Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сперматогенез. Овогенез. Ұрықтанудың биологиялық маңызы.

Материал туралы қысқаша түсінік
КМЖ Сперматогенез. Овогенез. Ұрықтанудың биологиялық маңызы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Пән: Биология

Сынып: 9а

Сабақтың тақырыбы: Сперматогенез. Овогенез. Ұрықтанудың биологиялық маңызы.

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушыларға ұрықтану процесін, өсімдіктердегі эндосперге, диплойдты және триплойты жасушалардың дамуын, Навашин, аталық және аналық гаметалардың дамуын түсіндіру
ә) дамытушылық: Оларға ұрықтану туралы ғылыми тұрғыдан түсіндіріп, ой – өрісін дамыту және сабаққа қызығушылықтарын арттыру; б) тәрбиелілік: көбеюдің және тозаңдану мен ұрықтанудың күрделі екенін айту. Салауаттылықты қалыптастыру, біліктіліктерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, тесттер, биологиялық диктант, кайталау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бор, плакаттар, үлестірмелі қағаздар, кеппе шөптер т
Пәнаралық байланыс: География, математика, шет тілі, орыс тілі

І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеп, үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасы:
Кім жылдам «Қайталау оқу анасы
Сөзжұмбақ «Мейоз» тақырыбына
Актуалдау
ІІ. Жаңа сабақ
Жынысты көбею – аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері – аталық пен аналық.
Тозаңдану дегеніміз – аталық тозаңының аналықтың аузына түсуі. Тозаңдану өздігінен және айқас тозаңдану деп екіге бөлінеді.
Ұрықтану дегеніміз — аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Ұрықтану тозаңданудан кейін болады. Егер де сперматозоид жасушасы бір ғана жұмыртқаны ұрықтандырса оны моноспермиялы, бірнеше сперматозоид ұрықтандырса полиспермиялы деп атаймыз.
Аналықтың жабысқақ сұйықтық бөлінгенде аналық аузына түскен тозаң жіңішке түтікше шығарып, өнеді. Тозаң түтікшесі ұзарып, аналықтың жатынына жетеді.
Жатындағы көпжасушалы тұқымбүршігінің ішінде жұмыртқа жасушасы мен ең ірі жасуша болады. Тозаң түтікшесінің ұшында ірі ядролы 2 жасуша бар. Тозаң түтікшесінің ұшы тұқым бүршігінен түйіскенде 2 жасушаның біреуі жұмыртқа жасушасымен қосылып ұрықтанады. Екінші жасуша тұқым бүршігінің ең ірі жасушасымен қосылады. Мұны қосарлы ұрықтану дейді, бұл құбылысты ашқан ғалым С. Г. Навашин. Ұрықтанғаннан соң тұқым бүршігінен тұқым, жатыннан жеміс дамиды.
Жануарлардың ұрықтану ерекшеліктері.

Гүлді өсімдіктерге қарағанда ұрықтану үдерісі жануарларда өте оңай. Мұнда екі гамета: жұмыртқажасушасы және сперматозоид қосылады. Алайда гаметогенез - жыныс жасушаларының түзілу жолы туралы біраз баяндауға тура келеді. Гаплоидты гаметалар жыныс бездерінің диплоидты жасушаларынан түзіледі. Еркектің аталық безі және әйелдің жұмыртқаларының жасушаларында да денеміздегі барлық қалған жасушалардағыдай диплоидты хромосомалар жиынтығы болады. Жыныс бездерін шартты түрде төрт аймаққа бөлінеді:

  1. Көбею аймағы - онда митоз өтеді және жыныс бездерінің диплоидты жасушалары көбірек болады.

  2. Өсу аймағы - митоз және мейоз аралығындағы интерфаза кезеңі, бұл кезеңде ДНҚ матрицалық жолмен өздігінен көшірмелену әдісімен екі еселенеді. Осы аймақтың соңында әрбір диплоидты жасушаның құрамында 2 хроматидтен тұратын хромосома болады, яғни ол бөлінуге дайын тұрады.

  3. Пісіп жетілу аймағы - мейоз жүреді, соның нәтижесінде жыныс безінің, диплоидты аналық жасушасынан қосылуға, яғни ұрыктануға жарамды хромосомаларжинағы бар төрт гаплоидты жасуша қалыптасады.

  4. Қалыптасу аймағы - сперматозоидтардың құйрығы қалыптасып, ядро жасушасының ұшына орнын ауыстырады; жұмыртқажасушаның қабығын еріту үшін ядроның алдына лизосомалар жинақталады; құйрық негізіне митохондриялар жиналып, оның қозғалысын жеткілікті мөлшеріндегі АТФ қамтамасыз етеді. Цитоплазманыңжұмыртқажасушаларында коректік заттар қоры жинақталады. Екі сперматозоидтың бірден енуіне кедергі келтіру үшін оны «сәулелі тәж» түзетін қосалқы жасушалар тобы қаптайды.

Сперматогенез (аталық жыныс жасушаның дамуы, шәует түзу) және овогенез (жұмыртқажасушалардың дамуы) үдерістерінің аралығында елеулі айырмашылықтар бар.

Бекіту сұрақтары
1 тапсырма
20(1) ұрықтану дегеніміз не
20(2) моноспермиялы ұрықтану
20(3) полиспермиялы ұрықтану
30(1) өсімді және генеративті дегеніміз не
30(2) сыйлық
30(3) қосарланып ұрықтану дегеніміз не
40(1) аталықтгаметалар қалай дамиды
40(2) сыйлық
40(3) аналық гаметалар қалай дамиды
2 тапсырма Биологиялық диктант
1. Аталық және аналық жыныс жасушасының қосылуы..... д. а.
2. Гүлді өсімдіктердің ұрықтануын алғаш ашқан.....
3. Аналық жыныс жасушаларының саны...
4. Аталық гаметалар тазаңқаптың........ дамып жетіледі.
5. Триплоидты хромосома жиынтығы бар жасушадан эндосперм қабатының түзілуін... д. а
3тапсырма
Сандар сөйлейді
1) 3 кезең 2) 4фаза 3) 1841 4) 46 5) 23 6) 22 7) 4 8) 8 9) 4 10) 1898
Сабақты қорытындылау
Мен бүгінгі сабақты түсіндім.Мен түсіне алмай қалдым. Өзіме түйгенім
ІҮ. Бағалау сабаққа белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.
Ү. Үйге тапсырма беру. §19тақырыбы бойынша танымдық сұрақтарға жауап іздеп келу.
1. Қайынның реңі неліктен ақ болады?
2. Ағаштың темір болуы мүмкін бе?
3. Жапырақ реңінің жазда жасыл, күзде сары түсті болуы неліктен.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.12.2017
946
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12