400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сөз таптары Зат есім

Материал туралы қысқаша түсінік
Зат есім туралы кең ауқымды түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Қазақ тілі

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі

Күні: 14.01.2019

Мұғалімнің аты – жөні: Сариева Г.Е


Сыныбы: 4 «А»

Қатысқандар саны: 22

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Зат есім

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Зат есім туралы кең ауқымды түсінік беру. Сөйлем ішінде зат есімді ажырата білуге, сұрақ қоюға, сабаққа ынта - ықыластарын арттыру.

Дамытушылық: ақыл - ойын, логикалық ойлау жүйесін дамытуды көздеп, арнайы жаттығулар жүргізу. Сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Сауаттылыққа, көркем жазуға, ұстамдылыққа, жылдам ойлауға, әдемі сөйлеуге тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс – тәсілдер:

Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, жазбаша жұмыс

Жетістік критерийлері:

  1. Ұжым жұмыстана алады

  2. Берілген тапсырманы қиынсынбай, тез түсінеді

  3. Мұғалімнің көмегінсіз, тапсырманы өзі түсініп, орындай біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері



Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Ресурстар

I. Ұйымдастыру бөлімі
















II. Үй тапсырмасын тексеру

















III. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалға дайындық






















IV. Жаңа материалды меңгерту



































































V. Бекіту тапсырмалары










































VІ. Рефлексия






VІI. Үйге тапсырма


-Сәлеметсіздер ме, балалар!

1)Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру

2)Оқушылардың зейінін сабаққа аудару


Психологиялық дайындық

Шаттық шеңбері (тілек айту)

Топқа бөлу

Кім? және Не? тобы

Суреттерді алу арқылы бөлінеді.

Кім? Аяз ата, Ақшақар, Жалмауыз кемпір

Не? Шырша, маймыл, аққала


Үй тапсырмасы сабақ басында қаралып, талқыланады

6 жаттығу 114 бет

Берілген зат есімдерді сын есім, сан есім, етістіктермен тіркестіріп жаз.

Тай, күн, аққу, тау, тауық, оқушы


Проблемалық сұрақтар

Сөз таптары дегеніміз?

Қазақ тілінде неше сөз таптары бар?

Сөздердің білдіретін мағынасына, түрлену тұлғасына, қойылатын сұрағына, сөйлемде атқаратын қызметіне қарай топталуын сөз таптары дейміз.

Ендеше соған байланысты мына сөз таптарының дұрыс сұрақтарын тауып сәйкестендірейік.



Сәйкестендіру

Зат есім

Сан есім

Сын есім

Етістік

Есімдік

Үстеу

Шылау

Одағай

Еліктеу









Сонымен балалар сөз таптары тоғызға бөлінеді екен, соның ішінде бірінші тұрған қандай сөз табы? Біз бүгін зат есімдер туралы толығырақ мағлұмат аламыз, сөйлем ішінде сұрақ қою арқылы, зат есімді ажырата білуді үйренеміз.

Оқулықтарымызды дәптерімізді ашамыз, бүгінгі күнді жазамыз.



Заттың атын білдіріп Кім? Не? Кімдер? Нелер? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табын зат есім дейміз.

Мысалы: Бала, балалар, кітап, кітаптар, парта, парталар,

Зат есім құрамына қарай дара күрделі болып екіге бөлінеді.

Дара зат есім бір ғана түбірден тұрады. Мысалы: от, ара, қант, оқушы

Күрделі зат есім кемінде екі сөзден тіркесу арқылы жасалады. Мысалы: Мәдениет үйі, ата-ана.

Жалпылай немесе жекелей аталуына байланысты жалпы және жалқы есім болып бөлінеді.

Жалпы есім мысалы: қала, өзен, тау, кітап

Жалқы есім мысалы: Алматы, Ертіс, Алатау, Абылай


10 жаттығу.

Ертегіні түсініп оқы. Бірінші сөйлемнен зат есімдерді тап.

Сылтаушы

Ертеде бір қойшы үйіне мызғып алуға келіпті де, қойды қарай тұруға баласын жұмсапты. Күн суық болса керек, баласы:

Тоңамын! – деп, сылтауратыпты.

Анасы ұлының аяғына жылы байпақ, үстіне тон, тері шалбар, жылы қолғап, басына үлкен тымақ кигізіпті де:

Ал, балам, енді тоңбайсың, бара ғой, - депті. Сонда баласы ұялмастан:

Енді көзім тоңады, - деп жылапты.


11 жаттығу

Таразының екі жағына салу

Қай сөздер көп?

Жайық, жаңбыр, биші, Бішкек, Тайбурыл, Құтжол, өлке, бала, оқушы


Сергіту сәті

Ұшты ұшты ойыны

1.Ұшты, ұшты парта ұшты

2.Ұшты, ұшты аққу ұшты

3.Ұшты, ұшты есік ұшты

4.Ұшты, ұшты қарға ұшты

5.Ұшты, ұшты тақта ұшты

6.Ұшты, ұшты көбелек ұшты

7.Ұшты, ұшты адам ұшты

8. Ұшты, ұшты шар ұшты

9. Ұшты, ұшты сөмке ұшты

10. Ұшты, ұшты торғай ұшты


13 тапсырма

Берілген сөздерді оқып осы сөздерден зат есім жаса.

(Тақтамен жұмыс)

1 топқа: Ұш, біл, іл, сыз, жүз, өшір

2 топқа: Адал, ұзын, жаңа, сұлу, таза, биік



14 тапсырма:

«Кім жылдам?» (тақтадан ребусты көрсету)

Ребусты дұрыс шешсең, мақал шығады.

Жауабы: Адал достық алтыннан да, қымбат


12 тапсырма Ауызша талдау

Жұмбақты оқып, шешуін тап.

Екі желім –

Күйдің көрігі,

Әннің көлігі.




15 тапсырма

Өлеңнен зат есімнің жекеше түрін және көпше түрін теріп жаз

Білмейді Омар, Ораздар. Бала емеспін желікпе,

Жұмбақ сырлар біраз бар, Сұрақ қойдым келіп мен:

Неге ұшпайды түйеқұс, Бірін –бірі бүйелер

Күркетауық, қораздар? Жеп қояды неліктен?!


Қара жерге түсіп қар, Дақ бар неге Күнінде?

Кетті ұйқыға пысықтар. Соны айтпаса білім бе?

Судан неге қашады Неге жалғыз тұрады

Балық құмар мысықтар?! Көртышқандар інінде?!


Су ішкендей оймақпен

Басым қатты ойлап мен.

Білмей бәрін қалайша

Жүре аламын ойнап мен!

(Қадыр Мырза Әли)


Сөз табының ең басында тұрамын

Білесіңдер Кім? Не? деген сұрағым

Сөйлемде ой иесі боламын

Етістікпен көркейемін толамын

Дұрыс айтасыңдар балалар, жұмбақтың шешуі: зат есім. Бүгінгі сабағымызда біз берілген түрлі тапсырмаларды орындау барысында зат есімді толық зерттеп, оны дәлелдік.



Жеміс ағашы арқылы сабаққа рефлексия жасайды. Стикерге бүгінгі сабақ туралы ойларын жазып, жабыстырады.





13 – жаттығу. Берілген сөздерден зат есім жасап жазу.


-Сәлеметсіз бе!






Психологиялық дайындық жүргізеді



Қима қағаздағы суреттерді таңдап, сұрағына қарай 2 топқа бөлінеді





6-жаттығу:

Ала тай, ашық күн, екі аққу, үлкен тау, оқушы сабақ оқиды.


  • Сөздердің білдіретін мағынасына, түрлену тұлғасына, қойылатын сұрағына, сөйлемде атқаратын қызметіне қарай топталуын сөз таптары дейміз.

  • Қазақ тілінде 9 сөз табы бар.






Зат есім Кім? Не? Кімдер? Нелер?

Сан есім Қанша? Неше? Нешінші?

Сын есім Қандай? Қай?

Етістік Не істеді? Не қылды? Қайтті?

Есімдік Кім? Не? Қанша? Кімдер? Қай?

Үстеу Қашан? Қайда? Қанша? Қалай?

Шылау және, үшін, ғана, дейін, шейін

Одағай тәйт, алақай, қап әттеген-ай

Еліктеу тарс-тұрс, жат-жұлт, қорбаң-қорбаң, жарқ-жұрқ


-Зат есім








-Оқулық,дәптерлерін ашып, бүгінгі күнді жазады



-Мұғалім мәліметін тыңдайды

-Дәптерге қажет ережелерді жазады



















-Ертегіні түсініп оқиды

-Бірінші сөйлемнен зат есімдерді табады

Қойшы















Жалқы есім: Жайық, Бішкек, Тайбурыл, Құтжол

Жалпы есім: жаңбыр, биші, өлке, бала, оқушы





-Сергіту сәтін орындайды











-Сөздердіоқып, зат есім жасап жазады

1 топ: Ұш+қыш, біл+ім, іл+гіш, сыз+ғыш, жүз+ім, өшір+гіш

2 топ: Адал+дық, ұзын+дық, жаңа+лық, сұлу+лық, таза+лық, биік+тік

Жауабы: Адал достық алтыннан да, қымбат







-Жұмбақты оқып, шешуін тауып айтады

Екі желім –

Күйдің көрігі,

Әннің көлігі.

- Жауабы: домбыра




-Өлеңді барлығы түсініп оқиды

Жекеше: Омар, түйеқұс, күркетауық, бала, балық, дақ,


Көпше: Ораздар, сырлар, қораздар, бүйелер, мысықтар, көртышқандар,






-Шешуі: зат есім












Стикерге бүгінгі сабақ туралы қорытынды ойларын жазып, жеміс ағашына жабыстырады



Күнделіктеріне үй тапсрымасын жазып алады











Топқа бөлуге арналған суреттер
























Сәйкестендіруге қажет қима - қағаздар





















Оқулық, дәптер






Оқулық, дәптер





















оқулық


















оқулық



















оқулық









оқулық








Оқулық









Оқулық


























Стикер






Күнделік







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
929
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі