Тақырып бойынша 31 материал табылды

Спирттердің жіктелуі және химиялық қасиеттері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік: Спирттердің жалпы құрылысын түсіндіру Бір атомды және көп атомды спирттердің айырмашылығын анықтау Химиялық қасиеттерін меңгерту Дамытушылық: Химиялық реакция теңдеулерін құрастыру дағдысын дамыту; Оқушылардың салыстыру, талдау қабілетін жетілдіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Шымкент аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК


Сабақ тақырыбы

Спирттер бір атомды, көп атомды. Спирттердің жіктелуі және химиялық қасиеттері.

Модуль /пән атауы


ОН 11.6. Көмірсулардың, аминдердің, аминқышқылдары мен ақуыздардың құрылымын, физикалық және химиялық қасиеттерін түсіндіру, ферменттердің рөлі мен маңыздылығын түсіну.

Педагог


дайындады

20_ жылғы "___" ___________



1.Жалпы мәліметтер:

Курс, оқу жылы, топ


Сабақ типі

практикалық

2. Мақсаты мен міндеті:

2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби дағдыларының тізбесі

Білімділік: Спирттердің жалпы құрылысын түсіндіру Бір атомды және көп атомды спирттердің айырмашылығын анықтау Химиялық қасиеттерін меңгерту Дамытушылық:

Химиялық реакция теңдеулерін құрастыру дағдысын дамыту;

Оқушылардың салыстыру, талдау қабілетін жетілдіру.


3.Күтілетін нәтижелер

Нәтижеде студент игеретін материалдар

Спирттердің жалпы формуласын жаза алады

Бір және көп атомды спирттерді ажыратады

Құрылымдық формуласын құрастырады

Негізгі химиялық қасиеттерін сипаттайды

4. Қажетті ресурстар

3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар (көрнекіліктер)

Слайд, таратпа материалдар

3.2 Анықтамалық әдебиеттер

Әдебиеттер мен оқу құралдары:

1. «Химия 10». Оспанова М.Қ. «Мектеп» баспасы 2019

2. «Химия 10». Оспанова М.Қ. «Мектеп» баспасы 2019

3. «Химия 11». Оспанова М.Қ. «Мектеп» баспасы 2020

4. «Химия 11». Оспанова М.Қ. «Мектеп» баспасы 2020


3.3 Техникалық құралдар, (материалдар):

Көрнекіліктер, дәптер, оқулықтар, слайдтар,ИА тақта,ЖИ


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы




5мин








15 минут



























10 минут










І.Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу.

Сыныпта ынтымақтастықтық атмосферасын және қалыпты оқу ортасын қалыптастыру.

Топқа бөлу.

1-топ: Метанол

2-топ: Этанол

3-топ:Пропанол

ІІ. Үйге берілген тапсырманы «Сұрақ – жауап» сұрақтары арқылы тексеру:

1. Көмірсутектердің табиғи қорларын ата?

2. Метан табиғи газдың құрамында қанша пайыз кездеседі?

3. Мұнай Қазақстанда қай облыстарда өндіріледі?

4. Мұнайдың құрамында қандай элементтер кездеседі?

5. Мұнайдың физикалық қасиеттері?

6. Крекинг дегеніміз не?

7. Табиғи газдың қолданылуы?

8. Мазутты өңдегенде алынатын өнімдерді ата?

9. Мазутты өңдегеннен кейінгі қалдық қалай аталады?

10. Мұнайдың қолданылуы?

11. Еліміздегі көмір өндіретін қалаларды ата?

12. Көмірді кокстегенде алынатын химиялық заттар?

13. Агрегаттық күйіне байланысты отын неше түрге бөлінеді?

14. Қатты отын түрлерін ата?

15.1 кг табиғи газ жанғанда қанша жылу бөлінеді?

16. Отын жанғанда бөлінетін зиянды заттарды ата?

17. Сұйық отын түрлерін ата?

а) әр оқушы өткен сабақта естерінде не қалды айтады;

ә) сұрақ-жәуап

Дайын жауаптар бойынша өзара алмастырып, тексереді, өзара бағалайды.



ІІІ. Жаңа түсінік беру.

Спирт туралы не білеміз



Қызығушылықты ояту.

  • Спирт дегенде ойыңа не келеді?

  • Спирт тек медицинада ғана қолданыла ма? Спирттердің тұрмыстағы қолданылуы туралы қысқа талқылау

Бұлар оттекті органикалық қосылыстар. Осы қосылыстардан бірінші спирттерді қарастырамыз.

4 ғасырда адамдар құрамында этил спирті бар сусындар дайындай білген. Жеміс –жидек шырындарын ашытып вино жасаған, бірақ адамдар олардан бас айналдырып естен тандыратын компоненті бөлуді көп кейін үйренді.16ғасырда Алхимиктер виноны қыздырығанда ұшқыш зат буы түзілетінін ,суытқанда дәмі ащы, түссіз сұйықтық түзілетін ашты.Орта ғасырда винодан алынатын спирт «өмір суы» деген атпен күшті дәрілік зат есебінде қолданылды.

Алғаш рет 15 ғасырда «алкоголь» сөзін неміс ғалымы, врач Парацельс этил спиртіне қолданды . Тек 18 ғасырда Лавуазье этил спиртінің құрамына көміртек ,сутек, оттек кіретінін анықтады,ал молекулалық формуласын 1883жылы С2Н6О дәлелдеген Берцелиус. 1834 жылы Жан Батист Дюма и Эжен Пелиго ағаш ұнтақтарын қыздырып, екінші спиртті анықтады.Сондықтан ол ағаштан алынған деп аталады.

Презентациялар












Әр оқушыға бағалау парағы таратылады


Сабақтың ортасы


30 минут






















































































10минут



















15 минут































5 минут


ІV. Жаңа сабақ. «Пікірталас»әдісі. Негізгі кезең: Спирттер,спирттердің құрамы мен жіктелуі.

Спирттер дегеніміз – құрамында көмірсутек радикалымен байланысқан гидроксо (ОН) тобы бар күрделі органикалық заттар. Спирттердің жалпы формуласы: СnH2n+1OH. Спирттер біратомды және екіатомды болып екіге жіктеледі. Біратомды спирттердің жалпы формуласы: ROH. R – көмірсутек радикалы. Біратомды спирттердің ең қарапайым өкілдері: метил спирті және этил спирті.

Физикалық қасиеттері: Метил спирті (СН3ОН) – оны ертеде ағашты құрғақ айдау арқылы алғандықтан ағаш спирті деп атаған. Метанол - өзіне тән исі бар, түссіз, өте улы сұйық зат. Шамамен 10 грамын пайдаланған адам көз жанарынан айырылса, көбірек мөлшері өмірге қауіпті. Метанолды химия өнеркәсібінде еріткіштер ретінде және формальдегид пен күрделі эфирлерді алу үшін қолданады.

Этил спирті (C2H5OH) - өзіне тән иісі бар, түссіз сұйықтық, суда жақсы ериді, аузы ашық ыдыста қалса буланады. Этил спирті алкогольдік заттарға жатады, организмге зиянды әсер етеді. Әсіресе, орталық жүйке қызметін бұзады. Этил спирті медицинада, парфюмерияда, органикалық синтезде шикізат ретінде пайдаланылады.

Алынуы:

1. Тамақ өнеркәсібінде этил спиртінің көп мөлшерін құрамына крахмалы бар өсімдіктерден (картоп, жүзім, дәнді дақылдар) алады:

C6H12O6 2C2H5OH+2CO2

2.Этиленді гидраттау (су қосу) арқылы этанол алуға болады:

H2C =CH2+H2O → H3C-CH2OH

Химиялық қасиеттері:

  1. Спирттерде оттекпен әрекеттесіп, көмірқышқыл газы мен су түзеді:

C2H5OH + 3O2 2CO2 + 3H2O

  1. Этил спирті дигидраттау реакциясына түседі:

H3C-CH2OHH2C =CH2+H2O

  1. Этанол натриймен әрекеттесіп, натрий этилатын түзеді:

2C2H5OH + 2Na → 2C2H5ONa + H2↑

  1. Біратомды спирттер оңай тотығып, альдегидтерге, одан әрі карбон қышқылдарына айналады.

Қолданылуы: Метил спирті (СН3ОН) – органикалық заттарды ерітуде, пластмасса, сірке қышқылын алуда қолданылады.

Этил спирті (C2H5OH) – сірке қышқылы, дәрі – дәрмек, иіс сулар, синтетикалық каучук өндірісінде қолданылады.

Көпатомды спирттер – құрамында көмірсутек радикалымен байланысқан екі немесе бірнеше гидроксотобы бар органикалық заттар. Олардың маңызды өкілдері: этиленгликоль мен глицерин.

Этиленгликоль((С2Н4(ОН)2) – түссіз, иіссіз, тұтқыр сұйық зат. Суда шексіз ериді, дәмі сәл тәттіллеу. Оны синтетикалық тағамдар алу үшін, сондай – ақ еріткіш ретінде және суықта автомашиналар радиаторындағы суды қатырмайтын – антифриз ретінде қолданады.

Глицерин - халықаралық атау жүйесі бойынша - пропантриол. Глицерин – түссіз, иіссіз, қоймалжың сұйық зат. Ол ылғалды жақсы таратын гигроскопиялы зат, сондықтан суда жақсы ериді. Тәтті дәмі бар. Көптеген заттарды ерітетін қасиеті бар.оны парфюмерлік, косметикалық өнеркәсіпте сабын, түрлі крем, майлардың құрамына қосу үшін қолданады.. Өйткені теріні жұмсартып, ылғалдандырғыш қасиеті бар. Одан басқа түрлі шайырлар, қопарғыш заттар алуға және формацевтикада дәрі – дәрмек ретінде пайдаланады.

Этил спиртінің адам ағзасына әсері.

Этил спирті адам ағзасына есірткілік әсер етеді. Спирт миға әсер етіп, жүйке клеткаларын уландырады. Осыдан адамның ақыл-ойы, сөйлеу, ойлау қабілеттері, қимыл үйлесімділігі бұзылады.Спиртті ішімдіктер ішкен адамның мінез-құлқында желөкпелік, әдепсіздік, дөрекілік пайда болады, оны айналасындағыларға жеккөрінішті етеді.Спиртті ішімдіктерді жие ішкен адамның бауыры мен жүйке жүйесінің қызметі бұзылады, зердесі нашарлайды, маскүнемділікке, яғни этил спиртіне тәуелділікке ұшырайды.

Зияны: Этил спирті наркотик. Ол ерігіш болғандықтан қанға тез сініп ағзаға күшті әсер етеді. Спирттің әсерінен адамның ықыласы кеміп, қимыл үйлесімділігі бұзылып, мінез – құлқында әдепсіздік жұртқа жек көрінішті етеді.

Маскүнемнен туған балалардың 38% кемтарлыққа душар болады. Ұрлықтың 55%, тонаудың 75% адамның мас кезінде жасалады.

Пайдасы: Этил спирті наркотик. Ол ерігіш болғандықтан қанға тез сініп ағзаға күшті әсер етеді. Спирттің әсерінен адамның ықыласы кеміп, қимыл үйлесімділігі бұзылып, мінез – құлқында әдепсіздік жұртқа жек көрінішті етеді.

Маскүнемнен туған балалардың 38% кемтарлыққа душар болады. Ұрлықтың 55%, тонаудың 75% адамның мас кезінде жасалады.


V. Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары:

«Ой түрткі» сұрақтары:

  1. Спирттер дегеніміз не?

  2. Спирттердің жалпы формуласы қандай?

  3. Метил спиртінің формуласы қандай?

  4. Этил спиртінің формуласы қандай?

  5. Этил спиртінің физикалық қасиетін сипаттаңдар.

  6. Этил спиртінің организмге әсері қандай?

  7. Метил спиртінің физикалық қасиеті?


ЖИ нен пайдаланып жұмыс істеу


VI.Топтық жұмыс.


.

1-топ:

1 – есеп.4 грамм этил спирті жанғанда қанша көлем (қ.ж) көмірқышқыл газы түзіледі?


2 – есеп. C → C2H6 → C2H4 → C2H5OH → CO2



2-топ:

1 – есеп. 10 грамм метил спирті металмен әрекеттескенде неше грамм натрий метилаты түзіледі?

2 – есеп. C2H2 → C2H4 → C2H5OH → C6H12O6



3-топ:

1 – есеп. Массасы 115 г этил спиртін дегидраттау кезінде қанша литр этилен қалыпты жағдайда алуға болады?

2 – есеп. С2Н4С2Н5Сl C2H5OH CO2



Топтық тапсырмаға қойылатын бағалау критерийлері:

1) Тапсырманың мазмұнының сай болуы.

2) Безендірілуі.

3) Жеткізе білуі.

Оқушылар бағалау парақшалары бойынша бағаланады.



Үй жұмысы: Спирттердің өміріміздегі маңызы тұралы эссе жазу.

50г этил спирті натрий мен әрекеттескенде қанша метр (қ.ж) сутек бөлінеді?

Презентация

















Презентация

















топтар бірін-бірі критерий бойынша бағалайды.














Уақыт



5

10

15

20

25

30

35

40

45

50

55

60

65

70

75

80

85

90



















Ұйымдастыру



















Үй тапсырмасын тексеру

















Жаңа тақырыпты түсіндіру













Жаңа тақырыпты бекіту













Рефлексия


















Бағалау. үйге тапсырма беру




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.06.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12