400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 20 материал табылды

"Сөз тіркесі" 4-класс

Материал туралы қысқаша түсінік
4-класқа арналған сабақ жоспарымның басқа ұстаздарға пайдасы болады деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

 Тақырыбы: «Сөз тіркесі» 

Сабақтың мақсаты: 
А) Сөз тіркесі туралы түсінік беру,сөйлемдерден сөз тіркестерін табуға жаттықтыру, көркем, таза жазу каллиграфиясына төселдіру.
Ә) Сөйлеу кезінде сөз тіркестерін саналы түрде пайдалана білу дағдысын қалыптастырып, ойлауын, тілін дамыту.
Б) Кішіпейілділікке, мәдениетілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: Мұғалімнің сөздік әдісі, ішінара зерттеу, салыстыру, дәлелдеу, талдау - жинақтау.
Сабақтың көрнекі құралдары: тест тапсырмасы, үлестірме, сурет
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, математика, еңбекке баулу. 
Сабақтың барысы 
І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1.

2. Өткенді қайталау

«Ыстық орындық» әдісі. Өткен тақырып бойынша оқушылардың сұрақтарына жауап береді.
ІІІ. Қызығушылықты ояту.
Сен білесің бе?
«Ой қозғау» ойыны. Ойын шарты бойынша 1 әріп тастай отырып, сөз жұбын құрастырып шығуы тиіс.
Міндеті: сөз тобының мағынасын түсіну арқылы,оқушының тіл байлығын дамыту.
ҮВЛӨКГЕПН СҚЙАХРЮБЖЫУЗ
Суреттермен жұмыс.
Салыстырамыз.
ІУ. Жаңа сабаққа көшу.

ОShape1 қулықпен жұмыс.2 жаттығу.(ауызша)
Бағанның оң жағындағы сөздердің байланысын сұрақ қойып анықтау.
Бағанның сол жағындағы сөздерден өзгешелігі неде?
Тау,биік,семіз,қой,оқушы, Биік тау,семіз қой,жеті оқушы,
жеті,тез,кел,директор,мектеп тез кел,мектептің директоры.


Ой түйеміз.
Бұл сөз тіркесі,өйткені ,толық мағыналы сөз тобы,сөздер бір біріне бағына байланысқан,сөйлем құрамына дайын күйінде кіре алады.

У. Білімді алғаш байқау.
3 жаттығу. Сөз тіркестерін оқып, мағынасын түсіндір.
Жібек орамал,өзеннің жағасы,жуас ат,сөздің мағынасы,қалың қарағай,кең сарсй,оқушының құралы,Жәнияның әжесі,ауыр жүк.

Сөз тіркестердің жасалуы бойынша бағаңға бөліп жаздыру.
Зат есім+Зат есім Сын есім+Зат есім.


УІ. Өзіндік жұмыс.

Дәптермен жұмыс. Өзің қалаған тіркестерді қатыстырып үш сөйлем құрап жаз. 
Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсет.
Үлгі. Асқардың әкесі ауыр жүк тасиды.

УІ. Сергіту сәті.

УІІ. Сөздік жұмыс

4 жаттығу.(жазбаша) Мақалды оқып, жатқа жаз. 
Өтірік сөз өрге баспас.
Сөз тіркестерін сызбамен көрсет.Сөз тіркестері екенін дәлелде.

5-жаттығу.(ауызша)

Диалогті оқыту. Көрімдік және байғазы сөздерін түсіндіру.

УІІІ. Үлестірімділік парақпен жұмыс.

Сәйкестендіреміз.
бес сөйлеу
үш жинау
тез жаңғақ
ақырын ай
он алты келу
жылдам сағат.

ІХ. Қосымша деректер.
1. Сөз тіркесі бола алмайды.
Қара көк,ақ сары,қызылды-жасылды,отыз екі,бес-алты,кетіп қалды,жығылып қала жаздады,тіс жармады,мұрнын шүйірді,әлек салды,зықысын шығарды.
2. Сөз тіркесінің құрамына еніп, оның бағыныңқы сөзі не басыңқы сөзі болады.
Сары ала қаз, жиырма төрт сағат,қарқылдап күліп алды,тайға таңба басқандай жазылған.
Х. Білімді бекіту.
1. Сөз тіркестерін тап.
А) ауырды тісі. Б) ауыр тіс.
Ә) тіс ауыр. В) тісі ауырды
2. «Жақсы көреді» тіркесі қай сөйлемде сөз тіркесі болады?
А) Ол кітап оқуды жақсы көреді.
Ә) Оның көзі алыстағыны жақсы көреді.
3. Сөз тіркестерін белгіле.
А) қоңыр ала сиыр
Ә) қоңыр ала
4.Қайсысы сөз тіркесі?
А) қып-қызыл Б) қоңыр қызыл көйлек.
Ә) қызылды-жасылды. В) алқызыл.

ХІ.Үй тапсырмасы.
6-жаттығу. Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбына әңгіме құрау.Ереже жаттау.
ХІІ. Балалардың сабаққа қатысуларын бағалау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1269
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі