-
-
-
-
-
-
Сабақтың
эпиграфы:
|
Білім көп, өмір
аз,
Керегіңді тасқа
жаз.
|
Сабақ тақырыбы: «Сөз мерген»
(Танымдық ойын)
Сабақ
мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ана
тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ана тілінің қадір-қасиетін
біліп, көркемдігін сезініп, сөз қадірін түсінуге
баулу.
Тәрбиелік: Тіл шеберлігін
арттыру, тілімізді, дінімізді жандандыруға үлес қосуға
тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың
тапқырлығын, логикалық ойлау қабілеттерін
дамыту
Сабақ түрі: сайыс
сабақ
Сабақ көрнекілігі: слайдтар,
нақыл сөздер.
Сабақтың
барысы:
Жүргізуші:
Тілімде менің-Бабамның
батырлығы да,
Махамбет пен Абайдың ақындығы
да.
Дүниеге келе, Айқайды салған
іңгәләп,
Тілімде менің-Сәбидің
батылдығы да.-демекші, тіл-әр халықтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып
келе жатқан қасиетті құралы. Тілді әр уақытта аялай, шұбарламай
таза күйінде мұра етіп, қалдыру-біздің
борышымыз.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың
«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты жолдауының тілдерді дамыту
саласындағы тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында өткізілгелі
отырған «Сөз-мерген» тіл танымдық сайысын
бастайық.
Туған тілде сыры терең жаным
бар,
Туған тілде әнім менен сәнім
бар.
Туған тілім тіл болудан қалса
егер,
Жүрегімді суырып-ақ
алыңдар.-дей келе, өзінің туған тілін жан-тәнімен жақсы көретін,
баба рухына, тіліне нәр алып, сусындап жүретін сайыскерлерімізді
шақырайық.
Бүгінгі сайысымызға қатысатын
оқушылармен таныс болайық:
№
|
Білімділер
тобы
|
№
|
Шешендер
тобы
|
1
|
Ауденова
Альмира
|
1
|
Баубекова
Ажар
|
2
|
Бахтыгерей
Сұңқар
|
2
|
Сейткалиева
Меруерт
|
3
|
Қыдырбаева
Жанар
|
3
|
Хайнель
Жанайна
|
4
|
Қуантхан
Әсел
|
4
|
Советова
Аяжан
|
5
|
Сәукен
Мадина
|
5
|
Базарбай
Аяжан
|
6
|
Кауанова
Жанетта
|
6
|
Серік
Мадина
|
Ойын
шарттары:
Жүргізуші: Сайысымыз бес
кезеңнен тұрады:
-
«Тапқыр болсаң, тауып көр» Бұл
кезеңнің шарты бойынша ойыншылар берілген сөздерден тұрақты сөз
тіркестерін құрастырып, мағынасын ашып айтып беру
керек.
-
«Ойлы болсаң, озып көр»
Ойынымыздың екінші кезеңінің шарты бойынша мақал-мәтелдерді
жалғастыру керек
-
«Жүйрік болсаң, шауып көр»
Жаңылтпашты жаңылмай айту.
-
«Полиглот» Жұмбақтарды шешіп,
шешуін қазақ және орыс тілінде айтуы қажет
-
«Сөз түбін сөз табар» бұл
кезеңде берілген сөздің мән-мағынасын ашып, түсіндіру
қажет
-Бүгінгі сарапшыларымен таныс
болыңыздар.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні
бірлестігінің жетекшісі: Бимагамбетова Қ.С
Директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасары: Ахмет А.Қ
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі Маханова С. Қ
Қазылар орнықтырар
әділдікті
Кімдердің жауаптары кәдік
шықты
Білім мен тапқырлықты
бағалайтын
Әділ-қазылар алқасы әділ,
мықты.
Сайысымызды бастамас бұрын бір
сәт ұлылардан қалған ойлы сөздерге құлақ
салайық.
Біліп айтқан сөзге құн
жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шың
жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден
үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді.
(Төле би)
«Ана тілін ұмытқан адам өз
халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді» Ғ.
Мүсірепов
«Анамыздың ақ сүтімен
бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл «ата-бабамызды, тарихымызды
ұмыту» Б. Момышұлы
Ойынымыздың бірінші кезеңі
«Тапқыр болсаң, тауып ал». Сонымен берілген сөздерден тұрақты сөз
тіркесін құрастырып, мағынасын ашып айту
керек
|
Ит
|
|
Саусақ
|
|
Шаш
|
|
Құлақ
|
|
Мысық
|
|
Аяқ
|
|
Бас
|
|
Мойын
|
Жер
|
Қасқыр
|
Сұқты
|
Қол
|
Төбе
|
Аяқ
|
Суытты
|
Қол
|
|
Түлкі
|
|
Табан
|
|
Қол
|
|
Аяқ
|
|
Шошқа
|
|
Өкше
|
|
Көз
|
|
Саусақ
|
-
Ит өлген жер-алыс, ұзақ,
қашық.
-
Қол сұқты-талан-таражға салды,
ұрлады
-
Төбе шашы тік тұрды-қатты
қорықты, үрікті
-
Аяқ суытты-біраз
демалды,тынықты
Жүргізуші: Ойынымыздың екінші
кезеңі «Ойлы болсаң, озып көр» деп аталады. Ойынымыздың бұл
кезеңінде ойыншылар берілген мақал-мәтелдердің жалғасын
табады
Өнер
алды-
|
Қызыл
тіл
|
Тіс тас
жарады
|
Тас жармаса, бас
жарады
|
Бас кеспек болса
да
|
Тіл кеспек
жоқ
|
Тіліңмен
жүгірме
|
Ісіңмен
жүгір
|
Басқа
пәле
|
Тілден
|
Жері
байдың
|
Елі
бай
|
Өнерлі
|
Өрге
жүзеді
|
Тіл
қылыштан
|
Да
өткір
|
Қына тасқа
бітеді
|
Білім басқа
бітеді
|
Бірлік
болмай
|
Тірлік
болмас
|
Жүргізуші: ойынымыздың ІІІ
кезеңі «Жүйрік болсаң, шауып көр» деп аталады. Бұл сайыста
ойыншыларымыз тақтада берілген жаңылтпаштарды мүдірмей қайталауы
керек.
«Сөз мергеннің» қоржынына
салар сөзінің
Көрермендермен
жұмыс
-Бұл
кім?
-Әрине,
Тапқышбек
-Оны қайдан
танисыңдар?
-Ана тілі пәнінен
таныс
Олай болса, Тапқышбектің
сендерге тапсырмасы бар екен. Назар аударайық. Ребус шешу,
шешуіндегі сөзге байланысты мақал-мәтелдер
айту.
Білім
Ойынымыздың төртінші кезеңі
«Полиглот» деп аталады. Жұмбақтарды шешіп, қазақ және орыс тілінде
айтып беру керек.
-
Үлкен алты
табақтан.
Әлемге нұр
таратқан
|
Күн-Солнце
|
-
Төрт қырлы, өзі
аппақ
Тақтадағы ізі
аппақ
|
Бор-Мел
|
-
Өзі үлкен
жануар
Үстінде екі тауы
бар
|
Түйе-Верблюд
|
-
Бұдан кір
қорқады
Судан бұл
қорқады
|
Сабын-Мыло
|
-
Қыста ғана
болады
Ұстасаң қолың
тоңады
|
Қар-Снег
|
Сөз мергеннің қоржынына қосар
сөзіңіз
Жүргізуші: Сайысымыздың
бесінші кезеңі «Сөз түбін сөз табар». Бұл кезеңнің шарты бойынша
берілген, сөздердің мән-мағынасын ашып,
түсіндіру.
Ерулік
|
Жаңадан көшіп
келгендерге берілетін сыбаға тамақ
|
Жақұт
|
Көк, жасыл, қызғылт
түсті, қымбат бағалы асыл тас
|
Терілік
|
Тоқымның астына
салатын, қойдың жабағы жүнінен тер сіңіру үшін жасалатын киіздің
бір түрі
|
Жүргізуші: Бүгінгі ойынымыз да
өз мәресіне келіп жетті. Ойында өздерінің білімділігін,
тапқырлығын, шешендігін сынға салып, өз өнерін танытқан ойыншыларға
үлкен алғысымызды білдіреміз. Ойынның қорытындысын шығару үшін сөз
кезегі әділ-қазылар алқасының төрайымы, қазақ тілі мен әдебиеті
пәні бірлестігінің жетекшісі Бимагамбетова Қ.С-на
беріледі.
Жүргізуші: Сайысымыздың
жеңімпаздарын тағы құттықтаймыз. Іс-шарамызға келіп қатысқандарыңыз
үшін рахмет айтамыз. Келесі кездескенше күн
жақсы.