400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сөз тіркесі

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі

Сабақтың мақсаты: 

1. Сөз тіркесі туралы алған білімдерін пысықтау.

сауатты, таза жазуға үйрету.

2.Тапсырмаларды дұрыс орындау арқылы оқушылардың

сын- тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденпаздыққа , шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі : плакат, маркер, үнтаспа.

Сабақтың түрі : қайталау.

Сабақтың барысы :

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Қазақ тілі бал тілім

Өзің барда шалқыдым.

Тілмен бірге самалмын

Тіліме кім тағар мін.

-Балалар қазір бізде қазақ тілі сабағы.Бүгін сабағымызда «Сөз тіркесі » тақырыбын қайталап еске түсіреміз.

Сабағымыздың негізгі мақсаты «Сөз тіркесіне» берілген тапсырмаларды дұрыс орындау. Осы тапсырмаларды орындау үшін біз 2 топқа бөлінейік.

1-топ-домбыра

2- топ- сырнай

Өткенді қайталау. Өткен сабақта «Сөз тіркесін» өткенбіз. «Сөз тіркесі» дегенде сендердің ойларына не келеді ?

Қане класстер құрастырайық7


Б айланысқан Бағынған



А лдыңғы сөз Соңғы сөз

2 немесе көп сөз С өздер тобы


Ережені еске түсіру:

Алдыңғы сөз соңғы сөзге бағына байланысқан екі немесе одан да көп сөздер тобын «сөз тіркесі» дейміз.


Үй тапсырмасын тексеру. Үйге сөз тіркесін жазып келуге берілген болатын. Оқушылар тізбектеп оқиды., қандай сөз табынан жасалғанын айтады.

Би ік тау , мөлдір бұлақ. ( сын есім + зат есім «Білім арқаны »

Бұрын арқан тартып күш сынасқан болсаңдар, бүгін біз де арқан тарту арқылы білімдерімізді көрсетейік. Сонда арқанда әдемі бір сөз шығады . Бұл тапсырманы орындамас бұрын , дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді жазып қояйық.

І-топ ІІ- топ

1)зат есім + зат есім 1)зат есім+ зат есім

а ғаш қасық темір жол

« Білім » арқанына «жа» буыны ілінеді.

2)сын есім + зат есім 2) сын есім +зат есім

ә демі көйлек жасыл шөп


«Білім» арқанына «рай» буыны ілінеді.

3)сан есім+зат есім 3) сан есім+зат есім

ү ш кітап төрт қыз


«Білім » арқанына «сың» буыны ілінеді.

4)зат есім+етістік 4)зат есім+етістік

о қушы келді балалар ойнады.


«Білім» арқанына «дар» буыны ілінеді.

Хормен оқу : «Жарайсыңдар »


Сурет салу.

«Күзгі дала»

Дала жатыр демалып

Үлестіріп жемісін

Дүниедегі ең алып

Осы дала мен үшін.

-Қазір жылдың қай мезгілі ?

Келесі тапсырма «Күз мезгілін» бейнелеу және соған байланысты сөз тіркестерін құрастыру.

-Қане қай топ көп сөз тіркесін құрайды екен ?

(сары жапырақ, қара жер, көк аспан, жер сарғайды, өсімдіктер пісті, жаңбыр жауды, егін жиналды, пеш жақты )

«Сөз тіркестерін» шығып оқиды.


Сергіту сәті.

Қалталарыңнан айналарыңды алып шығыңдар.

Айналарыңа бір сәт қараңдар,

Өз-өздерінің жүздеріне

Айнаға қарап тұрып, көңілімізді көтеру үшін кішкене жымыйыңдар.Енді көзімізді жұмамыз, кішкене қиялдаймыз. Кішкене қаттырақ жұмамыз, қатты жұмамыз.

(Осы кезде тапсырманы кітаптарының арасына тығып қоямын )


Тапсырма :

121-122 жаттығуды орында.

І- топ ІІ- топ

Тапсырманы оқыту, етістіктерді қою, сызбамен көрсету.

Тұнық су ішті. Суық жел соқты. Асау тай шапты. Сары қауын пісті. Биік ағаш өсті.

122-жаттығу.

Үшінші парақ оқыдым. Сегіз қарындаш алдым. Бір жабағы көрдім. Төрт тонна көмір саттым.


Үнтаспадан өлең тыңдау. Балалар қазір үнтаспадан өлең жолдарын тыңдайсыңдар. Содан соң сөз тіркестерін жазасыңдар.

Қалың ағаш жапырағы

Сыбырласып өзді-өзі.

Көрінбей өзді-өзі

Құлпырған жасыл жер жүзі.


«Тіркесін тап» деген ойын ойнайық. Қазір сіздерге сөздер таратылып беріледі.Мен бір сөз айтамын, сол сөз ортаға шығады да, өзінің тіркесін іздейді.

Емен ағашы , киіз үй , биік тау , ашық аспан .


«Көрнекілік стратегиясы »

(әр топ плакатқа сөз тіркесіне байланысты сурет салады да, 1 оқушы өз тобының суретін қорғап айтып шығады )

«Мимикамен көрсету » ( 1- топ көрсетеді, 2- топ айтады )

1- топ: үтік, 2- топ : өшіргіш.


«Галереяны аралау» стратегиясы .( Тақтаға ілінген суреттерді аралап қарап, оқушылар өз пікірлерін жазады )


Бес жолды өлең құрастыру.

І-топ ІІ-топ

Бала (з.е ) Тасбақа ( з.е )

Өнерлі, үлгілі ( с.е ) Үлкен, салмақты ( с. е )

Оқиды, үйренеді ( етістік ) Қозғалады, жүзеді (етістік )

Білімді ұрпақ. Балалары үшін қан жылаған.


Жұмбақ.

1-топ қояды, 2-топ шешеді, шешіміне сөз тіркесін құрайды.


Тест сұрақтары:

1.Сөз тіркесі дегеніміз не ?

а)алдыңғы сөз соңғы сөзге байланысқан сөздер тобы.

ә)соңғысы алдыңғы сөзге байланысқан сөздер тобы.

б) байланыспаған сөздер тобы.


2.Сөз тіркесі нелерден құралады ?

а)сөйлемдерден

ә)сөздерден

б)дыбыстардан


3.Сөз тіркесі неше сөзден жасалады ?

а)3 немесе 4сөзден

ә)көп сөздерден

б)2 немесе көп сөздерден.


Қорытындылау. Сонымен сабақта не туралы айттық ? Сөз тіркесі деген не ?

Үйге тапсырма : 125- жаттығу. Бағалау.



















«Үміт» мектеп-интернаты













Панарамалық сабақ

Тақырыбы: Сөз тіркесі





Бастауыш сынып мұғалімі: Коккузова З

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 қаңтар
652
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі