арқылы дифференциациялау.

Топтық тапсырмада жауаптарын бақылау арқылы оқушылардың сабаққа қандай дәрежеде қатысқанын түртіп алу. Топтық жұмыстарын бағалау критерийлері арқылы бағалау

Сергіту сәтін орындау арқылы оқушылардың денсаулығын қадағалау.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 ақпан
481
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі