400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

СПИД жұқпалы аурулар

Материал туралы қысқаша түсінік
жұқпалы ауру
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Сақтан ұрпақ СПИД деген қатерден» тақырыбындағы сыныптан тыс жұмыс. Атырау облысы Индер ауданы Есбол селосындағы Кулагино ұлттық гимназиясының жоғары санатты география, биология пәнінің мұғалімі Адилова Ақмарал Мағзомқызының.





Сабақтың тақырыбы Сақтан ұрпақ СПИД деген қатерден


Сабақтың мақсаты Оқушыларға АҚТҚ дегеніміз не. АҚТҚ қандай

жолдармен жұғады,қандай жағдайда жұқпайды, ауру қалай

асқынады, адамның АҚТҚ-мен зақымданғанын қалай білуге

болады деген тақырыптар арқылы түсініктерін ашып

көрсету.


Сабақтың түрі Тренинг


Сабақтың көрнекілігі Суреттер, плакаттар, қағаз парақтары, бор.

Әдебиеттер АҚТҚ және ЖҚТБ -ның алдын алу үшін қажетті

білімдер мен дағдылар. Салауаттану және табиғат


Танысу

«Қар көшкіні» ойыны


Негізгі сөздер

Лимфа, сперма,қынап сұйықтығы,


Шағын дәріс

АҚТҚ-адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы-ағзаны әртүрлі жұқпалардан

қорғайтын қорғаныс жүйесін зақымдайды. АҚТҚ қорғаныс жүйесінің белгілі жасушаларын зақымдайды.

ЖҚТБ-жұқтырған қорғаныс тапшылық белгілері-АҚТҚ-мен байланысты туындайтын сырқат. ЖҚТБ-АҚТҚ жұқпасының соңғы сатысы. Бүгінгі таңға дейін АҚТҚ және ЖҚТБ –дан толықтай айықтыратын дәрі-дәрмек табылмай отыр. Қоздырғыш адам ағзасында өмір бойына қалады. Өкінішке орай, кез келген адам АҚТҚ жұқпасын жұқтырып алуы мүмкін, алайда жұқтыруға әкеліп соқтыру жолдары туралы шынайы ақпаратқа сүйеніп ,тәуекелден бас тартсаң, АҚТҚ және ЖҚТБ-ның таралуының алдын алуға болады.

АҚТҚ төмендегі жолдармен жұғады

1.АҚТҚ-мен зақымданған донордың қанын құйғанда немесе мүшелері мен ұлпаларын салғанда.

2.Қан тамырларына есірткілерді енгізген кезде ине мен щприцтерді бірге қолданғанда.

3.Медициналық манипуляциялар кезінде залалсыздандырылмаған құралдарды пайдаланғанда.

4.Бөтен адамның тіс щеткасы мен ұстарасын қолданғанда.


«Миға шабуыл»

Адамның АҚТҚ-мен зақымданғанын қалай білуге болады?

Адамның АҚТҚ-мен зақымданғандығын сыртқы келбетінен біле алмайсыз. АҚТҚ жұқпасын қанды зертханалық зерттеуге тапсыру арқылы ғана анықтауға болады. Ағзада қоздырғыштың бар екендігі қоздырғыштың табылуынан емес, оған қарсы ендірілген антидене пайда болғанда анықталады. Антиденелер-ағзаға қоздырғыш енгенде, оған қарсы пайда болатын арнайы ақуыздар.


1-жаттығу

Ауру қалай асқынады?

АҚТҚ жұқпасы- бұл баяу өтетін созылмалы ауру. Сондықтан ауру белгілері бірден пайда болмай, 5-7 жыл ішінде білінеді. Аурудың алғашқы белгілері қандай? Шаршағыштық, жалпы әлсіздік, бірнеше топ лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Бұл ЖҚТБ-нің басталғандығын білдірмейді. Алайда,арнайы емделмесе, жұқпалы ауру әрі қарай дами түседі де, ЖҚТБ-ға әкелетін басқа да сырқаттар қосылады.


2-жаттығу

АҚТҚ төменде көрсетілген жағдайда жұқпайды

Қол алысып, құшақтасқанда.

Ыдыс-аяқтан, тамақтан,дәретхана заттарынан.

Төсек жабдықтары мен киімнен.

Темір және қағаз ақшадан

Су мен ауадан.

Ойыншықтардан, қолданыстағы заттардан.

Есік тұтқасы мен көліктегі ұстағыштан.

Жәндіктердің шағуынан.

Моншада, саунада, бассейінде.

Бой жазу.

Менің саған берер кеңестерім

-Бөтен адамның қаны көзіңе, әсіресе жарақаттанған теріге жағылып кетуінен сақ бол.

-Көшеде жатқан шприц пен инелерге тиме.

-Есіңде болсын, барлық медициналық дәрі егу(укол( бір реттік пайдаланатын құралдармен жасалуы тиіс


3-жаттығу.

Ситуациялық жағдайды талдау.

Сізге қансырап жатқан адамға бірінші көмек көрсетуіңіз қажет. Сіз не істейсіз?

Көмек көрсететін адамға ұсыныс: Жараны таза ,қалың матаме қатты танып байлаңыз. Қан сіздің көзіңізге, аузыңызға немесе зақымдалған теріңізге түспеуін қадағалаңыз. Қан аққан жерден жоғарырақ таңбаны тағу керек. Шұғыл түрде медицина қызметкерімен байланысыңыз.Дәрігерлік қызмет көрсеткеннен кейін қолдарыңызды сабынмен мұқият жуыңыз.


3- жаттығу.

«Қауіп дәрежесі» тестісін толтыру.

Кері байланыс.


Қорытынды жасау.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
608
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі