жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сөз таптары туралы өткенді қайталау
|
Пәннің аты:Қазақ тілі |
Уақыты: |
Кабинет: |
Мұғалім: |
||||||||||||
|
Сабақтың атауы |
Сөз таптары туралы өткенді қайталау |
||||||||||||||
|
Мақсаты Күтілетін нәтиже |
Сабақтың мақсаты: Сөз таптары туралы өткенді пысықтау. Зат есімнің, етістіктің, сын есімнің, сан есімнің сөйлемдегі қызметі, сұрақтары туралы қайталау. Оқушылардың сауатты жаза білу дағдысын қалыптастыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа технологияны пайдалана отырып, білім сапасын арттыру. Оқушыларды дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету, сөздік қорын байытып, байланыстырып сөйлеуін дамыту. Сабақтың типі: аралас сабақ, жаңа білімді игеру сабағы, оқу материалын бекіту сабағы, қайталау сабағы, материалды қорытындылау және жүйелеу сабағы, бекіту сабағы Сабақтың түрі: сайыс сабағы, жарыс сабағы, ойын сабағы, саяхат сабағы, әңгімелесу, сырттай саяхат сабағы Сабақтың әдісі: 1. Иллюстрациялық түсіндіру: Оқушыларға ақпаратты әңгімелеу, жеткізу 2. Репродуктивті әдіс: Білім – білік дағдыларын қайта жаңғырту арқылы білімді белсенді игерту. 3. Зерттеу әдісі: Мұғалімнің оқушыға шығармашылық тапсырма беруі, оқушылардың өз беттерімен шешіп, мәтінмен, есептер шығару, үлестірмелі материалдармен жұмыс. 4. Эвристикалық әдіс: Ішінара ізденгіштік әдіс, оқушылар мақсатты. |
||||||||||||||
|
Психологиялық ахуал |
а) оқушылардың сабаққа қатысын тексеру; ә) оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру; Психологиялық дайындық. Күлім қағып қолымызды қошеметпен соғайық,
Қатар тұрған көршімізге қолымызды
бұлғайық. Ерте, ерте, ертеде біз білмейтін «Сөз таптары» патшалығы болыпты. «Сөз таптары» патшалығының Зат есім, Етістік, Сан есім, Сын есім атты төрт ханзадасы болыпты. Патшалық сан қилы құпиялар мен жұмбақтарға, қызықты сырлар мен тапсырмаларға толы екен. Сол «Сөз таптары» патшалығын саяхаттай отырып, кездескен тапсырмаларды мүдірмей орындап, әр тапсырманың дұрыс шешімін таба білулеріңе тілектеспін. |
||||||||||||||
|
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Сөйлемдерін оқыту.Бір сөзді сөз құрамына талдау. «Гүл құрау» ойыны арқылы өткенді пысықтау Сұрақтары: 1. Түбір сөз дегеніміз не? 2.Түбірлес сөз дегеніміз не? 3.Туынды сөз дегеніміз не? 4.Жалғау дегеніміз не? 5.Жалғаудың неше түрі бар? 6.Жұрнақтың неше түрі бар? 7.Сөйлем мүшелері дегеніміз не? 8.Сөйлем мүшелері неше топқа бөлінеді?Оларды ата. 9.Бастауыш дегеніміз не? 10.Баяндауыш дегеніміз не? 11.Тұрлаусыз мүше дегініміз не? Оларды ата - Ал, балалар, тақтаға назар аударайықшы бізде не пайда болды? -Гүл - Оған сұрақ қояйықшы - Не? Гүл (зат есім) -Балалар,тірі табиғаттың бәрі яғни жаны бар заттар не істейді? -Қимылдайды.Жақсы, балалар, ал гүл не істейді? -Өседі, гүлдейді,қурайды (Етістік) - Гүліміздің түрі, түсі қандай балалар? -Әдемі, ақ (Сын есім) -Гүлімізде неше жапырақ бар екен? -Бір (Сан есім) Ал, балалар ендеше біз бүгін сендермен Сөз таптары тақырыбын өтеді екенбіз. -Ендеше мен сендерді 4 топқа бөлемін 1-топ.Зат есім 2-топ.Етістік 3-топ.Сын есім 4-топ. Сан есім Топтық жұмыс. Әр топ өз атаулары бойынша әңгімелейді. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу. І-топ.1-жаттығу. Мәтінді оқы.Неліктен сөздер сөз таптарына топтастырылғанын ойлап көр. Көп нүктенің орнына тиісті сөз табын қойып айт. ІІ-топ.2-жаттығу.Әр сөз табы туралы білетініңді айт. (Әр топтан бір оқушы шығып түсіндіреді) ІІІ-топ.3-жаттығу. Сөздерге сұрақ қойып, мағыналарына қарай кестеге орналастыр. Әр топтан бір оқушы шығып орындайды.
ІV.4-жаттығу. Сөздерді оқы. Қайсысы заттың атын, қайсысы заттың қимылын білдіретінін анықта. Қайық, бала, бақа, доп, құс, ұшақ, ағаш, балақай. Жүзеді, секіреді, ұшады, өседі, жүреді. Зат есім мен етістіктерді тіркестіріп жаз. Әр топ өздері орындап болған соң, бір-бірін тексереді.
|
|||||||||||||||
|
Сергіту сәті |
Музыка ырғағымен билеу. |
||||||||||||||
|
Ауызша орындалатын жаттығулар |
5-жаттығу. Жаңылтпашты оқып жатқа айт.Сөздердің қай сөз табына жататынын айт. 6-жаттығу. Мәтінді оқы. Мәтіннен борсық туралы не білгеніңді айтып бер. |
||||||||||||||
|
Ой толғаныс |
«Орнын тап» ойыны. Сөздердің орнын ауыстырып сөйлем құрау, сөйлем мүшесіне талдау. а)Құдықтан, Күлән, әкелді, суды ә) Күреді, күрекпен, Нұржан, қарды. б)Шомылды, суға ,Арман. в) Жақындады, көлге, балықшылар. |
||||||||||||||
|
Қорытындылау |
Семантикалық карта.
|
||||||||||||||
|
Үйге тапсырма |
7-жаттығу |
Күнделіктеріне жазып алады. |
|||||||||||||
|
Бағалау |
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады. |
|||||||||||||
|
Кері байланыс |
«Еркін микрафон» |
Оқушылар өз ойларын айтады. |
|||||||||||||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген