400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Сөзмерген" интеллектуалдық ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп мұ,алімдеріне керек. Сыныптан тыс іс-шаралар өткізуге пайдасы тиеді деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Көкшетау қаласы Техникалық лицей















МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА



Shape1















Дайындап өткізген: Боранбай Ж.А.



2019-2020 оқу жылы



Тақырыбы: Сөзмерген

Мақсаты: 1. Оқушылардың сөз байлығын, сөздік қорын молайту.

Грамматикалық білімдерін байқау.

2. Оқушылардың тілдерін және ауызекі сөйлеу қабілеттерін

дамыту.

3. Халқымыздың сөзге шешен, тілге бай екенін оқушыларға

дәлелдеп,

мақтаныш сезімдерін ояту.

Түрі: Сайыс- «Сөзмерген» телебағдарлама негізінде өтеді.

1 жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі қалалық «Сөзмерген» сайысына қош келдіңіздер! Құрметті сайыскерлер, сіздер бүгін өздеріңнің сөз байлықтарыңды, сөздік қорларыңды ортаға салып, өз өнерлеріңді көрсете аласыңдар.

2 жүргізуші: Олай болса, сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейік Сайыс 5 кезеңнен тұрады.

І кезең: «Таныстырсам өзімді» (визитка) Шарты: Қатысушы өзін қысқаша шебер тілмен таныстырып өту. 1-2 минут. Ең жоғары ұпай: 10

ІІ кезең: «Иә – Жоқ» деп аталады. Шарты: қазылардың берген мағлұмат түріндегі сөйлемдеріне «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру керек.

Үлгі: Бүгін «Сөзмерген» сайысы болып жатыр. - иә

ІІІ кезең: «Сөзмерген» Шарты: Нысанаға садақтан оқ атып, тиесілі сөзді (ауызша) сөз құрамында талдап, ұпай жинау.

ІV-кезең: «Мақал-мәтел білемін...» Шарты: Сөз тіркестерден мақал-мәтел құрау

мақал-мәтелдің мағынасын айту және қандай жағдайда қолданылу керектігін айту

V-кезең: «Ойлы болсаң озып көр» -деп аталады. Шарты: Көне сөздердің мағынасын ашу.

Қорытынды. Жеңімпаздарды марапаттау.

1 жүргізуші: Ал ендеше дайын болсаңдар, жарысымызды бастайық. «Сәлем сөздің атасы» деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Сайысымызды сәлемдесуден бастайық. Ортаға сайыскерлерді шақырамыз. (Әр сайыскер рет-ретімен өздерін таныстырып өтеді. Ең жоғары ұпай: 5)

2 жүргізуші: Сайысымыздың келесі кезеңі «Иә – Жоқ» деп аталады. Бұл кезеңде сайыскерлер қазылардың берген мағлұмат түріндегі сөйлемдеріне «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.

1 жүргізуші: Мысалы: Бүгін «Сөзмерген» сайысы болып жатыр.

2 жүргізуші: - иә

1 жүргізуші: Екінші кезеңді де аяқтап тастадық. Келесі кезең қалай аталады екен?

2 жүргізуші: Бұл кезең сайысымыздың ең қызықты да, жауапты кезеңі. Бұл кезең сайыскерлеріміздің мергендігі мен сөз танып, талдай білуіне сын болмақ. ..

1 жүргізуші: Бұл кезеңнің шарты: әр сайыскер нысанаға садақтан оқ атып, тиесілі сөзді (ауызша) талдап, ұпай жинау. (ең жоғары ұпай 10)


2 жүргізуші: Ал қанекей, олай болса, сайыскерлерді садақ тартуға шақырайық...

1) ҚҰПИЯСЫ, 2) ЗЕРТТЕУШІЛЕР 3)МӘДЕНИЕТТІЛІК

4) АРМАНЫМДЫ 5) ОҚУШЫҢЫЗБЫН 6) БАЛАЛЫҚҚА 7) ОТЫРМАЙМЫН

8) КЕЛГЕНДЕР 9) ӘСЕМПАЗДЫҚ 10) САЙЫСКЕРЛЕРМЕН

1 жүргізуші: Дана халқымыз сөз қадірін түсініп, сөзден маржан өрген. Небір шешен бабаларымыз бір ауыз сөзбен, қауым елді аузына қаратқан.

2 жүргізуші: «Сөздің көркі – мақал» деген даналық сөз бекер айтылмаса керек. Мақал-мәтелдер бізге ата-бабамыздан жеткен асыл мұралардың бірі. Келесі кезең: «Мақал-мәтел білемін...» деп аталады.

1 жүргізуші: Бұл кезеңнің шарты: сайыскерлеріміз сөз тіркестерден мақал-мәтел құрап, мақал-мәтелдің мағынасын ашуы және қандай жағдайда қолданылу керектігін айтуы тиіс.

2 жүргізуші: Олай болса, сөздің мәйегі болған мақал-мәтелдердің мағынасын ашайық, бар өнерді ортаға салайық. Сайыскерлерді шақырайық, сөз өнерін бағалайық.

Ұсынылатын мақал-мәтелдер:

1) Отан ......... .. .............

2) Тіл тас ..........., тас жармаса .... .............

3) Ғылым - ..........., білім - ...............

4) ... көтермегенді, ... көтереді.

5) Кітап - білім бұлағы, Білім - өнер шырағы.

6) Ел іші — алтын .............

7) Тіл - достықтың алтын .............

8) Өнер — ағып жатқан ............,
Ғылым — жанып тұрған .................

1 жүргізуші: Сайысымыздың 4 кезеңін артқа тастап, шешуші бесінші кезеңге де келіп жеттік. Бұл кезең «Ойлы болсаң озып көр» деп аталады екен...

2 жүргізуші: Иә, ойы жүйрік адам әрқашан көштің алдында жүреді. Бұл кезеңде ой жүйріктігі көне сөздердің мағынасын ашумен өлшенеді екен.

V-кезең: «Ойлы болсаң озып көр» -деп аталады.

1 жүргізуші: Олай болса, сайыс шартын хабарлайық.

2 жүргізуші: Сайыскерлердің назарына көне сөздер ұсынылады. Олар сол көне сөздердің мағынасын ашуы тиіс. Мысалы: Берен – болаттан жасалған батырлар киімі.

Көне сөздер:

1.Күрсі - орындықтың атауы

2.Әйкел – құдықтың қақпағы

3. Күйенте – су таситын құрал

4. Сіргежияр – биені ағытқанда қымыз береді, шай береді

5. Барымта –қайтарып алу, мал ұрлауға байланысты сөз.

6. Дүрия – мата атауы

7. Кіреуке — жейде түрінде жасалған, дөңгелек металл шығыршықтардан өрілген торлы сауыт.

8. Торсық – түйенің,  өгіздің мойын терісінен жасалатын сусын құюға арналған ыдыс.

9. Саптыаяқ – ағаштан жасалған ыдыс.

10. Абажа — ас,тағам салуға арналып жасалған сандықтың (кебеженің) үлкен түрі.

11. Сіргежияр – биені ағытқанда қымыз береді, шай береді

1 жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жана ма?
Білім мен өнер жұптаспай,
Тәлім, тәрбие алар ма?
Бұл бәйге сөздің бәйгесі.
Кім жүйрік болса сол алда.

2 жүргізуші: Қазылар әділдікті,орнықтырсын,

Сөзмергеннің ең мықтысы анықталсын.

Шешім шығып, үздіктер танылғанша,

Лицейдің өнерпаздары ән-күй айтсын.

1 жүргізуші: Қазылар бір шешімге келгенше, лицей оқушыларының бүгінгі сайыскерлерге дайындаған шағын концерттік бағдарламасына назар аударайық.

2 жүргізуші: Тамаша, тамаша, әніміз шырқалсын жараса. Лицей өнерпаздарын ортаға шақырайық. (концерттік бағдарлама)

1 жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - дей келе сөз кезегін әділқазыларға беріледі.

Қорытынды.

1 жүргізуші: Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,

Уақыт та біраз жерге таяп қалды.

2 жүргізуші: Қощ болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен сайысымыз аяқталды.

«Иә-Жоқ» кезеңінің тапсырмалары:


1.«Кел, балалар, оқылық!» кімнің өлеңін Абай Құнанбайұлы жазды. (жоқ- Ыбырай Алтынсарин)
2. Атырау Қазақстанның батысында орналасқан. (иә)
3. Аптаның бесінші күні бейсенбі. (жоқ - Жұма)
4. Қазақстан Республикасының бас қаласы Алматы (жоқ –Нұр-Сұлтан)
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ту жобасының авторы Шәкен Ниязбеков (иә)
6. Тәуелсіздік күні қашан 30 тамыз тойланады. (жоқ-16 – желтоқсан)
7 Қазақ тілінде 4 етіс түрі бар. (иә)

8. Еліміздің тұңғыш президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

9. Мақал-мәтел ауыз әдебиетінің бір түрі. (иә)
10. Жұмыртқа сөзінде 4 буын бар. ( жоқ- 3 буын, жұ – мырт – қа)






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
2696
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі