жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Спорт әлеміне қазақ тілімен»
«Спорт әлеміне қазақ тілімен» атты жарыс сабақ
1.
Балалардың денсаулығын, белсенділігін
нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын,
батылдықтарын, күштіліктерін байқау.
2.
Спортқа деген сүйіспеншіліктерін
арттыру.
3.
Салауатты өмір салтын насихаттау.
Түрі:
Эстафеталық жарыс
Өтілетін
орны: Балабақша алаңы
Қажетті
құралдары: Үлкен доптар, кедергілер,
шелектер, шығыршықтар.
Өтілу
барысы:
1.
I. Ұйымдастыру бөлімі
Жүргізуші:
Шынықсаң
шымыр боласың,
Сауығып
айдай толасың.
Спортты
серік ете біл,
Жақсы
азамат боласың.
Жеңімпаз
болу оңай ма,
Арман
болған талайға
Болмасаң
да ұқсап бақ,
Жарысқа
түсіп қалайда.
Жүргізуші:
Қайырлы
күн,құрметті қонақтар мен жарысқа
қатысушылар, жанкүйерлер бүгінгі «Спорт
әлеміне қазақ тілімен» атты жарыс
сабағымызға
қош келдіңіздер! Бүгін біз ерекше сабақта бас қосып отырмыз.
Бұл — тек жарыс емес,
Бұл
— спорт пен қазақ тілін ұштастырған
білім сайысы. Бұл жарысқа 6-сынып
оқушыларынан 2 топ қатысатын болады
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,
Әр
таңды бақытпенен атырамыз.
Өнерді
ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа
қатысуға енді ортаға,
Жылдам
да шапшаң,
Оқушыларымыз
ортаға шақырамыз.
(әр
топ сап түзеп, орындарына келіп тұрады)
1.
«Жалын» тобы, Топ басшысы --------
2.
«Шымыр» тобы, Топ басшысы
--------
Жүргізуші:
Ал,
құрметті халайық!
Жарысты
енді көріңдер.
Әділ
қазы алқасы,
Әділ
баға беріңдер!
Сайысты
бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға
беретін әділқазылар алқасымен
таныстырайық.
1.
2.
3.
Жүргізуші:
Таза
ауа, спорт болсын дәріміз,
Еңбек
етіп келгенінше әліміз.
«Алға»
— деген бір – ақ мақсат ұстанып,
Сайысқа
аттанайық бәріміз!
Бұл
сайысымыз 10 балдық жүйемен бағаланады.
Әр
топ төмендегі кезең бойынша сайысқа
түседі:
1.
Әр кезеңде білімдеріңіз бен
белсенділіктеріңіз сыналады.
Ендеше, сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастайық!
Құрметті
сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
Сайысымызды
бастаймыз.
Өнер
қуып топ өтер дейміз,
Бір
басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа
келген топтар кезектесіп,
Таныстырып
өздерін кетер дейміз.
Жүргізуші:
1
– кезең: «Өз тобыңды таныстыр»
Олай
болса, ортаға «Жалын», «Шымыр топтарын
ортаға шақырамыз.
«Жалын»
тобы
Таныстыру:
Жалындаймыз,
жанамыз,
Біз
спортшы боламыз!
Әрқашан
біз мықтымыз,
Бәрін
жеңіп шығамыз.
«Шымыр»
тобы
Таныстыру:
Шынықсаң
шымыр боласың,
Сауығып
айдай толасың.
Спортты
серік ете біл,
Жақсы
азамат боласың
2- кезең : «Оққағар» Бұл кезеңде оқушылар оққағарды атып, ондағы сұраққа жауап береді. Уақыт белгіленеді.
1-топ: Жазғы спорт түрлері:
2- топ: Қысқы спорт түрлері:
«Ойнайық,
ойнайық та ойлайық!
Қатардан
артта қалып қоймайық,
Белсенді
болайық ортада,
Уақытты
тектен - тек жоймайық!
Олай
болса, екінші турымызға өтеміз.
3
– кезең: «Кенгуру»
Ойынның
шарты: Топ мүшелері үлкен резеңке доптың
үстіне отырып кедергі арасымен айнала
секіре өтіп, жұмбақтың жауабын табады
және топқа кері айналып қайту.
Әділқазылардың
бағасы.
Допты алып қолға,
Дәл түсірген торға. (Баскетболшы)
2. Қырық екі шақырым қашықтан
Жүгіріп өтіп машыққан. (Марафоншы)
3. Шеберлік көрсетіп жүргендер,
Ағаш атқа мінгендер. (Гимнасшы)
4. Жеңiл шарды домалақ.
Ұрсаң
Ұшып жоғары,
Жерге түсер домалап. (Доп)
5. Қайқы тұмсық қостабан,
Қос таяқпен ұштаған.
Итерсең алға заулайды,
Шойын жолдан аумайды.
Табанға қанжар байладым,
Бетiнде айна ойнадым. (Коньки)
6.Тебесің
сен бір,
Тебемін
мен бір.
Түсі
теңбіл,
Көнбіс
зат ең бір.
Футбол
добы
7.
Мініп
алып ылғи да,
Тыңнан жол табамын,
Жоғарыдан
ылдиға,
Жұлдыз болып ағамын.
Шана
8.Жылға
дер ем — ақпайды,
Жылан дер ем —
шақпайды.
Арқан
9.Табаныма
байладым,
Қос таяқпен айдадым.
Шаңғы
Осы
сайыста менде 2 бонус бал бар, яғни кімге
түссе , сол жауап бермей -ақ балл иелене
алады.
4
- кезең: «Епті болсаң ептеп көр!»
Ойынның
шарты: Топ мүшелері қатарға тұрып
алдарында тұрған шелекке белгіленген
уақыт ішінде спортқа байланысты сөз
жазғаннан кейін кішкентай шелектегі
суын үлкен шелекке құяды.
5
- тур: «Көңілді старт»
Ойынның
шарты: Топ мүшелері екі екіден жұптасып,
қарындарына шар қойып, межеге жетіп
мұғалім дайындаған сөздерді екеуі
қимылмен , көрсетіп,қайта шарды қойып,
орындарына келу керек.
Спорт – денсаулық кепілі,
Ал қазақ тілі – ұлт байлығы.
Жарыс
заңы ежелден -
Жеңімпазды
анықтау.
Жеңімпаз
болу шарты сол -
Еңбектену,
жалықпау.
Біреу
озса сайыста,
Біреу
артта қалады.
Жеңілгендер
ренжімей,
Тараса
бізге жарады, —
демекші,
сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын
да уақыт келіп жетті. Ендеше, барша
турдың қорытынды бағасын есептеп
шығарып, марапаттау сөз әділқазылар
алқасына беріледі.
Әділқазылар
алқасының шешімі дайын болғанша
барлығымыз
«Көңілді
жаттығу» биін билейік
Жеңімпаздарды
марапаттау.
(Әділқазылардың
ұпайларын тыңдау)
Құрметті
ұстазымыз!
Бір
тілек айтарымыз,
Берекелі
заман болсын,
Балаларымыз
аман болсын!
Жиырма
бірінші ғасырда,
Ашық
аспан астында,
Денсаулықтарыңыз
мықты болсын!
Жанұяларыңыз
қуанышқа толсын!
Бүгінгі
«Спорт
әлеміне қазақ тілімен» атты жарыс сабақ
Осымен
аяқтаймыз!
Қатысқандарыңызға
көп - көп рахмет!
Жақсылықта,
амандықта жүздескенше!!! Сау болыңыздар!.....
Ұстанған
салауатты өмір салтын,
Жасқанып,
ешқашан да мойымайтын,
Болашақ
спортшылар келді ортаға
Қол соғып
қарсы алайық, балалар.
Топтың ұраны: Бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін.
Көрсетті
міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да
соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық
қанекей,
Әділқазы сайысты әділ
бағалар.
Сайыс соңында әділқазылар алқасы ұпай санын шығарып, қай команданың жеңгенін айтады. Жарыс соңында жеңіске жеткен командаға сыйлықтар тапсырылады. Балаларға арнайы дайындалған алқалар тапсырылады.
Спорт
– көркі өмірдің,
Спорт- досың,
серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып,
өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір
салтын ұстанып, спортты серік етейік!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген