Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Сөз таптары"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Сөз таптары" тақырыбында 2-сыныптарға арналған ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

М.Әуезов атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебі

(білім беру ұйымының атауы)

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

«Сөз таптары»

(сабақтың тақырыбы)

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Тілеген Салтанат Меңдіғалиқызы

Күні:

17.02.2026

Сынып: 2 «а,д»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Сөз таптары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

  • 2.4.2.3* сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату;

  • 2.1.4.1 тірек сөздерді қатыстыра отырып, тапсырмаларды орындау;

  • Танымдық әрекетін (зейін, есте сақтау, ойлау), моторлық (ұсақ моторика, көз-қол координациясы) және кеңістікте бағдарлау дағдыларын дамыту;

Сабақтың мақсаты

сөз таптарын ажыратуды және тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша тапсырма орындап үйренесің; Танымдық әрекетті және кеңістікті бағдарлауды үйренесің;


      Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы




Ұйымдастыру кезеңі

-Оқу құралдарын түгендеу

Қызығушылықты ояту (ынталандыру):

«Көгершін» әдісі


Оқушылар бір – біріне тілек айтып, жаңа сабаққа сәттілік тілеп көгершінді ұшырады.



Оқушылар арнайы педагогпен амандасады.

Оқу құралдарын түгендейді.

Қызығушылықты ояту үшін «Көгершін» әдісі арқылы бір-біріне тілек айтады.

Ауызша мадақтама айту:

Жарайсың!

Тамаша!

Сенің қолыңнан келеді!




Жұмыс дәптері, қалам.













Сабақтың ортасы


Жаңа тақырыпты «Gemini» платформасы арқылы жасалынған мультфильм әдісімен түсіндіру.

- Балалар, бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын ерекше әдіспен бастаймыз. Қазір кішкентай мультфильм көреміз. Мультфильмді көре отырып, кейіпкерлердің қалай сөйлегенін байқап отырыңдар.


(Мультфильм көрсетіледі).


Жаңа сабақ тақырыбын таныстыру: «Сөз таптары»

Сабақ мақсатын хабарлау:


Бүгінгі сабақта сөз таптарын ажыратуды және тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша тапсырмаларды орындап үйренетін боламыз.


Жаңаны ашу

Сөздер мағынасына қарай бірнеше сөз таптарына бөлінеді. Зат есім, етістік, сын есім, сан есім – сөз таптары.


Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім деп атайды. Зат есімдерге кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтар қойылады. Мыс: адам, көгершін, жазушылар, құлындар.


Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Етістіктерге не істеді? қайтті? не қылды? деген сұрақтар қойылады. Мыс: жүгірді, өсті, ойнады.


Заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздерді сын есім деп атайды. Сын есімдерге қандай? қай? деген сұрақтар қойылады. Мыс: сұлу, жақсы, таза, қоңыр.


Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім деп атайды. Сан есімдерге қанша? неше? нешінші? деген сұрақтар қойылады. Мыс: бес, жеті, тоғызыншы, жиырмасыншы.


Арнайы педагог: ендеше жаңа ақпаратты пайдаланып тапсырмаларды орындап көреміз.


Оқушылар сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысады.

Жаңа тақырып бойынша, қажетті мәліметтерді естеріңе сақтайды.









Керемет!
















Мультфильм көрсетіледі









Балалар ендеше тақырыпты түсінсек білімімізді ары қарай жетілдіру үшін ауылдарға саяхаттайық. Бұл ауылдарда әртүрлі әдістермен берілген тапсырмаларды орындайық.

Жаңаны қолдану әдісі

1-тапсырма. Ұлттық ойындар ауылы. «PowerPoint» платформасымен «Асық ату» әдісі арқылы сөз таптарына жалпылама түсінік беру.

  1. Зат есімнің сұрақтары қандай? (кім? кімдер? не? нелер?)

  2. Қандай? сұрағына жауап беретін сөзді тап (үлкен)

  3. Қай сұрақ сан есімге қойылады? (қанша?)

  4. Етістік дегеніміз? (Заттың қимылын білдіретін сөз)

  5. Әншілер сөзіне қандай сұрақ қойылады? (кімдер?)

  6. Ережені толықтыр: Заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздерді .....деп атайды? (сын есім)

  7. Дұрыс сұрақ қойылған сөзді тап (төрт-қанша?)

  8. Қай қатаржа тек етістіктер берілген? (жүгірді, ойнады, күлді)


Оқушылар «PowerPoint» платформасы арқылы «Асық ату» әдісімен тапсырманы орындайды








Тамаша!







2-тапсырма. Ұлттық ою – өрнектер ауылы. «Гексагон» әдісі арқылы зат есім сөз табына арналған тапсырмаларды орындайық.

  1. Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіреді)

  2. Зат есімнің сұрақтары (кім? не?)

  3. Кім? сұрағына жауап беретін зат есімдерге мысал келтір (бала, мұғалім)

  4. Не? сұрағына жауап беретін зат есімдерге мысал келтір (кітап, үй, доп)

  5. Аспаптар сөзіне сұрақ қой? (Нелер?)

  6. Әнші сөзіне сұрақ қой (кім?)


Оқушылар «Гексагон» әдісі арқылы зат есім сөз табына арналған тапсырмаларды орындайды


Керемет!


«Гексагон» әдісі



Сергіту сәті.

«Асық ату»

Ұлттық құндылықтарға негізделген сергіту сәті өткізіледі.

Тамаша!

«Қара жорға» әуені мен асықтар.

3-тапсырма. Ұлттық тағамдар ауылы. «Дәмін татып көр» сұрақ-жауап ойыны арқылы сын есім сөз табына тапсырма орындау.


Мысалы: Айранның дәмі қандай? Сүттің түсі қандай?


Айран, сүзбе, сүт, құрт.



Оқушылар көздерін жауып ыдыстағы ұлттық тағамдардың дәмін тату арқылы қандай ұлттық тағам екенін анықтап, олардың дәмдерін сипаттайды, сұрақтарға жауап береді.






Керемет!






Ұлттық тағам түрлері

4-тапсырма. Ұлттық аспаптар ауылы. «Сөйлемді толықтыр» ойыны арқылы сан есім сөз табына тапсырма орындау. Аспаптар: домбыра, қобыз, жетіген, сырнай

Көп нүктенің орнына сан есімді қой.

Дүкенде..........домбыра бар (бес).

......бала қобыз ойнады (екі).

Сахнада.......жетіген үн шығарды (бір).

Көрмеде........саз сырнай тұр (төрт)




Оқушылар көп нүктенің орнына сан есім қойып жазады.






Аспаптар суреттеріндегі тапсырмалар

5-тапсырма. Ұлттық әшекейлер ауылы. Келесі сөз табы «Ұлттық сән» әдісі арқылы етістікке берілген тапсырмаларды орындаймыз.

Қыз баланың сұлбасына жапсырмалы әшекейлерді таға отыра тапсырмаларды орындау ( не істеді? сырға тақты, не істеді? шашбауды шашына ілді, не қылды? сақинаны кигізді, қайтті? шекелікті әсемдеді).


Оқушылар етістікке берілген тапсырманы орындап, мысалдар келтіріп үйренеді

Керемет!


Сабақтың соңы


Бүгінгі сабақта сөз таптарын ажыратуды үйрендіңдер

«PowerPoint» платформасы арқылы «Көкпар» әдісімен бекіту сұрақтары.

  1. Зат есімнің ережесін айт. (Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім деп атайды)

  2. Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?(қандай? қай?)

  3. Сан есімге мысал келтір (Досыма екі асық бердім).

  4. Етістікке мысал келтір ( Атам шапан киді).


Оқушылардың тақырыпты меңгергендігі жөнінде сұрақ-жауап арқылы анықтау.



Тамаша!



«Көкпар» әдісі.

Кері байланыс

Ұлттық аспаптар ауылы. «PowerPoint» платформасы арқылы рефлексия.

Маған барлығы түсінікті.

Менің сұрағым бар.

Маған түсініксіз болды.

Оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін білу мақсатында «Ұлттық аспаптар» әдісі арқылы кері байланыс алынады.



«Ұлттық аспаптар» әдісі.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12