400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сынып, 3 тоқсан БЖБ2 Қазақ тілінен «Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аты-жөні: __________________________________________________ күні: 26.02. 6 «Г» сыныбы

«Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Қазақ боксының атасы


Қазақстан боксының негізін қалаушы Шоқыр Бөлтекұлының есімі Ұлы Отан соғысынан бұрын естілген еді. Ол 1916 жылдың 29 қазанында Маңғыстау облысының Жармыш ауылында дүниеге келген. 1937 жылдың мамырында Қазақ КСР-інде тұңғыш рет бокстан Алматы қаласының біріншілігі өтеді. Оған 50 боксшыны қатыстырады. Алматы кино техникумын жаңа ғана бітірген 20 жасар Шоқыр барлық қарсыласын нокаутқа жібереді.

Ш.Бөлтекұлы 800-ге тарта боксшыны дайындаған. Олардың 100-ден астамы – одақтық және республикалық біріншіліктердің жүлдегері.

С.Қонақбаев, А.Топаев, Ә.Нұрмаханов, Б.Саттарханов, Е.Ыбырайымов, Б.Артаев, Б.Сәрсекбаев, С.Сәпиев – Шоқыр ағамыздың ізін басқан қазақ боксшылары.

Қазақ КСР-інің еңбегі сіңген жаттықтырушысы Шоқыр Бөлтекұлы Киев көркемсурет академиясында оқыған, Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын бітірген. «Қазақфильм» киностудиясында суретші болып істеген.



1-тапсырма. Мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтаңыз. (6 ұпай)

Негізгі ақпарат

Қосымша ақпарат

Детальді ақпарат

1







1




2




1




2





3







2-тапсырма. Мәтіннен салт және сабақты етістіктерді теріп жаз. (2 ұпай)

Сабақты етістік

Салт етістік
















3-тапсырма. Етістерді түрлеріне қарай топтастырып, кестені толтыр. ( 4 ұпай)

Сұранды, оқытқыз, тазаласты, оқылды, сүртін, жуындыр, көрісті, ашқыз, күтін, төгілді, сақтан, бөлінді, айтқыздырды, еккізді, көрінді, алынды, танысты, күткіздір, сырласты, бергізді, шешін, айтысты.

Өздік етіс

Ортақ етіс

Ырықсыз етіс

Өзгелік етіс














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
11 наурыз
260
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі