400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Созақ" жалпы орта мектеп-гимназиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Фетр матасынан ойыншықтар тігу
Материалдың қысқаша нұсқасы




Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі



«Созақ» жалпы орта мектеп- гимназиясы





Тақырыбы: Көркем еңбек сабағында оқушының шығармашылығын эстетикалық тәрбие арқылы дамыту





Орындаған: Исаева Нагира Мухитовна

Санаты: лайық

Секция: көркем еңбек

Сыныбы: 4 сынып







2014-2015 оқу жылы



Жоспар:



І. Кіріспе.



ІІ. Негізгі бөлім.

1. Оқушылардың табиғи жасау кезінде шығармашылығын эстетикалық тәрбие арқылы дамыту



ІІІ. Қорытынды.

































Кіріспе




  Білім саласындағы кез келген пән-қандай ортада болмасын өзінің айтар ойы, өмірге деген көзқарасы, нақты жеке тұлғаны қалыптастыруға өзіндік үлес қосары анық. Еңбекке баулу пәнінің басты мақсаты-оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ете отырып, қазіргі заманның технологиялық мәдениетіне, яғни бұйымдарды көркем жобалауға, өңдеп, өндіруге бейімдеу болып табылады.

Еңбекке баулудың мақсаты – баланың өзін-өзі дамытуы, оның шығармашылық әлеуетін анықтау және дамыту, оқушының өз әрекетінің мақсатын ұғынуы.

Бұл мақсаттарға бір қатар міндеттерді орындау арқылы қол жеткізіледі. Негізгі міндеттер мыналар:

  • заттар әлемін құрастырудың ережелері мен заңдары туралы білімді тереңдету және оның табиғат әлемімен байланысы;

  • әр түрлі материалды өңдеу дағдыларын дамыту;

  • құрал-саймандарды пайдалану;

  • көркем- графикалық сауаттылықты кеңейте түсу;

  • технологиялық біліктілікті қалыптастыру арқылы қол икемділігін, көзбен мөлшерлеуді дамыту;

  • ұйымшылдылыққа тәрбиелеу;

  • оқулықпен жұмыс ітеуді жетілдіру;

  • оқуға ынталықты қалыптастыру.

Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру көркем еңбек пәні мұғалімдерінің алдарына қоятын мақсаттар мен міндеттеріне өте жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Оқушыларға білім, білік және кәсіптік бағдар беру барысында мұғалім әр оқушының алдында оның келешегіне шын мәнінде жауапты екендігін сезіну қажет. Осы үлкен міндетті атқару үшін көркем еңбек пәнінің мұғалімінің өзі білімді, мәдениетті, жаңашыл болуы қажет деп ойлаймын. Әрине, көптеген мектептерде бұрынғы ізбен «еңбек сабағы» деп көңіл бөлмеуі де мүмкін, бірақ өз пәнін жоғары бағалайтын мұғалім парызын ұмытпауы керек. Сол себептен әр сабағын жаңашылдандырып өткізуді мақсат етіп, күрделі дайындықпен сабақты өткізуге қалыптасқан жөн. Сабақтың сапасы – ол оқушының білімділігі, біліктілігі, мәдениеттілігі.

Бұл салада бірінші сәттілік:

  • мұғалім проблемасын анықтап, алдына мақсат қояды;

Екіншісі - тақырыптық күнтізбелік бағдарламаны жан-жақты зерттеп, мектеп ерекшелігін ескере отырып, дұрыс құруы, мұғалімнің мақсатына жету жолының ашықтығы.

Оқушылардың қызығушылығы мен бейімділігін дамыта отырып,

кәсіби айқындалуын жетілдіру болашақ кәсібін қателеспей табуына

көмек болады.

Сапалы білім берумен қатар еңбекке де баулу, үйрету аса қажет, жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді деп ойлаймын. Тұлғаның эстетикалық бейнесі өнер мен табиғатты қабылдауы және адамдар арасындағы қарым-қатынастағы қызметі арқылы көрінеді. Талантты және дарынды оқушылардың бойында даму және шығармашылық қабілеттер өнердің түрлі саласында өз ерекшелігіне қарай көрінеді.


















































Негізгі бөлім

Табиғи материалдармен жұмыс жасау – балалардың қиялын дамытуға, шығармашылықпен еңбек етуге ықпалын тигізеді. Ол үшін мұғалім табиғи материалдарды алдын-ала жинақтап, сұрыптап, кептіріп, баланың іс-әрекетіне пайдалануға дайындап қояды. Табиғи материалдармен жұмыс істеу ұқыптылықты, зейінділікті талап етеді. Жұмыс үш кезеңнен тұрады.

  Бірінші кезеңде табиғи материалдарды таңдау, талдау жасау (бұтақтар, кепкен жапырақтар, шырша бүрлері, ағаш қабықтары, т.б.) артық бөліктерін алып тастап, белгілі бір бейнеге ұқсату жолдарын ойластырады.

  Екінші кезеңде табиғи материалдарды қолданып, негізгі алға қойған міндеттерді шешуде заттың жеке бөліктерін, негізгі бөліктеріне біріктіру, бейнені нақты бере білуге талпынады. Табиғи материалдардың сапасына, беріктігіне назар аударады.

  Үшінші кезеңде баланың жұмыс істеп отырған тақырыбына сәйкес мазмұн бере әсерлеп безендіру, ой-қиялын дамыту, шығармашылық белсенділігін арттыру, еңбек нәтижесінің сапалы болуына көңіл бөлінеді.

  Табиғи материалдармен жұмыс істеуде, сабақ кезінде және арнайы мақсатты серуендер мен топсеруендерге (экскурсия) апарғанда, жұмыс істеуге қолданылатын материалдардың сапасын анықтап (қатты, жұмсақ, тегіс немесе тікенекті, мамық-үлпілдек, т.б.) өзі дайындайтын затқа лайықтап таңдап алады.

  Табиғи материалдармен жұмыс істеудегі негізгі міндеттер:

  • болашақта өзі дайындайтын затқа сәйкес табиғи материалды таңдап алу іскерлік дағдыларын қалыптастыру;

  • негізгі әдіс-тәсілдерді қолдану дағдыларын қалыптастыру (артық бөлшектерден тазалау, құрастыру, кеңістікте орналастыру, бір-біріне біріктіру, беріктігін сақтай білу, т.б.);

  • заттың бейнесін тұтас бере білу дағдысын қалыптастыру;

  • баланың өз ойынан мазмұн бере бейнені әсерлей білуі, табиғи материалдардың өзіндік ерекшелігін сезініп, дұрыс қолдана білуге жаттығуы.

Балалардың табиғи материалдардан  дайындаған заттары: алуан түрлі

икэбаналар, сабаннан жасалған адам, жәндіктер, т.б. кейіпкерлер бір-біріне сыйлық етіп ұсынуға, мерекелерде ата-аналарына, достарына сыйға тартуға, топ бөлмелерін безендіруге қолайлы. Әрі мұндай жұмыстардың тәрбиелік мәніде зор.

  Табиғи материалдарға талдың қабығы, бұтақтар, тал түбірі, құм, жапырақ, гүл күлтелері, кепкен жемістер, сабан және т.б. заттар жатады.

  Мұндай материал түрлерінен панно, коллаж, икебано, ойыншықтар, қораптар, сурет жақтаушаларын, себеттер жасайды. Әр түрлі бұйымдарды жасамас бұрын оған материалдарды дайындап алу қажет. Ол үшін қолданылатын табиғи материалдарды тазалап кептіріп алады. Кептіру жолдары да әр түрлі. Мысалы, “икебано” жасау үшін өсімдіктерді сол қалпында түбін жіппен байлап іліп қояды.

  Жапсырмалау технологиясымен панно орындайтын болса, әр өсімдікті қағаз арасына салып, ауыр затпен бастырып кептіреді.

  Сабаннан бұйым дайындағанда оның ұзындығын бірдей қылып кесіп алады. Ыстық су құйылған ыдысқа сабанды біраз уақыт салып қояды. Өткір қайшымен немесе пышақтың ұшымен екіге жара кесіп, тақтайдың үстіне салып үтіктейді. Үтіктің қызулығына байланысты әр түсті сабан алуға болады. Панно сызбасын дайындап, сабанды желімдеп қиып алады. Қиылған бөлшектерді сурет бойынша құрастырып жапсырмалайды. Бетіне түссіз лак жағады. Ал сабанды өру не тоқу үшін керісінше оны салқын суға салып қояды.

Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулу сабақтары барысында     қолданылатын табиғи материалдардың түрлері.

              Республикамыздың кең-байтақ аймақтарында өмір сүретін әрбір адам өзі тұрған өлкесінің табиғат байлығын меңгереді. Бірі−диқан, екіншісі−қолөнерші, үшіншісі−тігінші,   төртіншісі−құрылысшы. Өсімдіктердің қалай өсетінін бақылап,қағаздан,матадан және табиғи материалдардан бұйым құрастыруды үйренесіңдер. Табиғат таң қаларлықтай бай. Табиғи материалдар түрлі. Ол−адамның ой-қиялының қайнар көзі! Егер құрғақ жапырақтан, гүлдерден, ұлу қабыршағынан, жаңғақтан түрлі сувенирлер, ойыншықтар, басқа да бұйымдар жасағың келсе, онда бай табиғат шеберханасы сенің көз алдыңда!

  Әсемді бұйымдар жасау үшін, ең алдымен табиғат яғни, табиғи материалдардың қасиеттері және олармен жұмыс істеу оқушылардың қиялын, ақыл-есін дамытатын және де белсенділігін арттырудың бірден-бір әдіс болып табылады. Бастауыш мектепте еңбек сабағында табиғи материалдардың әр алуан түрлерімен жұмыс жасауды оқушылар үйренеді. Оның қасиеттерін үйрену және оны ескерту мұғалімнің басты міндеттерінің бірі.











Сабақтың тақырыбы:

Табиғи материалдармен жұмыс . Шиден композиция құрастыру

Мектеп: «Созақ» жалпы орта- мектеп гимназиясы

Күні:

Мұғалімнің есімі: Исаева Н.М.

Сынып: 4-сынып


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:-

Сабақтың негізделген оқу мақсаты(мақсаттары)

Табиғи материалдармен жұмыс жасау арқылы оқушылардың ойлау,іскерлік,шеберлік қабілеттерін дамыту, әсемдікке, шығармашылыққа баулу.

Күтілетін нәтиже




Табиғи материалдар туралы ұғымдарын,білімдерін кеңейтеді.

Табиғи материалдарды пайдалану арқылы шыны құмыраларды безендіріп жапсыра алады.

Табиғи материалдармен жұмыс істеу арқылы оқушылардың іскерлік,шеберлік қабілеттері дамиды.






Әдіс-тәсілдер:

СТО ,мәтінмен жұмыс, сәйкестендіру тапсырмалары, «Табиғат өзгерістері», «Аквариум», «Екі айналмалы шеңбер», «Кері байланыс» сұрақ-жауап,АКТ .

Қолданатын құрал-жабдықтар:

Қағаздар ,маркерлер,слайд-презентация,табиғи материалдар,шыны құты вазалар,қылқалам,салфетка,желім,тапсырмалар.

Тілдік мақсат:

Оқушылар жаңа сабақ бойынша мәтінді оқып,мазмұнын түсініп, өзара талдап сөйлей біледі.



Сұрақтарға толық жауап береді, ой-пікірлерін айта алады

Табиғи материалдармен декоративтік безендіру әдісін түсіну.

Сабақтың кезеңдері:


Ресурстар

I.Ұйымдастыру

Сәлемдесу.

«Табиғат өзгерістері» ойынын ойнау.

Топқа «Раушан», «Жауқазын» гүл аттарымен бөліну.

Әр тапсырманы топ басқарушылар бағалау парағы арқылы бағалап отырады.

Тапсырманы толық орындады- «5»

Қателіктері болды- «4»

Орындады,көп қателіктер жіберілді- «3»

.



Топқа бөліну,

бағалау парағы,

маркер,қағаз,

кесте қағаздар




Алдыңғы оқу


АКТ –ны пайдалану арқылы тапсырмаларды орындау.

Сәйкестендіру тапсырмалары.

1.Гүл өсімдіктерінің қанша түрлері бар ? 3000 –ға жуық

2.Гүлді бөлмеде қандай мақсатпен өсіреміз? Сәндік үшін,ауаны тазарту үшін.

3.Гүлдің көпшілік түрлерін қай елдерден әкелінген? Оңтүстік Африкадан,Үндістаннан,Қытайдан.

4.Гүлді қалай күтеміз? Күн аралатып суару қажет,топырағын қопсыту,шаң-тозаңнан тазартып тұру керек.

5.Гүл қандай газды өз бойына сіңіріп,қандай газды бөліп шығарады? Көмір қышқыл газын сіңіреді,оттегін бөліп шығарады

АКТ –ны пайдалану арқылы тапсырмаларды орындау. «Сәйкестендіру» әдісі


Жоспардың басталуы

Тапсырмалар

1.-тапсырма

Табиғат адам өміріндегі ең керекті қазына көзі. Қолөнер бұйымдарын жасауда қолданылатын табиғи материалдардың түрлері көп. Шырша, қарағай жаңғақтары, ағаштардың дәндері,жапырақтары, бұтақтар,тастар,өсімдіктер,гүлдер,астық тұқымдастардың дәндері және олардың күлтелері бұйым жасауда таптырмас материалдар.Заттарды декоративті безендіруде манка крупасы ерекше пайдаланылады.Сондай-ақ жарма,қарақұмық,күріш,тары,бұршақ,макарон өнім түрлерін дайын бұйымдарды безендіруге алуға болады. Соңғы кездерде қолданбалы –сәндік өнерде аталған дәндер түрлері ғажайып өрнектер ,сәнді гүлдер жасап декоративтік безендіруде кеңінен қолданады.

Шыны құмыларды табиғи дәндермен безендіру үшін:

1.Дайын құмыра сыртына гүл немесе өрнек суретін салып алу.

2.Өрнек суретіне сәйкес табиғи дәнді таңдап алу.

3.Салынған өрнек немесе гүл суретіне ұқыпты етіп желім жағу.

4.Желім жағылған шыны құмыра үстіне дәндерді шимен,қажетті құралмен реттеп жапсыру.

5.Артық желімді салфеткамен сүртіп отыру.

6. Өрнек бойымен жапсырылған

дәндерді сәйкес түспен бояу арқылы безендіруге де болады.

Қауіпсіздік ережелер.

1.Жұмыс формасын кию.

2.Желімді үстіңе тигізбей ұқыпты пайдалану.

3.Қылқаламды дұрыс ұстап,желімді артық алмау.

4.Желімнің артық мөлшерде жағылған жерлерін салфеткамен сүрту.

5.Дәндерді реттеп жапсыратын құралдарды ұқыпты,тәртіппен пайдалану.

6.Шыны құмыраларды жұмыс істеу кезінде өте сақтықпен,қауіпсіздікті есте сақтап жұмысты орындау.


«Аквариум» стратегиясы бойынша жаңа сабақты меңгеру.




Ортасы




2.-тапсырма «Айналмалы шеңбер» әдісімен жаңа оқыған материал бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы білімдерін тексеру.




Сергіту жаттығуы

3-тапсырма. Практиклық жұмыс.(Музыка үнімен практикалық жұмысты орындау.)

Шыны құмыраларды табиғи материалдармен декоративті безендіру.

1.Дайын құмыра сыртына гүл немесе өрнек суретін салып алу.

2.Өрнек суретіне сәйкес табиғи дәнді таңдап алу.

3.Салынған өрнек немесе гүл суретіне ұқыпты етіп желім жағу.

4.Желім жағылған шыны құмыра үстіне дәндерді шимен,қажетті құралмен реттеп жапсыру.

5.Артық желімді салфеткамен сүртіп отыру.

6. Өрнек бойымен жапсырылған

дәндерді сәйкес түспен бояу арқылы безендіруге де болады.




«Айналмалы шеңбер»әдісімен сұрақтарға жауап беру





















1.Сергіту жаттығуы

2.Топпен практикалық жұмысты орындау.





Түсті қағаздар,қайшы,желім






Аяқталуы


Оқушылар өз жұмыстарын аяқтап,безендіру.

Практикалық жұмысты аяқтау

Саралау

Бағалау топ басшысының қойған ұпайы бойынша қорытындысын шығарып,топ мүшелерінің тапсырманы орындауына тоқталу.Топ басшыларының бағалауы.

Пәнаралық байланыс

биология пәнімен байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ер-і

АКТ-мен байланыс

Үйге тапсырма

1.Шыны құмыраларын жапсыруды аяқтау.



Рефлексия

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын айтты.

«Қарлы кесек» ойыны арқылы:«Бүгін не үйрендің?», «Не қызықты болды?» туралы ой-пікірлерін айту.

Оқушылар стикерлерге өз тілектерін жазып жапсырады.


Стикерлер,

«Екі жұлдыз,бір тілек»

Қорытынды бағамдау:


Оқушылар табиғи материалдармен жұмыс істеу дағдыларын үйреніп..Шыны құмыраларды табиғи дәндермен безендіру әдісін мңгеріп ,білді.Жаңа сабақ бойынша сұрақтарға толық жауап берді.Топтық жұмыста топ басшылары бағалайды.Топтар жұмыс барысында белсенділікпен жұмысты орындады.
































































Қорыта келгенде, қазақ халқы халықтық педагогикасында қыздар мен ер балалардың эстетикалық көзқарасының дамуына үлкен мән берген. Қазақ халқы қыздар мен ер балаларды қолданбалы өнерге үйрете отырып, әсемдік сезімін, сұлулықты түсініп, өмірді өнегелі етуді, қоршаған ортаның түрі мен бояуын қабылдай білуді үйрете келе, осы мақсатта күнтізбелік жоспар бойынша 9-шы сынып оқушыларымен «сәндік қолданбалы өнер» тарауының «Баспа кестесін тігу» технологиясы бойынша жұмыс жүргіздім .

Қазақ қолөнері өзінің төлтума бітім қасиетімен көркемдік мән-мағанасымен, шын мәнінде, халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы, соның бірі кестелеу өнері. Сол кестелеу өнерді жоғалтпай үйреніп, ары қарай дамыту біздің міндетіміз.

Ертеде халқымыз тұтынған бұйымдарының бәрін кестемен әшекейлеп безендірген.

Осы мақсатта күнтізбелік жоспар бойынша 9-шы сынып оқушыларымен «сәндік қолданбалы өнер» тарауының «Баспа кестесін тігу» технологиясы тақырыбында жұмыс істеу.

«Баспа кестесін тігу» технологиясының жоспары.

Қ/С


Сабақтың тақырыбы

Сағаты

Теория

Сарамандық жұмыс

1

Кіріспе сабақ. Кесте туралы мағлұмат беру.

Баспа кестесін тігіу технологиясы. 1

Түрлі паннолар жасату.


1


2



Материалдар дайындау.

Матаны кергішке керу.


1

3



Мата бетіне сурет салу, 1

Эскизін дайындау


1

4


Эскиз бойынша кестелеп тігу


1

5


Баспа кестесін тігіу


1

6


Қортынды сабақ


1



«Баспа кестесін тігу технологиясы» тақырыбындағы сабақтың мақсаты: Ұлттық колөнер кесте тігу өнері жайлы мағлұма беру. Қазақ халқының ұмытылып бара жатқан кесте тігуі өнерінің қазіргі заман талабына сай, сұранысқа ие болатындай етіп панно жасауға үйрету. Теориялық алған білімдерін, сарамандық жұмысқа пайдалана білу оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, танымдық қабілетін , ой-өрісін дамыту.

Оқушыларды осы өнер түріне қызықтырып, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, шеберлікке әдемілікті сүйе білуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

-Техника қауіпсіздігі мен еңбек мәдениетін меңгертуге бағыттау;

- Материалды ұқыпты үнемді пайдалану, композиция негізін тігіп үйрену;

- Өз-еркімен бұйымдарын заман талабына сай түрлендіру, талдау арқылы еңбекке деген шығармашылық көзқарасын қалыптастыру.

Көрнекілігі:

Интерактивті тақта (көрсетілім арқылы ) паннолар, картиналар, кесте түрінен жиынтық бүктемелер.

Сабақтың кіріспе бөлімінде қазақтың ұлттық қолөнері кестенің тарихы жайлы мағлұмат беріп, кесте тігудің әдіс-тәсілдерін көрсете отырып, тігіп көрсеттім. Кесте - мата, тері, киіз т.б. материалдар бетіне әр-алуан өрнектер мен суреттер салып, әр-түрлі жіптермен, зермен тігілетін қолөнердің бір түрі. [3]

Кестені бұйым бетіне түгел бастыра немесе топ-топтап әр жеріне тігеді. Қазақ салтында үй жиһаздарын, баскиім, киімдерді, аяқ-киімдерді т.б. бұйымдарды әшекейлеу үшін кесте өнері кеңінен пайдаланылған. Кесте инемен, бізбен, және кесте тігу машинасымен тігіледі. Иненің жуан, жіңішкелігі (материалдың қалыңдығына және жіптің жіңішкелігіне) байланысты болады.

Ғасырлар талғамынан өткен асыл қазына кестелеу өнерін жоғалтпай үйреніп, ары қарай дамыту біздің міндетіміз. Кестенің әдемі әшекейлері адамның тұрған жеріне, мәдениетіне, саудасына, көршілес елдермен қарым-қатынасына байланысты болған.

Ұрпақтан - ұрпаққа жалғасудың арқасында әр-бір елдің шеберлері өзіне тән ерекшеліктерімен, тігудің сан түрлі әдістерін киімге, тұрмыстық бұйымдарға, әшекей заттарға қоса білді. Баспа тігісі тік, көлденең және қиғаш болып әр түрлі түсуі мүмкін. Кестемізді солдан оңға қарай жүргіземіз . Инені матаның оң жақ бетіне шығарып, жоғары қарай бір тігіс түсіріледі. [4]

Енді матаның астына түскен инені алғашқы шаншылған жерден деңгейлестіре, оң жаққа қарай әкелеміз де, жаңа тігіс түсіреміз.

Тігістер жиі, ашық жері қалмай орындалуы тиіс.

Shape2 Shape1 Баспа Айқас





Shape3

Кесте тігіс түрлері



Shape5 Shape4 Шым терме





Shape7 Shape6



Жұлдызша Қиғаш

Кезекті нұсқау

Кесте тігудің алдында жұмыс орнын дұрыс дайындап алу қажет, мысалы: Мата түрін таңдау, оған лайық жіп дайындау қолдануға ыңғайлы құралдар, кестеленетін суретті матаға дұрыстап көшіру сияқты жұмыстарды алдын-ала дайындаса, жұмыс өнімді болады. Қайшымен, түйреуішпен, ине, үтікпен жұмыс істеуде техникалық қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау өте қажет шаруа. [5]

Жұмыс орнын дайындау

Жұмыс столына жарық сол жақтан түскені дұрыс .Егер де столда керекті материалдарды сақтайтын қорап жоқ болса, жіппен инелерді арнайы шағын қапта, құралдарды қорапшада, өрнектелген кальканы, суреттерді папкада сақтау, жұмыс барысын жеңілдетеді. Кесте тіккенде денені дұрыс ұстауды естен шығармаған жөн, басты тым төмен ұстамай, бүкшиіп еңкеймей денені тік ұстап шамалы ғана еңкею қажет. Кесте тігетін мата мен көздің ара қашықтығы 25-30 см-ден жақын болмағаны дұрыс. Орындықтың арқалығына сүйеніп столға жақын отырып жұмыс істеу тез шаршатпайды. [5]

Сарамандық жұмыс

1. Кестеленетін матаға сурет салу.

2. Матаны арнайы кергішке керу.

3. Түс үйлесімділігін дұрыс таба білу.

4. Баспа тігістері жиі, ашық жері қалмай орындалуы тиіс.

5. Технологиялық карта бойынша жұмыс орындау.

6. Жақтауша жасау.

Өз бетімен жұмыс істеп жатқанда оқушылардың назарын бұйымға қойылатын эстетикалық талаптарға: тігістің біркелкі болуы, жіптің түсінің үйлесімділігі, астарынан жіптердің дұрыс мықты түйіндеуге аудару қажет.







Қортынды сабақтың тақырыбы: «Талаппен бастап-талғаммен аяқта»

Мақсаты:

Білімділігі: Баспа кестесін тігу технологиясы жайлы алған білімдерін қортындылап, өнерге деген қызығушылығын ояту.

Дамытушылығы: Оқушылардың ізденушілігін, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру .

Тәрбиелігі: Қолөнер туындыларын қастерлеуге, ұжымшылдыққа, ынтымақтастыққа, әсемділікке, біткен бұйымға талдау жасауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Қортынды сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ- жауап, шығармашылық жұмысты қорғау, топпен жұмыс.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта (көрсетілім арқылы) паннолар, картиналар, кестеден жасалған бұйымдар, мақал-мәтелдер.

Керекті құрал-жабдықтар: Шығармашылық жұмыс папкасы, әр топтың жасаған паннолары.

Пайдаланған техникалық құралдар: Интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, бейнелеу, музыка.

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылардың қатысуын тексеру

ә) Керекті құрал-жабдықтар дайындау.

б) Оқушыларды топқа бөлу.

1. Шеберлер тобы.

2. Ісмерлер тобы.

3. Өнерлілер тобы.







Қорытынды сабақтың бағдарламасымен танысу:

1. Кіріспе. Қолөнер туындыларына саяхат.

2. Сұрақ-жауап.

3. Мақал- сөздің мәйегі. Мақал-мәтелдің жалғасын табу.

4. Түсіндірме сөздік бойынша жұмыс.

5. Шығармашылық жұмысты қорғау.

1.Кіріспе. Қолөнер туындыларына саяхат (қолөнер туындыларының суреттері көрсетіледі) С.Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі орындалады.

Слайд. Ұлттық кесте туындыларының суреттері.

Қазақ халқы көмейінен ән тамған, бармағынан бал тамған , төрт түлігі осы кешеден бүгінге дейін мыңғырған, өнерлі, батыр, бай халық. Оны кешеден бүгінге дейін жетіп отырған мәдени мұраларымыз дәлелдейді. Кестенің әдемі әшекейлері адамдардың тұрған жерлеріне, мәдениетіне, саудасына көршілес елдермен қарым-қатынасына байланысты болған. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасудың арқасында әрбір елдің шеберлері өздеріне тән ерекшеліктерімен тігіудің сан түрлі әдістерін киімге, тұрмыстық бұйымдарға, әшекей заттарға қоса білді.

Сұрақтар

1. Кестенің қандай түрлерін білесіңдер?

2. Кестемен қандай бұйымдар әшекейленеді?

3. Кесте тігу үшін қандай құрал жабдықтар қажет?

4. Баспа кестесінің тігілу ерекшелігі қандай?

5. Баспа кестесіне қандай жіптер пайдалануға болады?

«Мақал –сөздің мәйегі» сайысы

Мақсаты: Екі топ кезектестіре отырып, бірінші топ мақал-мәтелдің бірінші қатарын айтады, екінші топ жалғасын тауып айтуы тиіс.

1.Кестенің сыры -түрінде, кілемнің сыры –түрінде.

2. Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын.

3. Өнер таусылмайтын азық, өнер жұтамас байлық.

4. Ою ойғанның ойы ұшқыр.

5. Үйренгенің өзіңе құт , істегенің еліңе құт.

6. Шеберді шеге қағысынан танисың.

Шығармашылық жұмысты қорғау.

1-топ. Кесте тоқудың әдіс-тәсілдерінің ерекшеліктері.

2-топ. Кестеге пайдаланатын жіп түрлері.

3-топ. Бөлме интерьерін безендірудегі кестеден жасалған паннолардың ролі .

Шығармашылық жұмыс, интерактивті тақтамен көрсетілім арқылы қорғалады.

1. Мәліметтер мен суреттер жинақталған папка.

2. Паннолар.

Түсіндірме сөздік бойынша жұмыс.

1. Қолөнер-сәндік дәстүрлі кәсіби өнер.

2. Құрал -жабдық қандай да бір жұмысты жасауға қажетті сайман.

3. Эскиз - түсініктемелер берілетін қолмен салынған сурет.

4. Технология - белгілі бір өндіріс саласының өндіру әдістері процесі.

5. Панно-бөлме ішін безендіру үшін қолданатын қабырға суретті..

6. Сұраныс-талапты қанағаттандыру.











Сабақты қорытындылау.

Қорытынды сабақтың қай кезеңі қызықты болды? Сендер жасаған панноның кәзіргі таңда үлкен сұранысқа ие болады деп сенемін. Бұл уақыт талабы, сондықтан жастар өнерді сұраныспен жұмыс жасап, ізденіс үстінде болу қажет.

Баспа кестенің нұсқау картасы




қ/с


Жұмыстың орындалу реті


Керекті заттар


1

Матаны кергішке керу


Кергіш, мата

2

Кестеге арнап ою-өрнек таңдау



3

Матаға өрнекті салу

Мата, бор


4

Матаға сызылған өрнекті сызық бойымен кестелеу

Біз, жіп, қайшы


5

Ішкі жағын түрлі өңді жіптермен

толтыру

Біз, жіп, қайшы





















Қорытынды

Қорыта келгенде, еңбекке үйрету, іс-әрекетті ойлау. есте сақтау, жан-жақты дамыған тұлғаны, шығармашылық қабілетті көркем өнерлік талғамды қалыптастыруға тәрбиелейді. Технология сабағындаөнер туралы мақал-мәтелдер, ұлттық музыка туындыларын, сонымен қатар әрбір сабақты көрсетілім жасау арқылы өткізу, көрмелер осы пәнді меңгеруге көмектеседі.

Баспа тігісімен тігу технологиясы, оқушылардың қызығушылығын арттырып, ой-өрісін дамытуға көп көмегін тигізеді.

Білімді, жан-жақты, тәрбиелі, өнерлі қабілетті жастар ұлтымыздың баға жетпес қазынасы.



















Пікір

«Созақ» жалпы орта мектеп- гимназиясының технология пәнінің мұғалімі Тұрсынбаева Пакизат Қадырқұлқызы 29 жылдан бері еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде өз пәнін жетік меңгерген, ұстаз ретінде танылып, оқу бағдарламасын талапқа сай меңгертіп, өмірде алған білімдерін пайдалануға баса назар аударады. Қыры мен сыры мол технология мамандығына мектептен бастап қызығушылығын арттыру мақсатында жаңа ақпараттық технологияны пайдалана отырып, түрлендіріп сабақ өтеді.

"Кілем тоқу", "Жұлдызша кестесін тігу" сабақтары мен "Қолөнері мол өнері", "Жас шебер" атты шығармашылық көрмесі оқушыны қызықтырған мақсатына жеткен сабақтар болды. Тәжірибелі ұстаз Тұрсынбаева Пакизат 9 «А» сыныбына өткен "Талаппен бастап- талғаммен аяқта" атты сабағы кесте тігу жайлы білімдерін тиянақтау, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, қазақ халқының дәстүрлі қолөнерін дәріптей білуге және жан-жақты ізденуге негізделген.





Бірлестік жетекшісі: П. Тұрсынбаева

























Пайдаланылған әдебиеттер:



1. Шебердің қолы ортақ

2. "Шаңырақ энциклопедиясы" 1991 жыл.

3. "Мектептегі технология"2007 жыл, № 10.

4. "Мектептегі технология" 2004 жыл, № 1.

5. "Мектептегі технология" 2009 жыл, № 9.

































І. Білім саласындағы кез келген пән-қандай ортада болмасын өзінің айтар ойы, өмірге деген көзқарасы, нақты жеке тұлғаны қалыптастыруға өзіндік үлес қосары анық. Технология пәнінің басты мақсаты-оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ете отырып, қазіргі заманның технологиялық мәдениетіне, яғни бұйымдарды көркем жобалауға, өңдеп, өндіруге бейімдеу болып табылады. Сондай-ақ оқушылардың техника мен технология әлемін зерттеп, зерделеуін, кәсіптік іс-әрекет элементтерінен практикалық тәжірибе алуын қарастырады.

Технология атты жаңа интегративті білім саласын меңгеру оқушылардың жалпы білім мен дағдыны меңгеруіне мүмкіндік береді, интеллектуалдық, тұлғалық, этикалық дамуын, өзіндік, кәсіптік айқындалуын, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделуін қамтамасыз етеді.

ІІ. а) Өз іс тәжірибемде оқушыларға кәсіптік бағдар беру, белгілі бір мамандыққа бейімдеу және өзіндік кәсіптік айқындалуы үшін Қазақстанға белгілі педагог-ғалым Әл-Фараби атындағы университетінің психология кафедрасының профессоры Түрікпенұлы Жолмұханның әдістемесі бойынша:

  1. Оқушылардың «Ынта-ықыласын анықтау картасы»,

  2. «Менің қалауым » атты дифференциалды диагностикалық сауалнаманы пайдаланып жүрмін.

Менің 5-9 сыныптарға технология пәнінен сабақ бергендегі байқағаным, кез келген 5 сынып оқушысы бастауышта алған білім негізінде бір салаға ынта-ықыласы болады. Сол сала оған ұнайды. Мұғалім оқушының сол қызығушылығын анықтап, сол сала бойынша оқушыны бейімдеуі керек. Сондықтан 5-сыныпта оқу жылы басында «Ынта – ықыласын анықтау картасын» жүргіземін. Мұнда оқушылардың кәсіби айқындалуына мұғалімнің рөлі жоғары. Кәсіптік мәнін ашып, өмірге, қоғамға қажеттілігін үнемі сабақта айтып, дәлелмен нақтылап түсіндірсе, әрине сол кәсіпке бейім оқушылардың бейімділігін дамытуға болады. Бейімділігін дұрыс анықтай алмай жүрген оқушылар қосымша қосылады.

ә) Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру технология пәні мұғалімдерінің алдарына қоятын мақсаттар мен міндеттеріне өте жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Оқушыларға білім, білік және кәсіптік бағдар беру барысында мұғалім әр оқушының алдында оның келешегіне шын мәнінде жауапты екендігін сезіну қажет. Осы үлкен міндетті атқару үшін технология пәнінің мұғалімінің өзі білімді, мәдениетті, жаңашыл болуы қажет деп ойлаймын. Әрине, көптеген мектептерде бұрынғы ізбен «еңбек сабағы» деп көңіл бөлмеуі де мүмкін, бірақ өз пәнін жоғары бағалайтын мұғалім парызын ұмытпауы керек. Сол себептен әр сабағын жаңашылдандырып өткізуді мақсат етіп, күрделі дайындықпен сабақты өткізуге қалыптасқан жөн. Сабақтың сапасы – ол оқушының білімділігі, біліктілігі, мәдениеттілігі.

Бұл салада бірінші сәттілік:

  • мұғалім проблемасын анықтап, алдына мақсат қояды;

Екіншісі - тақырыптық күнтізбелік бағдарламаны жан-жақты зерттеп, мектеп ерекшелігін ескере отырып, дұрыс құруы, мұғалімнің мақсатына жету жолының ашықтығы.

Оқушылардың қызығушылығы мен бейімділігін дамыта отырып,

кәсіби айқындалуын жетілдіру болашақ кәсібін қателеспей табуына

көмек болады. Кәсіптік мектептерде, оқу-өндірістік комбинаттарында

кәсіптік мамандық алуына жол ашады. Бұл жұмыстар жеткіншектердің

кәсіптік бағдарды сезінуіне, еңбекті бағалауына, сүйіп атқаратын

жұмысқа дағдылануға, жауапкершілікті сезінуге, мінез-құлық және

қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізеді.

Сабақ барысында қыздарды тігінге үйретудегі мақсатым-халқымыздың ежелден келе жатқан ұлттық өнерлерімен оқушыларды жеке таныстырып, үйрету. Сапалы білім берумен қатар еңбекке де баулу, үйрету аса қажет, жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді деп ойлаймын. Тұлғаның эстетикалық бейнесі өнер мен табиғатты қабылдауы және адамдар арасындағы қарым-қатынастағы қызметі арқылы көрінеді. Талантты және дарынды оқушылардың бойында даму және шығармашылық қабілеттер өнердің түрлі саласында өз ерекшелігіне қарай көрінеді.

б) Жеткіншек ұрпақты ұлттық сезім мен рухта тәрбиелеуде ұлттық ою-өрнектердің алатын орны ерекше. Қазақ халқының қолөнерінің арнасы кең, түрі сан алуан. Халқымыздың өмір тіршілігінде ою-өрнек қатыспайтын саланы табу қиын. Өнердің басқа да түрлері секілді қолданбалы қолөнері технология пәнінде ұлттық ою-өрнекті қастерлеуге жол ашады. Дәстүрлі қазақ өнерінің ерекшелігін айтқанда, қазақ өміріндегі ежелден дамыған ою-өрнек ерекше эстетикалық сезімді үнсіз айғақтайды. Ою-өрнектің көнеден келе жатқанын дәлелдейтін бұйымдар мұражайларда сақталуда.Адамдар ертеден-ақ өздерін қоршаған айнала дүниені тасқа бейнелеген, бертін келе киім-кешектеріне, қолданатын бұйымдары меныдыстарға қарапайым сурет ретінде салған, осылай бірте-бірте ою-өрнек пайда болды.

Ою-өрнек халықпен бірге жасасып, оның рухани материалдық игілігіне айналып келеді. Бүгінгі таңда қайта дамып, бай мазмұн, жаңа түр тауып, өнер саласында биік деңгейде дамуда. Өнер өшпейді, сөнбейді, көнермейді. Әрбір сабақта кәсіпке оқыту әрбір оқушының өмірі үшін өте қажет деп санаймын. Өйткені талаптанған бала әрқашан өз мақсатына жетеді.

в) Қазіргі заманғы мектептің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі-оқушыларда білім мен шеберліктің қалыптасуы болып табылады. «Жасөпірімнің дербестігі педагогикалық мақсатқа бағытталса, жақсы нәтижелерге жеткізеді, жауапкершілік сезімін арттырады, шығармашылық бастаманы дамытады, оны белсенді етеді»,- деп жазды

Н. Левитов. Көркемдік –қолданбалы жұмыстар барысында оқушылардың еңбек білімі мен шеберлігін қалыптастыру үрдісінің педагогикалық мақсаты болу үшін оқып, үйрету барысында олардың ақыл-ой қабілеттері мен іс-әрекеттер ерекшеліктерін ескеру керек.

Қазіргі кезде заман талабына сай, мектептің, ұстаздардың алдына қойған мақсаты-мектеп қабырғасында тәрбиеленіп келе жатқан жас ұрпақты ұлтымыздың көнеден келе жатқан салт-дәстүрімен таныстыру, еңбекке деген шеберлігімен икемділігін, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Бұл тек ұстаздардың ғана емес, сонымен қатар қазақтың көне салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тұрмыс –тіршіліктерін, қолөнерін жадымызда ұстау, келешек ұрпаққа үйрету, жөн сілтеу, ата-бабаларымыздың дәстүрін ұмыт қалдырмау-баршамыздың парызымыз.

Егеменді қазақ мемлекетінің болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оның сонау ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен, мәдениетімен сабақтастыра отырып, халықтық қолөнерін сақтап қалуға тәрбиелеу-ұлтжанды ұлғатты ұстаздардың абыройлы ісі.

Келешек мектептер 12 жылдық оқу бағдарламасында да біздің қазақтың қолданбалы қолөнерінің оқушыларға беретін тәрбиелік мәні өте зор болмақ. Ұлттық тәрбие беру бесігіндегі оқушылардың ата-баба дәстүрін, мәдениетін, қолөнерін және азаматтық арнадағы асыл қасиеттерін еңбекке баули отырып, жан-жақты эстетикалық тәрбие беру, мәдени мұраны жүйелі меңгеруге, рухани мұрасын бағалай білуге тәрбиелеу мүмкіндіктері қарастырылады. Сондықтан оқу-тәрбие жұмысының барысында, технология сабағында оқушыларға кәсіби технология пәнінің үйірме жұмыстарында халқымыздың ұлттық қолөнерін халқымыздың салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен таныстыра отырып, оқушының іскерлігін, дағдысын, еңбекке деген ынтасын қалыптастыруды негізгі мақсат етіп қою- біздің міндетіміз. Ұлттық мәдениетке негізделген қазақ мектебінің қайта түлеуі қазіргі таңдағы көкейкесті мәселе болып отыр. Өйткені оқушылардың көркемдік білім алуын арттыру және рухани деңгейін дамыту, шығармашылыққа тәрбиелеу- қазіргі білім беруде көзделіп отырған мәселе. Осы тұрғыдан келгенде оқушылардың жұмыс істеу әдет – дағдыларын көркем шығармашылық іскерлікпен жалғастырып дамыту мәселесі қарастырылады. Оқушыларды әсемдікті сезініп, түсініп, қадірлей білуге баулу эстетикалық тәрбие беру арқылы іске асырылады.

Өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек , мол іждағат, мейірімділікпен қоса, кәсіби дарын ізденімпаздық, іскерлік керек екендігін баса айтуымыз керек.

Мектепте технология сабағын халықтық педагогикамен ұштастырудың маңызы зор. Еңбек оқушылардың ең бірінші өмірлік қажетіне айналу үшін, еңбек ету талабын адамның бойында тәрбиелеудің зор маңызы бар. Бұл міндет- адам өзі ынта қойған еңбекпен шұғылданып, оның бейімділігімен мүддесіне сай келетін және адамгершілік қанағат беретін іспен шұғылданған жағдайда жүзеге асырылады. Сондықтан да бұл міндеттерді шешу еңбекті дұрыс таңдап алумен аса тығыз байланысты.

Технология сабағы- мектеп оқушыларын рухани байытып, дүниетанымын қалыптастыратын пәндердің бірі. Технология пәнінде ұлттық қолөнерді, тәрбиені үйрету арқылы мынадай дағдыларды немесе іскерлікті қалыптастырамыз:

  • еңбекқорлыққа;

  • ұлтжандылыққа;

  • рухани мәдениетке;

  • іскерлікке;

  • шыдамдылыққа;

  • ізденімпаздылыққа.

Халық қолөнерінің бай мұраларын жинап, сұрыптай отырып, заманымызға сай лайықты сапа, түр беру әдісімен оларды ілгері дамыта беруіміз керек.

Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан өміршең өнер. Қолөнер өзіне тән әлемі, қоршаған ортасы, өзіндік күші бар, ол ешқандай өтпелі құндылықтарға бағынбайды. Өзіне деген тыныштық пен сенім бізге белгілі бір дағдылар мен икемдерге жеткізеді.













































ІІІ. Қорытынды




Ұлттық педагогиканың насихаттауда қай пәннің болса да ыңғайы мен мүмкіндіктері мол. Соның ішінде технология сабағында халқымыздың қолөнеріне үйрету арқылы оқушыларға ұлттық дәстүрде тәрбие берудің артықшылығы көп. Қолөнерге баулу, шығармашылықпен ұштастырып білім беру, еңбек етуге баулу мен қатар ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрге тәрбиелеу қазіргі заман талабы. Қолөнерге қызықтыру үшін кез келген бұйымның , туындының жасалу құпиясын, тарихын ашып көрсетсек, қосымша әдебиеттерден мағлұматтар берсек, қайталанбас ерекшеліктерге толы жасалу технологиясымен таныстырсақ оқушы іскерлікпен шығармашылыққа кіріседі. Оқыту үрдісінің ғылыми негізі мұғалімнің өз жұмысын жоспарлай білгеніне байланысты, сонымен бірге ол оқушының іс-әрекетін де ұйымдастыра білуінде. Оқыту бағдарламасының логикалық жүйілілігін сақтау, ең алдымен, күнтізбелік тақырыптық жоспарды дұрыс ұйымдастыру білуде.

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», - деп қазақ халқының ұлы, кемеңгер, данышпан ақыны Абай айтқандай, зерек те, іскер бес саусағынан өнер таматын шәкірттерді оқытуға, үйретуге біз, ұстаздар, әрқашанда дайынбыз. Бабаларымыздан жеткен асыл мұраны шаң басқан жерінен сілкіп, тот басқан бетін ашып, кейінгі ұрпаққа жеткізетін кез жетті деп ойлаймыз.

Ұстаздық- ұлы ұғым, сондықтан ұлттық мектептің ұлы мұратын ұмытпай, бойымыздағы білімімізді, ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру міндетіміз.







Пайдаланылған әдебиеттер:




  1. С. Нұрпейісов «Қазақ халқының ою-өрнегі»




  1. К.Өстеміров, Н.Адамқұлов «Технология оқулығы» 7 сынып




  1. Журнал «Мектептегі технология» № 6, 2006 жыл




  1. С.Қ. Қасиманов «Ою-өрнек кешені»











Сабақтың тақырыбы: Раушан гүлді бисерден жасау.

Мақсаты: Раушан гүлді бисерден жасау технологиясын үйрену,моншақ тоқу арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін,шеберлік денгейін арттыру.

Танымдық қызығушылығын дамыту,эстетикалық талғамын арттыру.

Қыз балаларды ептілікке,шыдамдылыққа баулу,өз бетінше ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақ түрі:Біріктірілген.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:Түсіндірмесі иллюстративті, сұрақ-жауап,сарамандық.

Көрнекіліктері:Дайын бұйым үлгісі (раушан гүл),нұсқау,оқулықтағы суреттер,интерактивті тақта.

Керекті құрал-жабдықтар:Бисер,сым,қайшы,кемпірауыз,жіп.

Пайдаланған әдебиеттер:

«Цветы из бисера» Автор М.Федорова

«Культура и традиции» баспасы, интернет ресурстары.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезені.

Сәлемдесу.

Оқушыларды тугелдеу.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын жариялау.

ІІ. Өткен сабақты қайталау.

1. Бисердің тарихы жағынан не білесіңдер?

2. Бисер түрлерін атандар. Олардың айырмашылықтары неде?

3. Бисермен қандай жұмыс түрлерін білесіңдер?

4. Эскиз не үшін қажет?

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Раушан гулдін суреттері /слайд №1/. Раушан гулдердің табиғи тустерді талдау.

  2. Бисерден жасалған раушан гулдердін түрлері /слайд №2/ Түстер үйлесемділігін талдау, бисер турлерін аныктау.

  3. Раушан гулді бисерден жасау технологиясы /слайд №3/

ІV. Практикалық жұмыс.

Кіріспе нұсқау:

  1. Жұмыс орынды үйымдастыру ережелерді пысықтау.

  2. Бисермен жұмыс істеген кезіндегі ережелері.

  3. Оқушыларға еңбек тәсілдерді корсету.

Ағымдағы нұсқаулар:

  1. Оқушылардың орындау технологиясын дурыс орындауын бақылау.

  2. Дурыс отыру ережелердің сақталуын тексеру.

  3. Өзін-өзі бақылау ережелерді пысықтау.

  4. Жұмыстың сапасын тексеру.

  5. Шаршаған көздер үшін разминка жасау.

V. Оқушыларды бағалау.

Жасалған қателерге талдау жүргізу.

VI. Рефлексия.

1.Бүгінгі сабақта бәріміз бірігіп орындаған раушан гүліміз ұнады ма?

2.Ал сенің бүгінгі сабақта орындаған жұмысың өзіңе ұнады ма?

3. Бүгін алған білімдеріңді өмірде қалай пайдалана аласыңдар?

Келесі сөйлемдерді жалғастырыңдар:

Бүгін менің білгенім...

Маған қызық болғаны...

Ең қиын сәттері...

Енді мен жасай аламын...












Сабақтың атауы


Мақсаты











Күтілетін нәтиже











Психалогиялық ахуал







Табиғи материалдармен жұмыс. Табиғатты бақылап үйрен. 
Сабақтың мақсаты: Табиғи материалдан әр түрлі бейне, бұйымдар жасауға болатынын үйрету. Табиғи материалдардың ерекшеліктерін меңгеру.

Білімділік: Табиғи материалдан әр түрлі бейне, бұйымдар жасауға болатынын үйрету. Табиғи материалдардың ерекшеліктерін меңгеру.

Тәрбиелік: Ұлттық қолөнерімізді дәріптеу. Табиғи материалдарды үнемдеуге, табиғатты аялауға тәрбиелеу. Әдемі етіп таза жапсыруға, икемділікке, ептілікке машықтандыру.

Дамытушылық: Оқушыларға табиғатты бақылап үйренуге шақыру. Табиғатқа ұқсату қабілеттерін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: жаңа сабақты түсіндіру, интерактивті тақтамен жұмыс, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: табиғи материал түрлері, дайын бұйымдар, интерактивті тақта, плокаттар, бүктемелер.

Сабақтың құрал-жабдықтары: қатты картон, желім, қарындаштар, табиғи материалдар, қайшы, сызғыш, бояғыш бояулар, қылқалам т.б.

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты еңбек. Оқушылар шеңберде

Кесте тіксең зерлеп, жиналып, мұғаліммен

Мұның аты еңбек. бірге бүгінгі сабаққа

Қиындықтың бәрін сәттілік тілейді.

Еңбек қана жеңбек.



Қызығушылықты ояту

Композиция (латын сөзі-kompositio) құрастыру, тәртіпке келтіру-көркем шығарманың құрылысы. Ал еңбекке баулу пәнінде копозиция дегеніміз –бұл түрі, түсі әртүрлі безендіру элементтерін, бөліктерін бір-бірімен сәйкес үйлестіріп орналастыру.

Табиғи материалдармен жұмыс. «Күзгі вальс» композициясын құрастыру.

Табиғи материалдарға талдың қабығы, бұтақтар, тал бүрі, құм, жапырақ, гүл күлтелері, кепкен жемістер, сабан және т.б. заттар жатады.

Табиғи материалдармен жұмыс істеу барысында оқушыларға қазақтың ұлттық бұйымдарын – домбыраны құрастыру, сырмақ, ер тоқым, сәукеле мен камзол, аяққап т.б. жасау ұсынылған.

Өте ерте заманда адамдар тағам өнімдерін алу үшін дақылдарды өсіріп, оның сабағын (сабанын) қолданған және шаруашылық қажетіне пайдаланған. Сабаннан жасалған төбе жабындысы, егер дұрыс және шеберлікпен реттеліп жабылса, ондаған жылдарға жарамды қызмет етеді.

Сабаннан жасалған қалпақ, төсеніш, себет, шаруашылық керек-жарағы, балалар ойыншықтары тұрмыста кеңінен пайдаланылады.

Көптеген шеберлер қазіргі кезде де сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын даярлау үшін сабанды арнайы өңдеуді үйренді. Өңдеуден өткізілгеннен кейінгі сабан өте жақсы жылтырап, түсі құлпырып реңі әр түрге енеді. Сабанның сапалысынан тоқу өнерінде әртүрлі заттарды тоқу, жапсыру, безендіру, әсемдеу жұмыстарын жасайды. Оны тігін бұйымдарында да әшекейлеуге, түстерді безендіруге қолданады.Шеберлер сабанды маусымның соңы немесе шілдеден бастап, күз бойы, өсімдіктің маса,ы өсіп шыққан уақытқа дейін даярлайды.

Табиғи материалдар қазіргі кезде төрт топқа бөлінеді.

1.Өсімдік материалдары (дәнді дақылдар, ағаш бүрлері, сүйекті ағаш, түрлі өсімдіктер ұрықтары)

2.Жануар материалдары (сүйек, жүн, тері)

3.Гоеграфиялық материалдар (тас, ұлутас, құм) 

4. Пластмасс материалдар (целофан, пластмасс)    


Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Табиғат сөзіне құрастыру

1. Бұйым пішілетін зат? (мата)

2. Тігін құралы (Қайшы)

3. Белдемше бұйымының үстіңгі бөлігі (белдік)

4. Тігін құралы (ине)

5. Бұрғылау аспабы (бұрғы)

6. Ұлттық киім (камзол)

7. Үтіктеу құралы (үтік)

Сарамандық жұмыс

  Қажет құралдар: қажетсіз компьютер дискісі, диаметрі 0,7см қызыл моншақтар, итмұрынның кепкен жемісі, күзгі үлкен және майда жапырақтар, жасанды гүлдер, тығын, пышақ, әмбебап желім, шам-қауыз(свечка)

Жұмыстың орындалу реті:

1. Композицияны дискіге орналастыру. Тығынды дөңгелектеп 0,5см қалыңдықпен кесіп, дискінің ортасына шыбықтарды жабатындай желімдеу

2. Гүлдердің ортасына теріс жағына желім жағып, дискіге шеңбер бойынша жапсыру

3. Итмұрын жемісінің сабағына желім жағып, оларды гүлдердің арасына жапсыру. Үлкен жапырақтың екі жағына 3 моншақтан жапсыру. Шырақты қою.

Жұмысты аяқтау, қорғау

Қорытындылау: Бүгінгі сабақта табиғи материал түрлерінің көптеген түрлерімен танысып, қандай жұмыстар жасауға болатынын білдік. Ендеше сабақтан алған білімдеріңді тексеріп көрейік.

Табиғи материалдар қайдан алынады?

Қандай түрлерін білеміз?

Қандай бұйымдар жасауға болады?

Бөліктер қалай бекітіледі?

Үйге тапсырма

Жұмысты аяқтау

Күнделіктеріне жазғызамын

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 мамыр
966
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі