400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 18 материал табылды

спорт жан серігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың спортқа деген қызығушылғынарттыру.Салауатты өмір-адам жанының да,тәнінің де тазаруы, денсаулығының нығаюы,салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Эстафеталық ойынға қызығушылығын арттыру. Күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Спорт- жан серігі»

Мақсаты: Балалардың спортқа деген қызығушылғынарттыру.Салауатты өмір-адам жанының да,тәнінің де тазаруы, денсаулығының нығаюы,салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Эстафеталық ойынға қызығушылығын арттыру. Күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту.

Көрнекі құралдар: Есеп жазылған қима қағаздар, суреттер, т.б.

Өтілетін орны: Мектеп алаңы. 

Спорттық құралдар: Спорттық құралдар, кегілі, круг, доп, шар, т.б құрал жабдықтар.

Өту  барысы:

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата – аналар және де жарысқа қатысушылар. Бүгінгі «Спорт-жан серігі» атты спорттық интилектуалдық сайысымызға қош келдіңіздер.

Уа халқым, назар аудар денсаулыққа,

Өмірде бақыттысың дені сауда.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді,

Құр айтпаған ұлы Абай данамызда. 

Шынықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.

Жеңімпаз болу оңайма,

Арман болған талайға.

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда,- деп сайысқа қатысушы топтармен таныстып өтейін. Салауатты өмір салтын сақтайтын,

Жаттығудан ешқашанда қашпайтын.

«Тапқыр» тобы келді бүгін сайысқа, 

Өз топтарын әрқашанда жақтайтын, - деп ортаға «Тапқырлар» тобын шақырамыз.
Әр таңды бақытпенен аттырамыз,

Өнерді ой көгінде бақылаңыз.

Сайысқа қатысуға енді ортаға,

«Алғырлар»тобын шақырамыз. 

Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер!,- деп сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Әділқазылар:

Ойнайық, ойнайық та ойлайық! 

Қатардан, артта қалып қоймайық, 

Белсенді болайық ортада,

Уақытты текке жоймайық! –деп бүгінгі сайысымызды бастаймыз. Ендеше бүгінгі спорттық сайысымыздын ережелерімен таныстырып кетейін... Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады. Сайыстың бағдарламасы 7 кезеңнен тұрады

І кезең: «Таныстыру» (Топты таныстыру, ұраны)

ІІ кезең: «Кім мықты» сайысы (доппен кедергілер арқылы өтіп, прамиданы құрау.)

ІІІ кезең: «Кім жылдам» сайысы (Кругтан өтіп барып, жұмбақты шешу) 

IV кезең: «Тунилден өту» (туниден өтіп барып, межелі жерге барып кери қайту)

V кезең: «Ептілік сайысы» (тенис добын түсірмей соғып барып, есеп шығару.)

VI кезең: «Секіргішпен секіру» (Секіргішпен секіріп, кедергілер арасымен өту)

VII кезең: « Қаппен секіру» (қаппен секіріп барып, суреттерді құрастыру)

Әділ қазылар өз бағаларын сайыс соңында береді.

Құрметті сайысқа қатысушылар! Сіздерге сәт сапар, жеңіс тілейміз! Сайысымызды бастаймыз. Сайысымыздың бірінші бөлімі «Таныстыру» Таныстыру: «Алғырлар» тобы « Тапқырлар» тобы
Шынықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.- деп келесі екінші бөлімге көшеміз. «Кім мықты» Сайысы шарты. (доппен кедергілер арқылы өтіп, прамиданы құрау.) Спорт көркі өмірдің, спорт досың серігің, - деп сайысымыздың 3 бөліміне көшейік «Кім жылдам» Шарты: кругтан өтіп бару арқылы, жұмбақты шешу» Сайысымыздың 4 бөлімі «Кім мерген» (тунилден өтіп барып, жебені көздеп ату) Топтар міне отыр сынға түскелі сыналмақшы ептілікпен күштері, олай болса 5 кезең «Ептілік сайысы» Шарты: тенис добын түсірмей соғып барып, есеп шығару.
Спорт десе таза біздің арымыз, 

Спорт десе жалындайды жанымыз.

Олай болса 6 - сайыс «Секіргішпен секіру» (Секіргішпен секіріп, кедергілер арасымен өту) Келесі соңғы сайысымыз «Қаппен секіру» Шарты: қаппен секіріп барып, суреттерді құрастыру.
Ендеше бүгінгі сайысымыздың қорытындысы дайын болғанша кезекті тамаша әнге берейік.

Ән: «Біз Отанның ұланымыз» орындайтындар
Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену, жалықпау,- демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтау үшін, марапаттау сөз әділ қазыларға беріледі.
Ұрпақ  керек  ертеңгі алда, 

Болашақты болжайтын.

Дені таза, тәні таза, 

Елін, жерін  қорғайтын! 

Денсаулық-басты байлық өмірдегі, 

Нәр беретін асыл ғой көңілдегі. 

Салауатты өмір салтын насихаттап, 

Атанайық жақсы азамат өңірдегі. 

Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық,- дей келе бүгінгі «Спорт-жан серігі» атты спорттық интилектуалдық сайысымыз аяқталды. Белсенділік танытып сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп рахмет.



Тақырыбы: Спорт-жан серігі /Спорттық сайыс ойыны./

Мақсаты:

Спортқа деген қызығушылғын арттыру.Салауаттану-адам жанының да,тәнінің де тазаруы,денсаулығының нығаюы,салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.Эстафеталық ойынға қызығушылығын арттыру.Күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту.

Көрнекі құралдар: жалау,қадауыш, кітап, доп,батут,есеп жазылған қима қағаздар.т.б.

Өтілетін орны: Спорт зал

Спорттық құралдар: Спорттық құралдар, доп, сқырғыш, шар т.б құрал жабдықтар.

Өту барысы:

Мұғалім : Құрметті ұстаздар, оқушылар Бүгінгі «Спорт-жан серігі» атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер
Уа халқым, назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың дені сауда
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамызда

Риза : Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
947
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі