Материалдар / Сөздің дәлдігі - ойдың айқындылығы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сөздің дәлдігі - ойдың айқындылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөзің дәл шығу үшін ,ойың айқын болу керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Сәуір 2020
888
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Т.Рысқұлов атындағы №9 жалпы білім беретін орта мектеп















Ашық сабақ

Сөйлем мүшелерін қайталау







Мұғалімі: Даубаева Ж.К.

Сыныбы: 8 «А»















2016-2017 оқу жылы



Сабақ

Сөйлем мүшелерін қайталау

Мектеп: Т.Рысқұлов атындағы №9 мектеп

Мұғалімі есімі: Даубаева Ж.К.

Сыныбы: 8 «А»

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Сөйлем мүшелерінің жасалу жолы, құрамы, мағынасы жөнінде алған мәліметтің өзіндік пікір, көзқарас, білім қоры ретінде дамуына бағдар беру,сөйлем мүшелерін ажырата білуге үйрету, СТО қалыптастырып,танымдық қызметін, адамгершілік қасиетін арттыру.

Оқу нәтижелері

Сөйлем мүшелері туралы толық мағлұмат алып,ЖАДА қалыптасады, сенім атмосферасы орнап, сабақта үйренгендерін болашақта қолдана алады.

Барлық оқушылар

Топпен ынтымақтасып жұмыс жасайды

Оқушылардың басым бөлігі

Негізгі ережені басшылыққа алып, бір – біріне көмектеседі.

Кейбір оқушылар

Топта көшбасшылық танытып, күрделі жаттығуды түсіндіреді

Пәндік құзіреттілік

Коммуникативтік - танымдық

Алдыңғы оқу

Ережелерді қайталау

Жоспар

Жоспарланған тапсырмалар


Басталуы

10 минут

1-кезең

«Болжау стратегиясы»

1.Топқа бөлу, I-топ, II-топ,

Ш-топ


2.Бағалау критерийлерімен таныстыру

3..Алдыңғы оқуды қайталау


ООЖТ

СТО

АКТ

Ортасы

20 минут

2-кезең «Мағынаны тану» Синтаксистік

(сатылай-кешенді талдау)

Мәтін бойынша жұмыс

«Аквариум » әдісі

Ойын шарты: Мәтін мазмұны бойынша диалог құру.

«Мені тап!» Берілген мақал – мәтелдерді оқып, 1-топ анықтауышты, 2- топ пысықтауышты, 3- топ толықтауышты табады.


ООЖТ

СТО


Аяқталуы

15 минут

«Ой қорыту»

2. «Иә,жоқ» жауабын беру

3.Критерий бойынша бағалау

4.Үйге тапсырма. «Сөйлем мүшелерінің атқаратын қызметі» ойтолғау

5.Рефлексия

СТО

АКТ

ОүБ

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?


Бағыт беру

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Оқушыларға өзіндік бағалауды ойластыру арқылы.

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ – мен

Байланыс құндылығы байланысы



Рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Ме бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабақтың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.



Сабақ мақсаты орындалды.

Сөйлем мүшелері туралы толық мағлұмат алды.

Саралау өз тиімділігін танытты.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1.Оқушылар сыни ойлана алды

2.Өзара диалогқа түсті

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1.СТО

2.Топтық жұмыстың артықшылығы

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

1.Сындарлы әдіс-тәсілдерді түрлендіру

2.Жеке оқушыға өз дәрежесіне орай тапсырма беру.









































1-топ ( анықтауыш )


1. Жаман жолдас жауға қалдырар.
2. Гүл – жердің көркі,
Қыз – елдің көркі.
3. Байлықтың атасы –еңбек, анасы – жер.




2- топ (пысықтауыш)
1. Қорыққан бұрын жұдырықтар.
2. Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі.
3. Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады.





3-топ (толықтауыш)
1. Темірді қызған кезде соқ.
2. Талаптыға нұр жауар.
3. Қайғысыз қара суға семірер.










Кім тапқыр?
Мақалдың жалғасын тауып. Сөйлем мүшесіне талдау жаса:
1. Ұстазыңды ұлы әкеңдей............. (сыйла)
2. Жақсының аты өлмейді,.............(ғалымның хаты өлмейді)
3. Ерді намыс өлтіреді,....................(қоянды қамыс өлтіреді)
4. Жылы - жылы сөйлесең,...............( жылан інінен шығады)

















І -топ жетекшісіне
1. Шылау сөйлем мүшесі бола алады ма? (жоқ)
2. Бастауыш кім? не? деген сұраққа жауап береді (иә)
3. Анықтауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшесі (жоқ)
4. Сөйлем мүшелері құрылысына қарай 3-ке бөлінеді (иә)




ІІ -топ жетекшісіне
1. – ның, - нің - ілік септігінің жалғауы (иә)
2. «Биылғы күз салқын» Бұл құрмалас сөйлем (жоқ)
3. «У»- тұйық етістік жасаушы жұрнақ (иә)
4. Сөйлем мүшелерін тіл білімінің морфология саласы зерттейді (жоқ)



ІІI- топ жетекшісіне
1. Бастауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшесі (иә)
2. Мен, сен, ол, біздер – жіктеу есімдіктері (иә)
3. «келе жатыр» - үйірлі баяндауыш (жоқ)
4. Толықтауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшесі (жоқ)











Мәтінмен жұмыс

1-топ

АҚСҮЙЕК ойыны

Жігіттер мен қыздар жиналып, жаздың айлы түнінде ашық далада ойнайды. Ақсүйек ойнына малдың ақсөңкелеп қураған жілігі немесе қабығы аршылған, ұзындығы екі қарыстай жұмыр ақ таяқша пайдаланылады. Жиналғандар екі топқа бөлінеді. Ойынды бастау жеребе тастау арқылы анықталады. Содан кейін ойын бастаушы ақсүйекті бар пәрменімен алысқа лақтырады. Жастар таяқты іздеуге кіріседі. Оны тапқан ойыншы өз серіктеріне дыбыс беріп, сөреге қарай жүгіре жөнеледі. Серіктері оның тосқауылға тап болмауына көмектеседі. Қарсыластары қалайда ақсүйекті тартып алудың амалын жасап бағады. Ақсүйекті тартып алса, өздері де біріне-бірі қол жалғап, сөреге жетуге ұмтылады. Бұл тартыста ақсүйекті сөреге жеткізген топ жеңген саналады. Ойын шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулиды. Ақсүйек бірін-бірі ұнатқан жастардың оңаша кездесуіне дәнекер де болған. Ертеде «Ақсүйек» ойынын той-томалақ жасаған үй иелері ұйымдастыратын. Ондай кезде алдымен айтыс, ән-жырға кезек тиеді. Үлкендер жағы жастарға тәлім айтып, қисса-дастандар оқитын болған. Соңында, тықыршып тұрған жастардың ойынына кезек тиеді. Ақан сері Ақтоқтысымен, Абай Әйгеріммен, Біржан Ләйлімен ақсүйек арқылы табысқан деседі.





2-топ

Адамгершілік

Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз - өзін сыйламайды.
Рухани - адамгершілік тәрбиесі - өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Адамзатты рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Әсіресе, мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны осы жастағы балалардың ерекшеліктеріне сай келуі тиіс. Негізгі міндет – балалардың жақсы әдет, мінез - құлқын қалыптастыру. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани - адамгершілік қасиеттері қалыптасады.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - адамгершілік - рухани тәрбие беру. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру барысында, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.







3- топ

Мамандық таңдаудың маңызы
Кеше ғана ата – ананың аялы алақанында, ұстаздарыңның қамқорлығында болып келген сіздердің ендігі жерде өмірден өз орындарыңызды тауып, қоғамға пайдалы еңбекпен айналысатын белсенді азамат болуларыңыз — өмірлік парыз. Бұл ретте сіздердің алдарыңызда өмірлік мәні бар үлкен бір белес, жауапты міндет тұр. Ол — өз білімдеріңізді жоғары дәрежеде дәлелдеп, ҰБТ – н жоғары нәтиже көрсетіп, белгілі бір мамандықты дұрыс таңдай білу және оны меңгеру. Мамандықты дұрыс таңдау адамның бүкіл болашақ тағдырына тікелей әсер етеді. Бұл ретте мамандық таңдау дегеніміз – тағдыр таңдау десе де болғандай.
Жастарға албырт ой, ұшқыр сезім тән келеді. Әркімнің неше түрлі мамандықтарды игергісі келеді. Бірақ солардың ішінен қайсысының басын ұстарын білмей, қиналатыны бар. Ең жақсы мамандық қайсы? Оны тез меңгеріп алудың жолы қандай? Шынында да қазіргі заманда ғылыми – техникалық прогрестің ғаламат өсуінің нәтижесінде еңбектің мамандандыру дәрежесі соншалықты артып, шырқау биікке шарықтап кеткен
Әркімнің таңдаған мамандығы өзіне ұнауы тиіс. Ол сонда ғана бар ынта – жігерімен сол мамандықты жете меңгеруге тырысады. Адамның өзіне ұнаған, жаны жаратқан, талғамына сай келетін мамандық ризашылық сезімін ұялатады. Ол адам сонда ғана өз мамандығын жете меңгеріп, толық қабілетін жұмсап еңбек етеді, өз еңбегін мақтаныш тұрады. Мұндай еңбек шабытын шақырады, ұдайы шығармашылық ізденіс үстінде болуға итермелейді.

ТЕСТ

1-нұсқа.
1.Сөйлем мүшесі атқаратын қызметіне қарай қалай бөлінетінін көрсет.
1) Бастауыш, анықтауыш. 2) Тұрлаулы, тұрлаусыз. 3) Бастауыш, баяндауыш. 4) Тұрлаусыз, пысықтауыш. 5) Толықтауыш, пысықтауыш.

6) Анықтауыш,толықтауыш
2. Сөйлем мүшелері құрамына қарай қалай бөлінетін көрсет.
1)Дара, күрделі, үйірлі. 2) Анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш. 3) Тұрлаулы, тұрлаусыз. 4)Бастауыш, баяндауыш. 5) Анықтауыш,толықтауыш, үйірлі. 6) Дара, күрделі, тұрлаулы.



3. Бастауыш қай сөз табынан екенін көрсет. Сендер бақытты адамсыңдар.
1) Зат есім. 2) Сын есім. 3) Сан есім. 4) Етістік. 5) Есімдік. 6) Үстеу.
4. Тура толықтауыш қай септікте тұратынын көрсет.
1)Барыс септік. 2) Ілік септік. 3) Табыс септік. 4) Жатыс септік. 5) Шығыс септік. 6) Көмектес септік.

5. Мекен, мезгіл, қимыл-сын, мен себеп жағынан айқындайтын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесін көрсет..
1) Бастауыш. 2) Баяндауыш. 3) Толықтауыш. 4) Анықтауыш. 5) Тура толықтауыш. 6) Пысықтауыш.

6. Сөйлемдегі анықтауыштың байланысу түрін көрсет.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!