400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Сөздерді дыбысталу бойынша салыстыру. Сөз туралы түсініктерін қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Сөздерді дыбысталу бойынша салыстыруды үйрету (сөздер бірдей және әр түрлі айтылады); олардың созылуын салыстыру (ұзын және қысқа сөздер); балалардың сөз туралы түсініктерін дамыту. Жазу жазғанда зейінділікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепалды даярлық «Көгершін» тобына арналған

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі №4


Өткізу күні: 10.09.2021 жыл

Тәрбиеші: Дюмбаева А.В.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі:Сауат ашу негіздері

Өтпелі тақырып: «Менің отбасым»

Тақырыбы: «Сөздерді дыбысталу бойынша салыстыру. Сөз туралы түсініктерін қалыптастыру

Мақсаты: Сөздерді дыбысталу бойынша салыстыруды үйрету (сөздер бірдей және әр түрлі айтылады); олардың созылуын салыстыру (ұзын және қысқа сөздер); балалардың сөз туралы түсініктерін дамыту. Жазу жазғанда зейінділікке тәрбиелеу.

Ресурстармен қамтамасыз ету: слайдтар, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Билингвальді компонент: Сөйлеу- речь, сөз- слово


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1. Ұйымдастырушылық кезеңі:
Армысың, асыл Күн

Армысың, жан досым

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым!


2. Негізгі бөлімі:

Тәрбиеші бір адамның қатты жүріп

келе жатқан дыбысына назар аударады.

-Не естідіңдер?

-Жүріп келе жатқан адам жүрісінің дыбысын естідік.

-Дұрыс айтасыңдар.


-Дыбыстарды естиміз, бірақ дыбыстар қалай естіледі?

-Балалар, жалпы дыбыстар дауыссыз, дауысты болып екіге бөлінеді.

Дауыссыз дыбыстарды көк түспен,дауысты дыбыстарды қызыл түспен белгілейміз.


-Балалар, сендер айтқан сөздердің бәрі де дыбыстан құралады. Сөзде дыбыс аз болса, ол қысқа сөзді құрайды.Мысалы: ту, тас, тал. Егер сөзде дыбыс көп болса, ұзақ сөз болады.


Презентациямен жұмыс:

Суреттегі сөздерді атап, олар қысқа немесе ұзақ сөз екенін анықтау.сол сөздерден сөйлем құру


Сергіту сәті:

Қолды белге қоямыз,

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір,

Біз бақытты баламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз,

Жақсы сергіп қаламыз.


«Күн мен түнді» дидактикалық ойыны:

Ойының барысы: балаларға «күн» дегенде қысқа, «түн» дегенде ұзын сөздерді атау керек.


Тәрбиеші саусақ бұлшықетіне дамыту жаттығуларын жасатады.

Ағайынды екеу екен:

Біреуі оқымаған,

Біреуі сауатты екен,

Көп іске жауапты екен.

Ататын асықты да,

Ұстайтын қасықты да,

Хаттарды жазатын да,

Есікті ашатын да өзі екен.


Дәптерде тапсырма бойынша орындалады.

Жеке жұмыс жүргізеді.


3. Қорытынды:

- Сөз дегеніміз не?

- Сөздер қандай болады?

Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мадақтау.






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26 қараша
690
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі