Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Спорт – денсаулық кепілі!

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш 3 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар Дүниетану


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім «Уақыт»




Мерзімі: 2-тоқсан

Мұғалім :Елеусизова Ж.

Сынып: 3Б


Қатысқандар:25

Қатыспағандар саны:0


Сабақ тақырыбы

Спорт – денсаулық кепілі!


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.4.2 Спорт түрлерін топтастыру, спорттың қандайда бір түрімен айналысу үшін қажетті негізгі және өзінің қабілеттерін анықтау

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • Спорт түрлерін топтастыра алады;

  • Спорттың белгілі бір түрін өзіне сай таңдай алады;

Бағалау критерийлері

  • Қазақстанның спорттағы жетістіктеріне мысал келтіреді;

  • Спортты 2 түріне қарай топтастырады: қысқы және жазғы;

  • Спорттың өзіне қолайлы түрін таңдап, негіздейді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • Спорт түрлерін сипаттайды;

  • Қолайлы спорт түрін таңдау жайлы пайымдайды;

Терминология:

  • Спорт түрлері

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Спорттың қандай түрлерінен Қазақстандық спортшылар олимпиада шыңын бағындырды ?

Жазуға берілетін тапсырма:

  • спорт түрлерін саралау

Құндылықтарды дарыту

Салауатты өмір салтын сақтану өзіне қолайлы спорт түрін таңдап шұғылдануға қадам жасау арқылы көрінеді. Патриотизмді дамыту елімізді әлемге танытқан спортшылар үшін мақтану сезімін тудыру арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Математика: уақыт өлшем бірліктері (минут/секунд).

Информатика: ақпараттармен жұмыс.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылардың салауатты өмір салтын сақтану маңыздылығы туралы түсініктері бар. Спорт ұғымымен таныс. Кейбір спорт түрлерін атап, сиппаттай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0-5














6-7







  1. «5 сұрақ» стратегиясы (топта)

Топтағы оқушылар 5 сұрақ дайындайды және оларды жеке парақтарға жазады. Сұрақтар спортпен шұғылданудың және салауатты өмір салтын сақтаудың себептерін анықтауға қатысты болуы керек. Содан кейін бұл парақтар басқа топпен ауыстырылады. Сұрақтарды алған топ, 1 минут талқылап алып, оларға жауап береді. Егер оқушылар сұрақтар құруда қиналса, бірнеше мысалдар келтіріңіз.

Топтар өзі құрастырған сұрақтарға алған жауаптарына пікір айта отырып, кері байланыс береді.


  1. Сабақ мақсатын анықтау(ұжымда)

  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.

  • Сабақ мақсаты ұсынылады:

  • Спорт түрлерін топтастыру;

  • Спорттың белгілі бір түрін өзіне сай таңдай алу.


Таратпа қағаз


Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз










Слайд №3

Сабақ ортасы

8-18































19-28



























29-35







  1. «Спорт түрлері» тапсырмасы (топта)


- Оқушылар төрт топқа бөлінеді. Әрбір топқа бір спорт түрі бейнеленген суреттер таратылады.

Сұрақтарға жауап беруді сұраңыз:

  - Суреттегі спорт түрін атаңыз.

- Суреттер қандай қағидаға сүйеніп топтастырылған деп ойлайсыңдар?

- Қысқы және жазғы спорт түрлері арасындағы айырмашылық қандай?


- Әр топ сұрақтарға жауап бергеннен кейін өздерінің суреттерін қысқы және жазғы спорт түрлері деп жазылған плакатқа желімдейді.


ҚЫСҚЫ спорт түрлері

ЖАЗҒЫ спорт түрлері







Оқушылар пікірталас барысында барлық спорт түрлері Олимпиадалық болып табылады деген қорытындыға келеді. Мұғалім оқулықтағы «Сіз білесіз бе?» айдарындағы ақпаратпен таныстырады (31-бет).


Бағалау критерийлері:

  • Спортты 2 түріне қарай топтастырады.



  1. «Менің елімнің чемпиондары» тапсырмасы (жеке, жұппен, топта)

Оқушыларға еліміздің споршыларының олимпиада ойындарындағы жетісіктері туралы бейнерепортажды көрсету ұсынылады.

Тақырыбы: «Бассейнге ем іздеп келіп, Олимпиада чемпионы болған Баландин»

Оқушылар видеорепортаж мазмұнын талдайды.

Ойлан–Әр оқушы жеке ой (сұраққа жауап т.б.) жазады.

Жұппен жұмыс Оқушылар ойларын (жауаптарын) жұпта біріктіреді.

Бөліс Бірлесе талданған ой немесе жауапты сыныпқа талқылауға ұсынады.

Талдауға арналған сұрақтар:

- Тағы қандай Қазақстандық спортшыларды білесіңдер?

- Олар қандай спорт түрлерімен айналысады?

- Олимпиада жеңімпаздарының болғаны ел үшін неге маңызды?

- Қалай спортшы болып, еліміздің атағын шығаруға болады?


Бағалау критерийлері:

  • Қазақстанның спорттағы жетістіктеріне мысал келтіреді.



  1. «Спорт және сен» тапсырмасы (жеке, ұжымда)

Оқушылардан төмендегі 3 сұраққа ойланып жауап жазуларын сұраңыз:

- Сен қай спорт түрін таңдайсың?(таңдадың) Неліктен?

- Бұл спорт түрі сенен нені талап етеді?

- Қандай нәтижеге қол жеткізгің келеді?


Үлгі ретінде екі нұсқаны ұсыныңыз:



Жауаптарды ұжымда талдаңыз.





Таратпа қағаз (сұрақтар үшін)



(дидактикалық материалға қараңыз)







Плакат





Суреттер (дидактикалық материалға қараңыз)


Желім

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз










Видеоға сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=18VBNB0I188





Қазақстан спортшыларының фотопрезентациясы























Толтыруға арналған таратпа парақ

















Сабақтың соңы

36-40

Рефлексия (жеке):

«Бір сөзбен» стратегиясы

Оқушылар шеңберге тұрып, әрқайсысы өзіне қай спорт түрі қолайлы екенін дәлелдеп бір сөйлеммен айтады.


Бағалау критерийлері:

  • Спорттың өзіне қолайлы түрін таңдап, негіздейді.



Микрофон

(дидактикалық материалға қараңыз)

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қабілеті жоғары оқушыларға сабақтан тыс уақытта, өз мектебінің спорттық жарыстарға қатысушысынан сұхбат алуды ұсынуға болады.

5сұрақ стратегиясында оқуда кедергісі бар оқушыларды қолдау ретінде мысал сұрақтар ұсынуға болады.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. «5 сұрақ» стратегиясында оқушыларға кімнен сұрағанын және олар қаншалықты дұрыс жауап бергенін белгілеп отыруды тапсырыңыз. Тапсырма соңында ең көп дұрыс жауап берген оқушыны анықтауға болады. Сабақ соңында спорт түрлерін ажырата алу деңгейлерін білу мақсатында 2 минуттық тапсырма ұсыныңыз. (дид. материалда берілген)

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
726
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12