400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Сөз тіркесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар сөз тіркесі ұғымын,жасалу жолын, мағынасын түсінеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ:  қазақ тілі

Мектеп:«№4 ЖОББМ» КММ


Күні:

Мұғалімнің есімі: Мадениятова Аяжан

Сынып: 4

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:-

Сабақтың тақырыбы

Сөз тіркесі

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Сөз тіркесі ұғымын толық түсіне отырып алған білімін толықтыру және сөз тіркесінің жасалу жолын, мағынасын түсіну.

Бағалау критерийі

-Сөз тіркесін жаза алады.

-Сөйлемнен сөз тіркесін бөліп алуды біледі.

-Сөйлем, әңгіме құрай алады.

Тілдік мақсат

 


Пәнге қатысты лексика мен терминология

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер

Сөз тіркесі- Сөз тіркесі ( орыс. словосочетание ) деп толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір-біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуын атаймыз.


Талқылауға арналған сұрақтар мәселелер

Сіз қандай оқушысыз?

Сіздің сүйіп оқитын пәндеріңіз?

Сыныпта қандай оқу-құралдарын пайдалану керек?

Қандай істермен айналысқанды ұнатасыңдар?

Күнделікті өмірде бізге қандай заттар қажет?

Құндылықтарды дарыту

Сөйлеу кезінде сөз тіркестерін саналы түрде пайдалана білу дағдысын қалыптастыру, ойлауын, тілін дамыту.

Пәнаралық байланыс

Ана тілі, сауат ашу.

Алдыңғы білім


Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

 

Ресурстар




Сабақтың басы


2минут





3минут






Сабақтың ортасы

10 минут

Ұйымдастыру кезеңі

-Амандасу

-Түгендеу

Үй тапсырмасын сұрау «Сұрақты ұстап ал!» әдісі

Мұғалім кезек-кезекпен фасольды қапшықты әр командаға лақтырады. Егер де қапшықты қағып алған адам сұраққа жауап берсе, онда команда 3 балл алады. Егер де ол жауабын білмесе, қапшықты басқа командаға 2 балға лақтырады. Егер де қапшық тағы да кері лақтырылатын болса, онда дұрыс жауаптың құны 1 балға дейін төмендейді.

1. Сөйлемді мысалға ала отырып Сөз тіркесін түсіндіру.

Кішіпейіл бала үлкендерді үнемі сыйлайды.

Дескриптор:

-Сөйлемнен тұрлаулы мүшелерді көшіріп жаз. Баяндауыш арқылы бастауышқа сұрақ қой: Бала (кім?) сыйлайды.

-Сөйлемнен бастауышты оған қатысты тұрлаусыз мүшемен бір- ге көшіріп жаз. Тұрлаусыз мүшеге бастауыш арқылы сұрақ қой: Кішіпейіл (қандай? ) бала.

-Сөйлемнен баяндауышты өзі қатысты тұрлаусыз мүшемен бір- ге көшіріп жаз. Баяндауыш арқылы тұрлаусыз мүшеге сүрақ қой: цлкендерді (кімдерді? сыйлайды, цнемі (қалай? ) сыйлайды.

Сөз тіркесі неден құралады?

Сөз тіркесі басыңқы және бағыныңқы сөзден тұрады. Сөз тіркесінің құрамындағы сөздер- дің байланысы сұрақ қою арқылы анықталады. : Сұрақ басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге қаратып қойылады: жаманнан (неден? ) жирену, (қандай?) дос, екінші (нешінші?) рет.







Қапшық









Тақтамен жұмыс


 

 

  10минут

 

 

 

 

 


 

 

 


  3минут

 



  7минут

 

 

 














5минут

Тапсырма. «Music box» әдісі.

Қорапшаның ішінде парақшаға жазылған бір сөз тіркесін алып мағынасын түсіндіреді.

Сөз тіркестері:жібек орамал, өзеннің жағасы, жуас ат, сөздің мағынасы, қалың қарағай, кең сарай.

Сөз тіркесінен тізбек шығарып:

• Екі сыңары да зат есімнен жасалған тіркестерді бағанның сол жағына, бірінші сыңары сын есімнен, екінші сыңары зат есімнен жа- салған тіркестерді бағанның оң жағына жаз. • Өзің қалаған тіркесті қатыстырып, сөйлем құрап жаз.

• Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен корсет.

Үлгі: Асқардың әкесі ауыр жүк тасиды.

Бағалау. Жетістік критерийі бойынша


Сергіту сәті. «Керемет табиғат»



Тапсырма.

Берілген сөз таптарының сөз тіркестері екенін сызбаны пайдаланып дәлелде.

Атаның өсиеті, қазақша сөйлеу, тақпақты жаттады, кең өлкенің.


Сөз тіркесінің бірінші сыңары >(екінші сыңардың мағынасын анықтай түседі.

Сөз тіркесінің екінші сыңары >негізгі мағынаны білдіреді.

>арқылы сөз тіркесінің бірінші

сыңарына сұрақ қоямыз.

Бағалау: бас бармақ әдісі арқылы.

Music box қорапшасы













Релаксация музыкасы (табиғат үні).


Сөз тіркесі сызбасы

Дидактикалық тапсырма:

Өтірік сөз өрге баспас.(мәтел)

-Осы сөйлемдегі сөз тіркестерін сызбамен көріет. Сөз тіркестері дұрыс тапқаныңды дәлелдеп көр.

Бағалау: жетістік мөрі.





Мәтел жазылған плакат, жетістік мөрі.

Сабақтың соңы

3минут

Өзін –өзі бағалау

«Бес саусақ» - әдісі

Оқушыларға ақ бет таратылады, олар ақ бетке өздерінің қолдарын бастырып, бес саусақтың орындарын сұрақтарға жауап бере отырып толтырады.


Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?

Алақан – Әр сабаққа белсенді бола аламынба?



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма: «Ана тілі- арың бұл» тақырыбына әңгіме құрау.

Қазақ тілі, 59бет, 57т.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
2123
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі