Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

сөздің тура және ауыспалы мағынасы

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге, оқушыларға сөздің тура және ауыспалы екенін түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: Науайы атындағы жалпы орта

Мұғалімнің аты-жөні: Оңласынқызы Мөлдір


Сыныбы: 3 «В»  Пән аты: Қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы: Сөздің тура және ауыспалы мағынасы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға ойдың тура не ауыспалы мағынада айтылуы туралы лингвистикалық білім беру.

2.Тәрбиелік: Тәрбиелік мәні зор сөйлемдерді оқыта отырып, оқушыларды елжандылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын байыту және лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу,

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу. Сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру.

Үй тапсырмасын тексеру:.Сұрақтар:

1. Мағына дегеніміз не?

2. Сөздің іші және сырты дегеніміз не?

3. Лексика дегеніміз не?

Жаңа сабаққа дайындық

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Әрбір сөздің өзге сөздермен қарым – қатынасқа түспей, жеке дара тұрғандағы нақтылы, негізгі мағынасы лексикалық я тура мағына деп аталады.

Сөз тура мағынада заттар мен құбылыстарға тікелей бағытталады. Мысалы: үй, биік, бару деген сөздердің белгілі бір мағынасы бар. Үй сөзі – затты тікелей атаса, биік сөзі – сын – сапаны, беру сөзі – қимылды атайды. Бұл сөздердің осы тура мағыналарында басқа сөздермен тіркесіп қолданылу өрісі олардың өзі белгілейтін шындық болмыстардың өзара қарым – қатынасымен белгіленеді.

Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

Сайыс

1. Сұрақ - жауап кезеңі.

«Тура мағына» тобының сұрақтары:

  1. Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?

  2. Бір сөзде бірнеше мағына болуы мүмкіндігі неліктен, негізгі және туынды мағына қалай пайда болады?

«Ауыспалы мағына» тобының сұрақтары:

1. Ауыспалы мағына дегеніміз не?

2. Сөздің тура мағынасы мен қолданыстағы мағынасын қалай ажыратуға болады?

2. «Сөйлем құра» кезеңі.

Сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар. «Тура мағына» тобы тура мағынада, «Ауыспалы мағына» ауыспалы мағынада.

Ас, адам, жүрек, кәсіп, құс, тері, май, маса, ағаш, темір, саңырау, алыс, ойыншық, бұлақ, қол, жал.

3. Мақал – мәтел жарысы.

Ауыспалы мағынада қолданылған сөзі бар мақал - мәтел айтады.

4. «Оқулықпен жұмыс» кезеңі

  1. Бағалау

  2. Үй тапсырмасын беру. Үй тапсырмасы: Ауыспалы мағынаға мысал жазу.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
867
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12