Сабақтан
тыс шара тақырыбы : Сөздің көркі-мақал.
Сабақтың
мақсаты : Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру
,
өз тілін
дұрыс меңгертіп , таза сөлей білуге , ана тілін
қастерлеуге тәрбиелеу .
Сабақтың
көрнекілігі :қанатты сөздер ,гүлдер ,шарлар .
« Тілден
артық қазына жоқ ,
Тілден
артық қасиет жоқ» (Н .Ә. Назарбаев )
Барысы :
Үйымдастыру бөлімі .
Қазақ сөз
қадірін ,өз қадірін білген халық . Кендігін де , елдігін де,
кемеңгерлігі
мен
көсемдігін де сөзге сыйғызған халық.
«Тіл
–халықтың ең ұлы байлығы » деген көрнекті жазушы М. Шолохов
.
Тыңдаушы
адамға тіл , әрине сөз арқылы жетеді . Бүгін «Сөздің көркі- мақал»
атты
тақырыпта
танымдық ойынымызға қош келдіңіздер !
-
«Білім
тобы» тобы . Ұраны : Білекті бірді,білімді мыңды жығады
.
-
«Әділет »
тобы . Ұраны: Пайда ойлама ар ойла ,
Талап қыл
артық білуге .
І.
Таныстыру . «Әділет» тобы
Әділ
болу-әр адамның парызы ,
Мұны
біледі жасы менен кәрісі
Әділетті
болғаның қандай жақсы
Анықталып
тіршіліктің ақ пен қарасы .
«Білім»тобы Ақыл азбайды ,
Білім
тозбайды
Білім
іздеген озар ,
Бүлік
іздеген тозар .
І-тур
«Тілден артық қазына жоқ,
Тілден
артық қасиет жоқ »
Оқу ,
білім ,тіл, өнер туралы мақал-мәтелдер жарысы .
ІІ-тур
«Сөздің көркі-мақал»
Мұнда
алдымен сұрақтың жауабын тауып , сол сөзге байланысты мақал айту
керек.
Егер
жұмбақтың немесе сұрақтың жауабын шешсе 10 ұпай, ал оған мақал
тауып айтса тағы да 10 ұпай қосылады.
«Іске
сәт!» «Әділет» тобы
1.Теспес
жерді тескен ,
Сол
тесікте өскен . Жауабы (Тышқан )
Өлі
арыстаннан, тірі тышқан артық .
2.Төрт
аяқты шалғы,
Орып
кетер малды. Жауабы (Қасқыр)
Бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де
қан.
-
Ұзын
мұртты сарылар ,
Қойындарында наны бар . Жауабы ( Бидай )
Арпа,
бидай ас екен ,
Алтын,
күміс тас екен.
-
Бір ғажап
бар тілі жоқ , Сөйлеп берсе міні жоқ . Жауабы:
(Хат)
Ғалымның хаты өлмейді .
Жақсыныыыың аты өлмейді.
«Білім»
тобы
-
Кішкентай
ғана бойы бар ,
Айналдырып киген тоны бар . Жауабы ( Қой)
Ақсақ
қой түстен кейін маңырайды .
-
Екі
ағайынды ,
-
Екеуі де
бір үйде ,
Бірін
бірі көрмейді . Жауабы (Көз)
Шынымен жыласа , соқыр көзден жас шығар
.
3.Сүйексіз қып жаратқан ,
Жұртты
аузына қаратқан . Жауабы ( Тіл )
Тіл
тас жарады , тас жармаса ,бас жарады .
4 .Нағашы
жұрт кімге қамқоршы ? Жауабы ( Жиенге )
Жиен
ел болмас , желке ас болмас .
ІІІ –тур
Жақсы деген немене , жаман деген немене ?
«Білім »
тобы
Жақсы
деген кісінің алдын –арты бірдей жарық болар ,
Жақсы
деген ісінің бас – аяғы бірдей дау болар .
«Әділет»
тобы
Жаман
деген кісінің алды –арты бірдей жау болар ,
Жаман
деген ісінің бас-аяғы бірдей дау болар .
ІҮ-тур
1.Қар
жана ма ? ( Қалауын тапса қар жауар)
2.Инемен
құдық қазуға бола ма ?( Білім инемен құдық қазғандай
.)
3.Қой мен
қасқыр ойлана ма ? (Қойдың ойлағаны амандық , қасқырдың ойлағаны
арамдық )
4.Қарғыстың ең жаманы не ? ( Өзің білме , білгеннің тілің
алма )
5.Адамның
қай мүшесі қорқақ , қай мүшесі батыр ?( Көз қорқақ, қол батыр
)
6.Етіктің
қонышыңнан басып киюге бола ма ? (Қолыңнан келсе қонышынан
бас)
7.Үлкен
көз , үлкен сөз бола ма ?(Қорқақтың көзі, үлкен , ақымақтың сөзі
үлкен)
8.Тауық
түс көре ме? ( Тауықтың түсіне тары кіреді )
Ү-тур
«Мақал айтсаң-жол көрсеттің , мәтел айтсаң-жанымды жайландырдың
»
демекші ,
ал енді мына үздік –үздік сөздерден мақал
құрастырыңыздар.
1
Ұяда.... ұшқанда.... (Ұяда не көрсең , ұшқанда соны ілерсің
)
2.
Ата....бала....( Ата-бәйтерек ,бала-жапырақ )
3.Таяқ.....сөз....( Таяқ еттен өтеді , сөз сүйектен өтеді
)
4.
Мал.... жер....( Мал баққандікі, жер жыртқандікі
.)
5.
Тентек.... ақыл .....( Тентектің ақылы түстен кейін кіреді
)
6.
Мысық.... тышқан ....( Мысыққа ойын керек , тышқанға өлім керек
)
7.Мектеп
....білім .....( Мектеп –кеме , білім –теңіз )
8.
Жеті..... бір....( Жеті рет өлшеп , бір рет кес )
9.
Өле....бөле... ( Өле жегенше бөле же )
10.
Ер...ез....( Ер бір өледі , ез мың өледі )
ҮІ –тур
Әр топқа бір-бір мақалдан беріледі . 5-6 мин. ішінде сол мақалға
сәйкес
көрініс
дайындалуларыңыз қажет .
«Білім»
тобына.
«Жүз
теңген болғанша ,
Жүз досың
болсын »
«Әділет»
тобына
«Тіл
қылыштанда өткір»
Ана тілің
–арың бұл ,
Ұятың боп
тұр бетте.
Өзге
тілдің бәрін біл,
Өз
тіліңді құрметте, - деп Қадыр ағамыз жырлағандай , ана тілінің
мәртебесін көтеріп , құрметтейік. Осымен сыныптан тыс шарамыз
аяқталды . Сау-саламатта болыңдар !