400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Спорт-біздің досымыз» Ата-аналармен дөңгелек үстел

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Спорт біздің досымыз»

Ата-аналармен дөңгелек үстел.

Тәрбиеші: Бисенгалиевна Жанганым Абатовна

Сәлеметсіздерме Құрметті Ата-аналар, әріптестер бүгінгі біздің дөңгелек үстеліміздің тақырыбы «Спорт біздің досымыз».

Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу.Спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Әртүрлі спорттық ойын түрлерімен таныстыру, тәсілдерін меңгеру. Әрбір адам спортпен айналысу керек. Өйткені спортпен үнемі айналысқан адмның дені сау болады, көңіл күйі көтеріңкі болады және денсаулығы жақсарады. Спорттық ойындардың түрлері өте көп: футбол, баскетбол, волейбол, теннис, хоккей, шаңғы тебу, суда жүзу. Т.б Спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатындығын айта кетсек артық болмас. Сол үшін балаларды ерте жастан спортқа деген қызығушылығын ояту үшін мектепке дейінгі бағдарламасына да енгізілген.

Тәрбиеші: Енді Ата-аналар ортаға шығып шаттық шеңберін құрайық.

Әр ата-ана өздерінізді таныстыра отырып бір-біріңізге жылы жақсы сөздер айтыңыздар. Танысу арқылы бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіру.

Тәрбиеші: Баяндама «Дені-саудың жаны сау»

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің еліміздің халқына Жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық-әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім. Шынында да , қазақ «Тазалық»-саулық негізі, саулық-байлық негізі» деп бекер айтпаса керек. Денсаулықтың қадірін, әдетте, адам ауырғанда ғана біледі. Денсаулықтың мықты болуы адамның өзіне де байланысты. Дегенмен оған қоршаған ортаның, жұтқан ауаның, ішкен-жеген тамақтың, судың құрамының лас болуы да айтарлықтай ықпал етеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне жүгінетін болсақ, адам денсаулығының 40 проценті экологияға, 40 проценті өзінің өмір сүру дағдысына байланысты болса 18-20 проценті ғана дәрігерлік-медициналық көмекке тәуелді екен. «Денсаулық-зор байлық» дейді дана халқымыз. Тек ойлап қарасаңыз, денсаулық-адам баласына табиғат сыйлаған ең басты байлық. Сау кезімізде сол теңдесі жоқ табиғат сыйының бағасы мен қадірін білмейтініміз өкінішті-ақ! Мордва халқының: «Денсаулықтың шайқап алсаң кесесін, енді қайтып толтыра алмассың есесін» деген мақалы бар екен. Сол айтылғандай, денсаулықты оп-оңай жоғалтып алуға болады, оны қайта қалпына келтіріп түзету өте қиын. Себебі адам организімінің қалыптасқан қызметі бұзылған соң, тез арада жөнделе салуы мүмкін емес.

Адамның денсаулығы-қоға байлығы. Халқымыз «Дені саудың-жаны сау» деп орынды айтқан...

Құрметті ата-аналар біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыздар?!

Ата-аналардың ойлары:

Тәрбиеші:

Денсаулық-зор байлық. Денсаулық болса, бәрі де болады. Дені сау адамның көңілі шат, өмірі бақытты. Жан-адамның ішкі дүниесі, ішкі жаратылысы. Олай болса, дені саудың-жаны да сау. Ендеше олай болса ата-аналар денсаулық туралы ой бөлісіп, топтастырсын.

(әр ата-аналар өздеріңіздің пікірлерінізді айтып кетсін.

1-ата-ана: Денсаулық ол шыныққан

Барлық дененің мүшесі.

Денсаулық ол-тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі

Денсаулық ол-күлуің

Көңіл-күйің жадырай

Денсаулық ол-жүруің

Ешбір жерің ауырмай.....

Ал енді Денсаулықтың достары мен денсаулықтың жаулары дегеніміз не екен?

Ата-аналарға жұмбақ жасыру, жұмбақ өлең:

1.Дымқылдап күнде сен

Қолыңды сүйкесең

Кетіп кір, ласың

Тап-таза боласың. Бұл не? (сабын)

2.Шомылған баланы

Аймалап алады

Сүртеді қолын да

Сүртеді жонын да. Бұл не? (сүлгі)

3.Ауызы жоқ, көзі жоқ

Тілі жоқ, сөзі жоқ

Бірақ та тісі жоқ

Басымен ісі бар. Бұл не? (тарақ)

-Ата-аналар жұмбақтың шешуі қандай заттар?

-Тазалық сақтайтын заттар.

Дұрыс айтасыздар.

Тазалық бар жерде денсаулық болады. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген әлдеқайда тиімдірек екенін ұғынайық. Қазіргі таңда аурулардың түрі көбейіп барады. «Тірі адам түбінде бір ауырмай тұрмайды» деп данышпан Баласағұнидің айтқан сөзі рас сияқты. Өйткені, әрбір адам басында өзіне белгілі бір аурулары бар. Бірақ біз сол аурулардың шарықтауына жол бермей оған төтеп беруіміз қажет. Яғни «Ауруын жасырған өледі» (Ә.Науаий) деген сөзге қарсы адам өз бойындағы ауруы бойынша дәрігерлерден кеңес алып, білгендерін сұрап отыруы қажет.Ол аурумен сәби күресе алмайды, ал онымен күресетін кімдер?! Әрине ол сіздер ата-аналары.

Қортындылай клсек «Спорт біздің досымыз» атты дөңгелек үстеліміздің соңына да келіп жеттік. Әр адам өз денсаулығын сақтай жүрулері керек. Бізге өте қымбат дүние десек те болады.и Оны сақтау үшін спортпен шұғылданып, денсаулыққа зиянды әдеььерден аулақ болулары керек. Тәрбие сағатымызға ат салысып қатысқандарыңыз үшін өте ризамыз. Міне, біз осындай әдемі сөздермен аяқтаймыз.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
773
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі