400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Спорт және математика

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың ой-өрістерін, шығармашылық қабілетін дамыту, еңбекке, өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа және дәлдікке, қимыл мен ойды ұштастыра білуге, салауатты өмір салтын сақтай білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Парасат» мектеп-лицейі


















Тақырыбы: Спорт және математика.


6 сынып







Өткізген мұғалім: Камыспаева А.А.

Тақырыбы: Спорт және математика.


Мақсаты: Математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың ой-өрістерін, шығармашылық қабілетін дамыту, еңбекке, өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа және дәлдікке, қимыл мен ойды ұштастыра білуге, салауатты өмір салтын сақтай білуге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: слайдтар, спорттық құралдар, плакаттар, карточкалар.

Түрі: Сайыс, жарыс ойын.

Әдісі: сұрақ-жауап, есептер шығару.


Жоспары:

  1. Таныстыру

  2. «Кенгуру»

  3. «Картоп егу»

  4. «Көкпар»

  5. «Секіріп ойлан»

  6. Қорытынды


1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Еліміздің ертеңі білімді, дені сау азаматтың қолында екені өздеріңізге белгілі. Бүгінгі білімді шәкірт ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын азамат.

2-жүргізуші: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында айтып кеткендей «Біздің болашақ ұрпағымыз өсіп-жетілуіне әлеуметтік жағдайларын дұрыс қалыптастырып, балалардың білімді, дені сау, епті, күшті, сымбатты болып өсуіне көңіл бөлу қажет»-деген.

1-жүргізуші: Олай болса, бүгін сіздер математиканың, спорттың жұмбақты да, қызықты әлеміне сапар шегесіздер. Және сіздер бұл әлемнің сан алуан екендігіне көз жеткізесіздер!

2-жүргізуші: Ендеше, «Спорт және математика» деп аталатын сайысымызды бастаймыз. Әр таңды бақытпенен аттырамыз,

Спорт пенен білім қуған, енді ортаға

Спортшы оқушыларды шақырамыз.

1-жүргізуші: Олай болса, математиктеріміз бен спортшыларымыз «Өркен» және «Қыран» командаларын қарсы алайық.

1. Таныстыру.

І. «Өркен» командасы.

Бұл сайысты көптен біздер күткенбіз

Жалындаған жастармыз біз көктeмбіз

Мақсатымыз биіктерден көріну,

Біз сол үшін маңдай терді төккенбіз.

Армандарға қол созумен келеміз,

Өмір теңіз жүзіп келер кемеміз,

Білімменен қаруланған тобымыз

«Қыран» тобын қалайда біз жеңеміз.

Ұраны: Шынығып, шымыр боламыз

Біліммен шыңға шығамыз.

І. «Қыран» командасы.

Ай-хой, құрбы-достарым, қарсыластарым

Біз тұрғанда сөздің басын қалай бастадың?

Бізде кілең білім қуған спорт қыраны

Ынтымақ пен бірлікті алып қоштадым.

Қиындықтан сірәде біз қашпаймыз

Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

Ұраны: Біріміз бәріміз үшін,

Бәріміз біріміз үшін.


2-жүргізуші: Ойынымызды бастамас бұрын мынадай ескертулермен хабарландырамыз. Ойын 4 бөлімнен тұрады.

2 команда қатысады.

Әр командада 10 ойыншыдан.

Ойында білімге 5 ұпай, жылдамдыққа да 5 ұпай, барлығы 10 ұпайдан беріледі.


1-жүргізуші:

І. «Кенгуру» ойыны.

Ойынның шарты: Бұл ойында қапты киіп, 15 метр жердегі тапсырманы орындап, қайтып келе жатқанда төрт кубиктің дұрыс жауабы жазылған кубикті алып, жеткізген соң қапты келесі ойыншыға ұсынады. Тапсырма екі топқа бірдей беріледі.

  1. Жақшаларды ашып, өрнекті ықшамдаңдар:

  2. Қосуды орындаңдар:

  3. Жұлдызшаның орнына тиісті санды қойыңдар:

  4. Дұрыс бөлшекті тап:


2-жүргізуші:

ІІ. «Картоп егу» ойыны.

Ойынның шарты: Бұл ойында оқушылар екі-екіден (аяқтарын байлап), 15 метр жердегі координаталық түзуге дейін секіріп барып, себетте тұрған картопты жүйекке дұрыс етіп егеді (бұл ойында 15 метр жерде координаталық түзу кескінделген, сол түзуге себетте тұрған дөңгелек карточкадағы сандарды дұрыс орналастыру керек).

Тапсырма:

р/с

«Өркен»

«Қыран»

1.

-3

-2

2.

-5,5

-4,5

3.

0,5

4

4

-1

-0,5

5

3

1

1-жүргізуші:

ІІІ. «Көкпар» ойыны.

Ойынның шарты: Бұл ойында оқушылар бірін-бірі арқалап, қарсылас топпен жарыса отырып, тақтада ілінген шарлардың біреуін жарып, ішіндегі тапсырманың дұрыс жауабын үстелдегі карточкалардың арасынан тауып алып бірінші болып алып қашуы керек.

  1. Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең?

  2. 3 санына қарама-қарсы санды тап.

  3. 5 санына кері сан қандай сан?

  4. Өзара кері сандардың көбейтіндісі неге тең?

  5. – х = 7 + (-(-(-9))) теңдеуінің шешімін тап. (2)

Карточкаларда мына сандар жазылған: 0; -3; 1; 2; -2: -1; 3; 16; -16; 0; -5; 0,5; -2; 2; ; ;

2-жүргізуші:

ІҮ. «Секіріп ойлан»

Ойынның шарты: Бұл ойында топ басшылары сайысқа түседі. Скалкалкамен секіріп барғанша санның еселіктерін өсу ретімен, келгенше кему ретімен айтып барып келеді.

Тапсырма:

р/с

«Өркен»

«Қыран»

1.

8-ндің еселіктерін айту.

6-ның еселіктерін айту.

2.

8; 16; 24; 32; 40; 48; 56; 64; 72; 80; 88; 96; 104 …

6; 12; 18; 24; 30; 36; 42; 48; 54; 60; 66; 72; 78; 84; 90; 96;…


3.

...104; 96; 88; 80; 72; 64; 56; 48; 40; 32; 24; 16; 8.

...; 96; 90; 84; 78; 72; 66; 60; 54; 48; 42; 36; 30; 24; 18; 12; 6.



1-жүргізуші:

Қорытынды: Ал, балалар, бүгінгі ойынымыз осымен мәресіне жетті. Әділқазылар алқасы барлық ұпайларды есептеп болғанша көрермендеріміз арасында санға байланысты мақал-мәтелмен жарыса отырайық.

2-жүргізуші:

  1. Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.

1-жүргізуші:

  1. Бір елі ауызға–екі елі қақпақ.

2-жүргізуші:

  1. Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.

1-жүргізуші:

  1. Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды.

2-жүргізуші:

  1. Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.

1-жүргізуші:

  1. Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді.

2-жүргізуші:

  1. Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.

1-жүргізуші:

  1. Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені, еменнің иілгені–сынғаны.

2-жүргізуші:

Әділқазылар алқасы барлық ұпайларды есептеп болды. Бүгінгі сайысымызды талдау және жеңімпаздарды құттықтау сөзі әділқазылар алқасына беріледі.


Сайыс қорытынды шығарумен және мұғалімнің жеңімпазды құттықтау сөзімен аяқталады.
















«Өркен»

«Кенгуру»

«Картоп егу»

«Көкпар»

«Секіріп ойлан»

Ұпай саны

Ойыншылар

1

2

3

4

1

2

3

1

2

3

4

1


Спорт














Білім





























«Қыран»

«Кенгуру»

«Картоп егу»

«Көкпар»

«Секіріп ойлан»

Ұпай саны

Ойыншылар

1

2

3

4

1

2

3

1

2

3

4

1


Спорт














Білім






























«Өркен»

«Кенгуру»

«Картоп егу»

«Көкпар»

«Секіріп ойлан»

Ұпай саны

Ойыншылар

1

2

3

4

1

2

3

1

2

3

4

1


Спорт














Білім





























«Қыран»

«Кенгуру»

«Картоп егу»

«Көкпар»

«Секіріп ойлан»

Ұпай саны

Ойыншылар

1

2

3

4

1

2

3

1

2

3

4

1


Спорт














Білім































«Өркен»

«Кенгуру»

«Картоп егу»

«Көкпар»

«Секіріп ойлан»

Ұпай саны

Ойыншылар

1

2

3

4

1

2

3

1

2

3

4

1


Спорт














Білім





























«Қыран»

«Кенгуру»

«Картоп егу»

«Көкпар»

«Секіріп ойлан»

Ұпай саны

Ойыншылар

1

2

3

4

1

2

3

1

2

3

4

1


Спорт














Білім






























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
456
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі