Сөз таптары. Зат есім

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сөз таптары. Зат есім

Материал туралы қысқаша түсінік
Сайттан әріптестерімнің бір керегіне жарар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді:

Пәні: қазақ тілі

Күні: 23.10.2015ж

Сыныбы: 6 «Ә»

Сабақтың тақырыбы

Сөз таптары. Зат есім

Мақсаты

Зат есім туралы білім деңгейін көтеру, тереңдету. Түрлі әдістермен оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылыққа баулу.

Оқыту  нәтижесі

Зат есім туралы білімі кеңейеді. Оның түрлері мен емлесін біледі. Түрлі тапсырмалар орындау арқылы ойлау қабілеттері дамиды, шығармашылықпен жұмыс жасайды..

Ресурстар, негізгі дерек көздері, көрнекіліктер

Оқулық, оқу әдістемелігі, «Қазақ тілі мен әдебиеті» ғылыми-әдістемелік журналы, бағалау парағы, үлестірмелі кеспе қағаздары, плакаттар, маркерлер, интербелсенді тақта, слайд.

Модуль

Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер, дарынды оқушылармен жұмыс, жас ерекшеліктерге сәйкес жұмыс, СТО, оқу үшін бағалау және оқуды бағалау. Көшбасшылық

Қолданылатын технологиялар, әдіс-тәсілдер, стратегиялар

«Топтастыру», «Ой шақыру», «Эссе»

Сабақ бойынша мұғалімдердің жазбалары:

Кіріспе бөлімі. 5 мин. Көңіл күй ахуалы. Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат, сабаққа дайындықтарына бақылау. Бағалау парағын таратамын.

Топқа бөлу. Оқушыларды бірден төртке дейін санай отырып, төрт топқа бөліп отырғызамын. Топтар «Көл», «Өзен», «Тау», «Теңіз»..


Сабақ кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Үй тапсырмасы

75-жаттығу. Көмекші сөздерді табу.

Қайталау сұрақтарын қою арқылы өткен сабақта алған білімдерін тексеру. Кеспе қағаздар таратады.

  1. Сөз түрлерін атаңыз.

  2. Атауыш, көмекші, одағай сөз дегеніміз не?

  3. Төмендегі сызбаны толтырыңыз







10 минут

Үй жұмыстарын көрсетеді. Берілген сұрақтарға жауап береді. Сызбаны толтырады.

Қызығушылық-ты ояту

«Ой шақыру» мақсатында топта отырға әр оқушы зат атауларын жазады.

10 минут

Жұптасып жазған мысалдарын бір-біріне оқып, толықтырады. Топта әр жұптан бір оқушы өз мысалдарын оқиды.

Мағынаны тану


Тізбектегі мысалдарды топтастырамыз. Жалқы, жалпы зат есімнің ережесін оқушылармен бірлесе отырып шығарамыз.


«Айналмалы бекет» әдіс. Сыныпқа 6 бекет орналастырамыз. Әр бекетке жалқы есімдердің түрлері атаулары беріледі.

10 минут

Оқушылар сөздерді мағынасына қарай тақтаға келіп жазады.


Оқушылар бекеттерді айнала жүріп, сұрақтарға жауап береді. Әр топ әр түсті маркерлермен жазады.

Ой-толғаныс

«Мен – зат есіммін» эссе жаздыртамын. Критерийлерін айтамын. 5 мин.

Оқушылар критерий бойынша эссе жазады.

Үй тапсырмасы

Төмендегі сұрақтарға жауап береді.

  1. Сенің жолдастарың кімдер?

  2. Қандай газет-журнал оқисың?

  3. Қазақстан қандай мемлекеттермен көрші?

  4. Қандай өзен, көл, теңіз аттарын білесің?

  5. Осы жауаптар қандай зат есімге жатады? 2 минут.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу


Бағалау

Жиынтық бағалау парағын үлестіру.

3 минут


Оқушылар әр тапсырма тұсында «+», «-» белгісін қойып отырады да, критерий бойынша өзін-өзі бағалайды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
680
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі