400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Спорт –біздің серігіміз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға спорт туралы түсінік беру.Қазақстанда өтетін Бүкіл әлемдік 28 қысқы студенттердің Универсиадасы ойындарының өтілу барысымен таныстыру.Оқушылардың дене тәрбиесімен шұғылдануға,денсаулығын нығайтуға,салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы


ШҚО. Кокпекті ауданы. Шұғылбай ауылы. «І.Жансүгіров атындағы орта мектебі»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі: Биназарова Бахытгуль Орынбасаровна


Тақырыбы:

«Спорт –біздің серігіміз»

(Бастауыш сыныптар бойынша өткізілген салауаттылық сағаты)

Мақсаты:Оқушыларға спорт туралы түсінік беру.Қазақстанда өтетін Бүкіл әлемдік 28 қысқы студенттердің Универсиадасы ойындарының өтілу барысымен таныстыру.Оқушылардың дене тәрбиесімен шұғылдануға,денсаулығын нығайтуға,салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу

Түрі: Салауаттылық сағаты Көрнекілігі: СӨС –ке байланысты суреттер,нақыл сөздер,тапсырмалар,ойындар.

Барысы

Ұйым кезеңі

1.жүргізуші .Құрметті ұстаздар,оқушылар!Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Бәсекелестікке қабілетті елу елдің қатарына ену» туралы жолдауында айтқандай, білімді де шыныққан шымыр денелі ұрпақ тәрбиелеу бәріміздің міндетіміз. 2.жүргізуші.Сондықтан ,бос уақытты тиімді қолданып,салауатты өмір салтын сақтап өмір сүруге баршанызды шақырамыз. Толыққанды өмір сүргіңіз келсе, спортты сүй, өнер үйрен дегендей,Бастауыш сыныптар бойынша ұйымдастырылып отырған «Спорт- біздің серігіміз» атты шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1.Ерте,ерте,ертемен, Мен де өзімше тер төгем. Айтып жүріп өлеңді, Сергітемін денемді.

2.Жалқаулыққа берілмей, Күнде-күнде ерінбей. Жаттығамын,жүремін, Өйткені мен білемін, Пайдалы екен бұл аса.

3.Ал, халайық, халайық, Табиғатқа қарайық. Жер,су,ауа тазарсын. Пайдалы кеңес бұл аса.

4.Суық судың несі айып? Шынығайық халайық, Кеңестері айтылған, Денсаулыққа лайық.

5.Сәлемдесейін жымиып, Жүректерге нұр құйып. Жылы сөздер сергітер, Адамдарды тұңғиық.

Балаларды топқа бөлу.Топ басшылары топтың атымен, ұранымен таныстырады.

1.Жүргізуші.Ал,енді балалар спорт еліне көңілді саяхатқа аттанамыз.Сендерден шыншылдықты, батылдықты талап етемін.

2.Жүргізуші.Жалқымызда «Құстың күші қанатында,адамның күші достықта»-деген мақалы бар,яғни сендер де бір-бірлеріңе көмектесіп,өз топтарыңның ұйымшылдығын көрсетіңдер.

Топ басшылары топтың атымен, ұранымен таныстырады. Әр топтан бір-бірден шығып,сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар

1.Волейбол ойыныда 1 командада неше ойыншы ойнайды? 6 2.Баскетбол ойыныда 1 командада неше ойыншы ойнайды? 5 3.Футбол ойыныда 1 командада неше ойыншы ойнайды? 11 4.Хоккей ойыныда 1 командада неше ойыншы ойнайды? 6 5.Марафоншы дегеніміз кім? (Ұзақ қашықтыққа жүгіруші) 6.Қысқы спорт түрлерін ата (хоккей,коньки,шаңғы,) 7.2016 жылғы Олимпиада қай жерде өтті? Бразилияда.Рио де Жанейро 8,Бүкіләлемдік қысқы 28 студенттер Универсиада ойындары қай қалада өтеді? Алматыда 9. Қандай қысқы спорт түрлерін білесіңдер?

Тау шаңғысы спорты

Конькимен жүгіру спорты

Шаңғы жарыстары

Шаңғымен бағдарлау

Шаңғымен трамплинмен секіру

Мәнерлеп сырғанау

Фристайл

Шайбалы хоккей

Допты хоккей

Шорт-трек



Жарайсыңдар.Топтарды бағалау.

Топ басшылары мына жердегі тапсырмаларды келіп алыңдар.Тапсырмамен танысып,сол бойынша өз ойларынды қағазға түсіріңдер.

1.Адам салауатты өмір сүруі үшін қандай гигиеналық талаптарды орындауы қажет.

2.Спорттың адам ағзасына пайдасы қандай?

3.Аурудың алдың алып,салауатты өмір салтын қалай орнатуға болады?

Балалар,қай топтың тапсырманы орындағаны ұнады? Олардың айтқан ойына қосыласың ба?

Жұмбақтар шешкізу.

1.Қыста жанданады, Жазда демалады. 2.Қос сүрлеу бар жолымда, Екі қамшы қолымда. Міндім де екі арғымақ, Таудан түстім қарғып-ақ. 3.Жалт-жұлт еткен сәйгүлік, Ерттеп міндім сай қылып, Күміс тұяқ тұлпарым, Жете алмайсың жай қуып.

Жарайсыңдар, балалар.Бүгінгі салауаттылық сағатқа белсене қатыстыңдар.Сол үшін бәріңе де рахмет.(Қол шапалақтау)

Сонымен,балалар,бос уақытымызды тиімді пайдаланып,жаман әдеттен аулақ болуымыз керек.Бүгінгі Алматы қаласында басталған Бүкіләлемдік 28 студенттер Универсиада ойындарына қолдау көрсетіп,спорттық ойындарға қатысып,денсаулықтарыңды шынықтыруға ат салысайық. Днеі сау,құрыш білекті,салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсе беріңдер.













































«І.Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ







«Спорт –біздің серігіміз»

(Бастауыш сыныптар бойынша өткізілген салауаттылық сағаты)

Бастауыш сынып мұғалімі: Биназарова Бахытгуль Орынбасаровна















2016-2017 оқу жылы





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1176
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі