400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Спорт әлеміне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: спорт әлеміне саяхат. Дене шынықтыру нұсқаушыларына арналған мектепалды даярлық тобына арналған ашық сабақ конспектісі
Материалдың қысқаша нұсқасы


«№33 «Әлия» бөбекжайы» ЖБҚ МКҚК

Сүйіндікова Баян Қазықы

Дене шынықтыру нұсқаушысы

Педагог - модератор





Тақырыбы: «Спорт әлеміне саяхат!»

Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу. Балаларға спорттық мереке арқылы ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру, ептілікке, шапшаңдыққа, батылдыққа баулу.
Керекті құралдар: Ағаш ат, теңге, сырмақ, арқан.

Барысы:
Жүргізуші: - Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан - жақты жетілген мәдениетті, дені сау азамат өсіру отбасының, балабақшаның, жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян. Балабақшамыздыңда басты мақсаты болашақ жас ұрпақты дені сау, сымбатты, шыныққан азамат тәрбиелеу.
Бүгін біз керемет, ғажайып «Спорт әлеміне» саяхатқа барамыз. Алдымен әр команда өз достарын жинап алу керек. Жаттығудың аты «Достарыңды жина».
(балалар әуенмен командаларына бөлініп тұрады)

Жүргізуші: - Жарайсыңдар балалар, сендер бір - біріңмен дос, тату екенсіңдер. Осындай достық көңілмен біздер «Спорт әлеміне» тез жетеміз.
әуен ойналады Тазша бала келеді
Тазша: Сәлеметсіңдер ме, балалармен үлкендер!
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Тазша бала? Сен қайда асығып бара жатырсың?
Тазша: Маған Таусоғар айтқан, егер де сен мен сияқты барлық қиын жағдайлардан жеңіл өткің келсе спорт әлеміне бар деген.
Жүргізуші: Уайымдама, біздің балалар да «Спорт әлеміне» бара жатыр, олар саған көмектеседі.
Тазша: Рахмет, бірақ Таусоғар ол әлемге бару үшін алдымен сұрақтарға жауап бересің және жолыңда көп қиындықтар кездеседі соны жеңуің керек деген.
Жүргізуші: Біздің балалар шыныққан, епті, қиындықтан қорықпайды. Солай ма балалар? Саяхатқа шығуға дайынсыңдар ма?
Балалар: - Дайынбыз.
Жүргізуші: Ендеше, «Сәлем - сөздің анасы» деген нақыл сөз бар. Үш команда өздерін таныстырып өтсін.

1. Жас қыран

Қырандай самғап алысқа,
Ойымыз кетер ғарышқа.
Жарыстан еш қалмаймыз
«Жас қыран» тобы біздерміз.

2. Барыс

Жеңістерге бет алдық,

Спортта сұлтан атандық.

Жетсін деп топ  мақсатқа

«Барыс» тобы деп атадық.



2. Тұлпар

Күндей болып күлеміз
Шуақ шашып жүреміз
Шынықтырып денемізді
Ұзақ өмір сүреміз.
Тазша: Балалар, «Спорт әлеміне» баратын жолымыз жеңіл болу үшін Таусоғар беріп жіберген сұрақтарға жауап беріп алайық.

1. Адамның бірінші байлығы не? (денсаулық)
2. Доппен ойналатын спорт түрлерін ата? (футбол, волейбол, баскетбол, теннис, боулинг, гандбол, допты хоккей)
3. Қазақтың Ұлттық ойындарын ата?
4. Денсаулық туралы мақал - мәтел айт.
5. Қазақстандағы атақты спортсмендерді білесің бе?

Тазша: Керемет балалар! Қане ендеше біздер «спорт әлеміне» жол тартайық.

(негізгі бөлім – жаттығулар)
Жүргізуші: Міне балалар бізде спорт әлеміне келіп қалдық. Бұл жерде біз шынығамыз, ойынаймыз, жаттығулар жасаймыз.

Тазаша: Балалар енді менде Таусоғардай мықты болуым керек сендер маған көмектесіндер!

Жүргізуші: Тазша әрине біздің балалар сізге көметеседі. Балалар спорт әлемінің өзінің сиқыры бар сендер қаншалықты спортпен жаттықсандар соншалықты күштерін көбейеді. Ол үшін біз бірнеше кезендерден өтуіміз керек. Тазшаныңда күші көп болу үшін көмектесемізбе?

Балалар: Ия

Тазша: Ал денеше кеттік біздің бірінші кезеніміз «Бәйге»

Ат өнері білінбес
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Ер өнері білінбес,
Қоян - қолтық алыспай деп қазақтың ұлттық ойыны бәйгеге кезек берейік.
Ойын «Бәйге»
Шарты: Үш команда анықталған қашықтықта бір – бірімен гимнастикалық таяқшаларды қолданып жарысады.

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Енді екінші кезеніміз «Кім жылдам».

Шарты: Анықталған қашықтықта балалар гимнастикалық конустарға қолдарын тигізіп 2 рет қашықтыққа жүгіреді.

Тазша: Балалар ал енді үшінші кезеніміз «Мәре»

Шарты: Кедергілерден өтіп баспалдақтан өрмелеп мәреге қолын тигізу.


Тазша: Балалар қарандаршы мына жерде қоржын тауып алдым. Ішінде не бар екен ашып көрейікші.
Тазша бала арқан шығарып, ойынды түсіндіреді.

Жүргізуші: «Арқан тарту»

Шарты: тартысқа түскен екі топ бірін-бірі тартып, жердегі орталық сызықтан бұрын сүйретіп өткізіп әкету. Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе, сол жағы ұтқан болады, жеңген жағы бәйгесін алады. Ойынды осы жоғарыдағы тәртіппен жүргізе беруге болады.

Тазша: Балалар сендер көп рахмет! Менің күшім көбейді барып Таусоғарға көрсетейін. Сау болыңдар!
Жүргізуші: Балалар сендер барлық кезеңдерден сүрінбей өттіңдер. Сендер бір - біріңмен тату, дос тапқыр, епті, батыл екендіктеріңді көрсеттіңдер. Сол үшін Сендерге мына медальді тарту етемін.
Жарқын, шаттық заман болсын,
Отбасымыз аман болсын.
Сыйластық пен бірлік болып,
Әрқашанда орта толсын!
































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 наурыз
96
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі