400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Спорт – өмір көркі» эстафеталық ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене тәрбиесі пәні мұғалімдеріне. Ұстаздарға тәрбие сағаты. Оқушыларды салауатты өмір салтына бейімдеу және спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:  «Спорт – өмір көркі»

(Эстафеталық ойын)


Мақсаты:

1.     Оқушыларды салауатты  өмір салтына бейімдеу және  спортқа деген қызығушылығын арттыру.

2.     Эстетикалық және этикалық  тәрбиеге үйрету.

3.     Шапшаң қимылдауды, жарыса жүгіруді дамыту.


Міндеті: Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру;


Керекті құрал-жабдықтар:  баскетбол добы, жалауша, арқан, қап.

 

Барысы:

 Ұйымдастыру

-Сәлемдесу

-Оқушыларды сапқа тұрғызып дайындық жұмыстарын жүргізу.

-Бой жазу жаттығулары:

1) 5 минут жүру және жүгіру

2) Басты оңға, солға қозғалту

3) Қол жаттығулары

4) Бел жаттығулары

5)  Қолды алға қойып отырып тұру т.б.

   

   Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін міне сіздер «Спорт – өмір көркі» атты эстафеталық спорттық сайысын тамашалауға жиналып отырсыздар! Сонымен сайысты бастауға рұқсат етіңіздер!

Қош келіпсіз, бүгінгі көрерменім
Жиналып отырсыздар топтардың өнерлерін
Сергітер деп ойлаймыз, бүгінгі кеш
Тамашалап отырсаңыз спорттық бөлімдерін

Сайыс 6, 7а, 7б-сынып аралығында өткізіледі. Олай болса сайыскерлерді ортаға шақырайық.


Қазақстан Республикасының Гимні


Құрметті сайыскерлер қазылар алқасымен таныс болайық.
1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Т.Ізтілеуов
2. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі – Қ.Емжаев
3. Қосымша білім беру маманы – М.Ысқақов


Ендігі кезекте бұл сайыстың бөлімдерімен таныс болыңыздар!

І. Бөлім. Қызықты эстафета ойыны

ІІ. Бөлім.  Доппен жарыс

ІІІ. Бөлім. Сыңар аяқ ойыны

IV. Бөлім. Жұптастыру аяқ ойыны 

V. Бөлім. «Кенгуру» ойыны


Олай болатын болса, спорттық сайысымызды бастаймыз.


І. Бөлім. Қызықты эстафета ойыны

Әр командадан бір-бір оқушы ортаға шығады. Олар сол аяғын артына бүгіп, аяғының мойынынан ұстап алады да, межелі жерге дейін бір аяқтап  секіріп барып, қайта келгенде жүгіріп жарысып келеді де, саптың соңына тұрады, келесі бала ойынды жалғастырады.

ІІ. Бөлім.  Доппен жарыс

Бірінші бала екі баскетбол добын қолтығына қысып алып, межеге жүгіріп барады да, бір допты қалдырып, екінші допты келесі ойыншыға әкеліп беред. Келесі ойыншы бір доппен барып, екінші допты ала келеді. Ойын осылай жалғаса береді.

ІІІ. Бөлім. Сыңар аяқ ойыны

Әр команда  ойыншылары бір-бірден шығып, сыңар аяқпен шеңберден бірін-бірі итеріп шығару.

IV. Бөлім. Жұптастыру аяқ ойыны 

Әр командадан екі оқушы ортаға шығады.Онда екі оқушы бірін-бірі иықтасып алады. Бірі сол аяғын. Бірі оң аяғын артына бүгіп, аяғының мойнынан ұстап алады да межелі жерге дейін аяқтарын парластастырып секіріп барып, қайтарында қолдарын ұстап жүгіріп қайтады.


V. Бөлім. «Кенгуру» ойыны

Допты аяққа қысып секіру. Ойын басқарушының берген белгісі бойынша әр топтың алдындағы ойыншы допты екі аяқтың арасына қысып секіреді.


  Қорытынды

 Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар,-деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділ қазыларға беріледі.
Спорт – көркі өмірдің,
Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!

Әділ қазылар әр топтың қорытынды бағасын береді.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.04.2019
1164
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі