Сөзмерген (сыныптан тыс шара)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сөзмерген (сыныптан тыс шара)

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөзмерген (сыныптан тыс шара)
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныптан тыс іс-шара.

Сөзмерген. Тіл білгірлерінің сайысы

Мақсаты:

  • Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде,  әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі  болатынын түсіндіру;

  •  Оқушылардың ой- өрісін,  дүниетанымын кеңейту,  сөздік қорын молайту,  жұрт алдында еркін  ауыз екі сөйлеуге баулу.

Көрнекілігі:  нақыл сөздер жазылған плакаттар, электрондық ойын таблосы,суреттер т.б


Мұғалім:             

Тілім менің! 

                                    Тілім  үшін  мың  өліп, тірілді  елім, 
                                    Аралыммен  арыммен  қатар  қойып,
 
                                    Тілді  қорғау – парызым  бүгін  менің! –дегендей бүгін орыс тілінде оқитын
5 -сынып оқушылары арасында өткізіліп жатқан «Сөзмерген» қазақ тілін білгірлерінің сайысын назарларыңызға ұсынамыз!

              Мұғалім:

Ақталған ақ арманы, үміттері,

Қашанкөрсең жүреді күліп тегі.

Қаумалаған ағайын, аманбысың,

Аманбысың сайыстың үміткері.- дей отырып ортаға сайыскерлерімізді

шақырамыз!

 

Шарттары:                                                                                                                                                                І- кезең. Таныстыру.Топқа бөлу. І-топ.-Жас қыран ІІ-топ.-Жас талап

ІІ- кезең. «Мықты болсаң, тауып көр»  Мақал - мәтелдің жалғасын табу;

ІІІ- кезең. «Шешуін тап»жұмбақтар сайысы

ІV- кезең. « Сөзжұмбақ шешу»;  

V-кезең. «Ойлы болсаң, озып көр» сөзден басқа бірнеше сөздер құру;

VІ-кезең. «Сөздік қор қоржыны»  сурет бойынша әңгіме құру.Мәтінге ат қою.                                                                  

І- кезең Таныстыру                                                                                                                                                                                                                                     

  Мұғалім: Ортаға 5 «в» сынып қатысушы тобын шақырамыз! 5 «г» сынып қатысушыларын қарсы алайық!

 Мұғалім:

ІІ- кезең «Мықты болсаң, тауып көр»  Мақал - мәтелдің жалғасын табу;

1-ші топтың мақалдары

 1.      Тіл тас жарады, ... тас жармаса,  бас  жарады

2.      Дәлелсіз сөз ... желмен тең

3.      Сөз тапқанға - ...  қолқа жоқ

4.      Жеті жұрттың тілін біл,...жеті түрлі ілім біл

5.      Көре-көре көсем боларсың, ... сөйлей-сөйлей шешен боларсың

6.      Ине көзінен сынады, ... шешен сөзінен сынады

2-ші топтың мақалдары

 1.      Тілден артық ... қазына жоқ

2.      Қаһарлы сөз ... қамал бұзар

3.      Піл көтермегенді, ...тіл көтереді

4.      Айтылған сөз, ... атылған оқпен тең

5.      Бас кеспек болса да, ... тіл кеспек жоқ

6.      Шебердің қолы ортақ, ... шешеннің сөзі артық


ІІІ. «Шешуін тап». Жұмбақ шешу сайысы: 
1. Қақпақты тарс тарс жабады, 
Терезені қағады. 
Уілдейді ысқырып, 
Қорқытады баланы. (жел) 
2. Тілі бар, үні жоқ, 
Өзін адам түсінген. 
Жүрегі бар, қаны жоқ, 
Сөйлеп тұрған ішінен. (кітап) 
3. Қабат қабат қаттама, 
Ақылың болса аттама. (кітап) 

 Мұғалім:

ІV- кезең «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап» Сөздерден басқа сөздер құру; І-топ-«тоғызқұмалақ», ІІ-топ- «тұсаукесер»

 

V-кезең «Сөздік қор қоржыны» сурет бойынша мәтін құру. «Күз», «Қыс»

VІ-кезең «Сөзжұмбақ»шешу.  І-топ- 1. «звук» сөзінің аудармасы

2.Қарағанды қаласы Қазақстанның қай жерінде орналасқан

3. төрт түлік мал / үй жануары/

4. «ақ»сөзі қандай буын

5. Қазақ балалар жазушысы

6. Ұлттық сусын

Д- ыбыс

О-рталық

С-иыр

Т- ұйық

Ы-бырай

Қ-  ымыз                                                                                                                                                 

 Ұлы ғұлама Пифагор: «Қандай да болсын халықтың әдет-ғұрпын үйренгің келсе, алдымен оның тілін үйрен» -деген екен,  міне біз бүгін сіздерге  оқу орыс тілінде жүргізілетін сыныптарда «Сөзмерген» атты қазақ тіл білгірлері сайысын көрсеттік. 

 

Ендігі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.                                                                

 

 «Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім. өйткені тіл байлығы — бәрінен де сенімді байлық.»-деп жазушы Ғабиден Мұстафин айтқандай тіл байлығы мол адам нағыз бай деп айтуға болады, ендеше барлықтарыңызға байлық тілейміз!



Болашаққа ұмтылған жолымыз бар,
 Жарқын өмір тұтқасы қолымызда.
 Осыменен аяқтайық біз сайысты,
 Көріскенше аман-сау болыңыздар!





Shape2 Shape1

34 НОМ

2015-2016 оқу жылы

5-сынып

Сыныптан тыс іс-шара

Қазақ тілі мұғалімдері:

Касимова Б.А.

Абдрахманова А.К.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.11.2018
450
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі