|
Баяндама.
СПИД дегеніміз
не?
Соңғы жылдары жер шары
халқының назары ХХ ғасырдың обасы алаған СПИД (ЖИТС-жүре пайда
болатын иммунитет тапшылығының синдромы) дертіне аууда, қазірдің
өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру
жайында жұмыр жердің түкпір-түкпірінде күн сайын хабар бермей
отырған бірді – бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы
жоқ. Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді. Сондықтан
осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері, одан сақтану жолдары,
аурудың алдын алу және емдеу тәсілдерін білгеніміз
жөн.
СПИД қоздырғышын немесе адамда
иммунитет жетіспеушілікті туғызатын вирусты 1983 жылы француз
ғалымы, вирусолог Л.Монтанье тапты. Ал 1984 жылы америкалық ғалым
Р.Галло вирустың барлық қасиеттерін жан-жақты тексеріп
жариялады.
Спид вирусы Адам ағзасында
қалай өмір сүреді?
Адам ағзасына енген ол қанның
лимфоцит клеткаларының ішіне кіріп, клетканың генетикалық
аппаратына жабысып тез көбейе бастайды. Осының әсерінен клетка
жарылып өледі. Одан шыққан вирустар жаңа клеткаларға жабылып, өткен
процемтерді қайталайды. Лимфоцит клеткаларының осылай өле беруі
салдарынан күндердің-күнінде ағзасында иммунитет жетіспеушілік
пайда болады. Бұл жасырын кезең ондаған жылдарға дейін созылуы
мүмкін. Айрықша еске салатын жай, осы жасырын кезең кезінде адам
өзін аурумын деп есептемейді. Бірақ ол өзімен қатынастағы адамдарға
жұқпалы аурудың көзі ретінде СПИД-ті тарата
береді.
ВИЧ, қазақша АИТВ – адамдағы
иммунитет тапшылығы вирусы, жұқтырғандар және СПИД – пен
ауыратындар саны өте жылдам көбеюде. Тіпті бұл дерт балалар өміріне
да балта шабуда. Олардың арасында ауру жұқтырғандарды былай
қойғанда СПИД-тен қайтыс болған ата-аналардың жетім қалған 15 жасқа
дейінгі ұл-қыздарының саны 9 млн-ға
жеткен.
СПИД-тің жұғу
жолдары:
-
Қан арқылы,
есірткілер
-
Жыныстық өарым қатынас
арқылы
-
Жүкті әйелден баласына тікелей
жұғады
СПИД ауруының белгілері
қандай?
Вирус адамға жұққаннан кейін
СПИД ауруының жасырын кезеңі басталады. Ол кезең бірнеше айдан 6-7
жылға дейін созылуы мүмкін. Мысалы, адам ұзақ уақыт бойы делсал
болады, оқтын-оқтын дене өызуы көтеріліп басы ауырады, іші өтеді.
Егер желкедегі, қолтықтағы, бұғана үстіндегі бездер үлкейсе, ол
аурудың өте бір күдікті белгілері болып саналады. Жасырын
кезеңігнің аяғында вирустың көбейіп иммунитет қабілетіне зақым
келтіруіне байланысты, адам түрлі-түрлі ауруларға шалдыға бастайды.
СПИД вирусы орталық ми жүйесіне әсерін тигізіп, есалаңдыққа
шалдықтырады.
СПИД-ке қарсы қолданылатын
дәрі-дәрмек бар ма?
СПИД вирусының ең басты
қабілеті-ол өз құбылысын тез өзгертіп тұрады. Сондықтан оған қарсы
тиімді вакцина жасау және ауруды дәлелдейтін тәсілдерді нақты
қолдану өте қиын. Ал, дәрі-дәрмекке келсек, қазіргі кезде олардың
біраз түрлері бар. Мысалы: азитомидин немесе ретровир. Азитомидин
вирустың дене бойында көбеюін тоқтатады. Бірақ ол дәрілердің бәрі
де тек аурудың дамуын бәсеңдетеді, бір жолата жазып шығуға күштері
жетпейді.
|