Спорт -біздің серігіміз

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Спорт -біздің серігіміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Спорттың маңыздылығын ұғындыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді:

Тәрбие сағаты

Білім беру ұйымының атауы

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Педагогтың Т.А.Ә

Калкаева Р.К.

Күні:

24.02.2025ж

Сынып: 2 «Г»

Қатысушылар саны:32

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

«Спорт – біздің серігіміз»

Қауіпсіздік сабағы «Бейтаныс адаммен диалогты қалай дұрыс құру керек?» (10 минут)

Сабақ мақсаттары:

Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Спорттағы достық қарым - қатынасқа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Құндылықтарды дарыту

Ай құндылығы:Жасампаздық пен жаңашылдық

Апта дәйек сөзі: Бірлік пен жасампаздық – ел бағдары

Оқушыларды жауапкершілік пен еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Баға

лау

Ресурс

тар

Бастал

уы

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Шынықсаң шымыр боларсың
Шығу үшін шымыр боп,
Шынығамыз шаршамай.
Бұлшық еттер шымыр боп,
Аламыз сосын тыныс жай.





Ортасы

- Шынықтыру дегеніміз не? Ол не үшін қажет?
- Шынықтырудың қандай түрлерін білесіңдер?
- Адамдар не үшін таңертеңгілік жаттығуды жасайды?
• Дене шынықтыру сабағы бала денсаулығының негізі болып табылады.
• Жүрек үнемі демалыссыз жұмыс істеп тұрады.
• Спортпен шұғылдану бұлшықеттерді дамытып, жақсы жиырылуына көмектеседі
Таңертеңгілік жаттығу, спортпен шұғылдану, денемізді шынықтыру арқылы біз денсаулығымызды, дене бітімімізді шынықтырамыз. Денсаулықтың қадірін, әдетте, адам ауырғанда ғана біледі. Денсаулықтың мықты болуы адамның өзіне де байланысты. Адамдар әрқашан қимыл қозғалыста жүрсе біздің ағзамыздағы қан жүрісі де қозғалыста болып, жұмысы жақсарады. Ауруларға қарсы тұра алатын боламыз. Денсаулығымызды сақтау үшін зиянды әдеттерден аулақ болуымыз қажет. Адам денсаулығына жақын достар не деп ойлайсыңдар?
(тазалық, спорт, таза ауа, дұрыс тамақтану, күн тәртібі.)

Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, шыдамды, шымыр болады. Біздің ата- бабаларымыз «тәні саудың — жаны сау» немесе «бірінші байлық-денсаулық», — деп бекер айтпаған.

Жұмбақ
Таппайтын тағат,
Тығулы сағат (жүрек)
- Тазалық — денсаулық негізі, денсаулық — байлық негізі.
Адамның ең маңызды мүшесі ол – жүрек. Жүрек сол жақ көкірек қуысында орналасқан. Жүрек қан айналымын реттейтін мүше. Жүрек ауырмауы үшін спортпен айналысу қажет. Дене шынықтыру, спортпен шұғылдану, шаңғымен, конькимен сырғанау, суға түсу, таза ауада қыдыру қажет.
( Тақтаға спорт түрлерінің суреті ілінеді)
- Балалар мына суретте спорттың қандай түрлерін көріп тұрсыздар?
- Спортпен, гимнастикамен шұғылданбаса, жиі қозғалмаса, бұлшықеттер серпінділігін жоғалтады. Әлсірегенше жұмыс істеуге, жүгіруге болмайды, бұлай ету жүректі әлсіретіп алады.
Сендердің жүректерің өз жұдырығыңның көлеміндей. Адамда жүрек біреу ғана, оны сақтау қажет.

Қазақтың ұлттық спорт түрлері

Дене тәрбиесі және ойындары, ұлттық ат спортынан, кейбір үстел және қимыл-қозғалыс ойындарынан және ұлттық күрес түрлерінен тұрады.

Ат спортының түрлері:

аламан бәйге — алыс және өте алыс қашықтарға ат шабыс,

байте — ойлықырлыжерлерменатшабыс,

ат омырауластыру — атты итерістірі пшеңберден шығару,

аударыспақ — атүстіндеалысу,

жорғажарыс — жорғалар сыны,

құнанбәйге, дөнен бәйге, тай жарыс — жылқы түліктерінің жарысы,

қызқуу,

көкпар -командалық ойын,

жамбыату — шауып келе жатып нысана көздеу,

күмісілу — жерден күміс тиынды ат үстінен іліп әкету,

сайыс — ат үстінде қарумен жекпе-жек өткізу;


Мақал – мәтелдерді аяқтау
1. Денсаулық -........................
2. Тәні саудың -.......................
3. Шынықсаң -.....................
4.Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын.............
ізде.
5.Көзің ауырса, қолыңды тый, ішің
ауырса.......
6. ....... жасырған өледі


Қауіпсіздік сабағы «Бейтаныс адаммен диалогты қалай дұрыс құру керек?»

Балалар, қауіп-қатер кез келген жерде күтіп тұруы мүмкін. Біз қоғамда өмір сүреміз және адамдардың барлығы әртүрлі (тақтада сөз бар). Кез келген адам нағыз дос бола бермейді. Бұл нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесің? (Барлық адам мейірімді емес). Ендеше, бүгінгі сабақта бейтаныс адаммен қарым-қатынас туралы білетін боламыз.

- Бейтаныс адам деген кім? (Балалардың жауабы).

Кез келген қиындықты болдырмау үшін бірнеше қадамдардан тұратын қарапайым және сенімді әрекетті сақтау керек. Еркін жүруге және жағдайды бақылаудан шығаруға болмайды.

Ол үшін төмендегі ережелерді есте сақта!

1-қадам. Жағдайды бағалау

Сіздің алдыңызда бейтаныс адам бар екенін және ол ықтимал қауіп төндіруі мүмкін екенін түсінуіңіз керек. Сондықтан одан сақтану керек. Бұл адамның кім екендігі маңызды емес – қыз, ұл, ата, жас әйел. Егер ол бейтаныс адам болса, онда олардың барлығымен бірдей әрекет ету керек.

2-қадам. Қашықтықты сақтаңыз! Сіз бен бейтаныс адам арасындағы қашықтық кемінде екі метр болуы керек. Бұл өте маңызды! (балаларға осы арақашықты көрсету керек).

3-қадам. Бейтаныс адаммен сөйлесу уақыты 5-10 секундтан аспауы керек. Содан кейін сөйлесуді тоқтату керек. Біреудің сізбен сөйлесуіне немесе сізді әңгімеге тартуына жол бермеңіз. Қылмыскерлерді керемет психологтер деп айтуға болады және олар кез келген адамның, тіпті ересек адамның сеніміне кіре алады. Мұндай жағдайда адам әңгімеге кіргенде, қырағылығын жоғалтады. Тәжірибелі қылмыскерлер ересек адамдарды қауіпті іс-әрекеттерді жасауға сендіре алады. Мысалы, қаңырап қалған жерге бірге бару және т.б. (Балалардан 5 секундтан кейін сөйлеуді тоқтатуды сұраңыз, оларға осы уақыт ішінде қанша сөз тіркесін айтуға болатынын көрсетіңіз).

4-қадам. Қауіпсіз жерге бар. Бұл дегеніміз, өзіңіз танитын ауладағы адамдар, достарыңыз, анаңызға не әкеңізге қоңырау соғыңыз. Бейтаныс адам сіздің артыңызда қалғанына көз жеткізіңіз. Егер жақын жерде таныс ересектер болмаса, онда дүкенге, дәмханаға, мектепке кіріп көмек сұраңыз.

Есіңізде болсын! Бейтаныс адам сізді аңдуын тоқтатпаса, үйге қарай жүгіруге асықпаңыз! Подъездге бірге кірмеңіз!


Ситуациялық жағдайларды шешу. - Сәлеметсің бе, қызым!

- Сәлеметсіз бе! (жағдайды бағалаңыз: бейтаныс адам, қашықтықты сақтаңыз, одан 2 метр қашықтықта жүріңіз).

- Маған допты табуға көмектесіп жіберші. Доп жертөлеге домалап кетті, ал менің көру қабілетім нашар.


Осындай жағдайдың мысалын қарастырайық:

-Кешіріңіз, мені әкем шақырып жатыр (бейтаныс адамның келісуіне жол бермей, ересектерге қарай тез жүріңіз; толық қауіпсіздікте болғаннан кейін, ата-анаңызбен байланысыңыз).

Әртүрлі жағдайларда ең тиімді мінез-құлықты табу үшін сізбен бірге жаттығу жасайық. Ол үшін төрттікте жұмыс істеп, жаңа тапсырмалар аламыз. Топтың әр өкілі шығып, өзін қалай ұстау керектігін айтады.

Топтарға арналған тапсырмалар (6 топ): әртүрлі жағдайларда қауіпсіз мінез- құлық ережелерін жасаңыз:

1. Сізді күшпен алып кетеді.

(Егер олар сізді күштеп алып кетуге тырысса, қатты айқайлаңыз: бұл менің ата-анам емес, мен оларды білмеймін! Менің атым... телефоным... ата-анама қоңырау шалыңыз! Шабуыл қаупі төнген кезде шу шығарыңыз, көршілеріңіздің назарын аударыңыз (ысқырыңыз, әйнекті сындырыңыз, қоңырау шалыңыз, есіктерді қағыңыз, айқайлаңыз!

2. Бейтаныс адам өзін полиция қызметкері ретінде таныстырса және істің мән-жайын анықтау үшін онымен бірге жүруді ұсынады (Өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған адамнан ата-анаңызға қоңырау шалуын талап етіңіз. Егер оның ұялы телефоны болмаса, ол кез келген дүкен немесе мекемеге барып хабарласа алады. Егер ол мұны істеуден бас тартса және сізді күштеп алып кетуге тырысса, қарсы тұрыңыз, айқайлаңыз, көмекке шақырыңыз, яғни бейтаныс адамдарға шабуыл жасағанда ұсынылғандай әрекет етіңіз).

3. Сіздің артыңыздан мектепке бейтаныс адам келіп, оны ата-анаңыз жібергенін айтса (Сізге ескертілмегенін айтып, бас тартыңыз. Бұл туралы педагогке, мектептегі күзетшіге айтыңыз. Ата-анаңызға қоңырау шалыңыз).

4. Көшеде біреу сізге тәтті ұсынса (Қабыл алмаңыз. Бірден бас тартыңыз. «Жоқ! Қажет емес!» деп айғайлаңыз.)


Сұрақтарға жауап береді








Ақпараттар

мен танысады









































Мақал – мәтелдерді аяқтайды




























































Презентация


































Аяқталуы


Спорт – көркі өмірдің,    
Спорт - досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.06.2025
114
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі