400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Спорт түрлері 4сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы




Сабақтың тақырыбы: Спорт түрлері 4 сынып

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: сабақ барысындағы сөздердің мағынасын, мәтіннің мазмұнын ашып түсіндіру.

Дамытушылығы: оқушыларды өзіндік талдау, жинақтау жасауға, ойлай білуге дағдыландыру,

өз ойын анық, толық жеткізе білуге төселдіру.

Тәрбиелігі: оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, әдемілікке, сұлулыққа

құштарлықтарын ояту.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, әңгімелеу, миға шабуыл, топпен жұмыс, өздік жұмыс, кластер.

Сабақтың құралдары: кітап, дәптер, қалам, маркер, қарындаш, постер, интерактивті тақта,

үнтаспа, видео.

Пән аралық байланыс: денешыңықтыру, тарих

Оқу нәтижелері: спорт адамға қандай көмегін көрсетеді, спорттың пайдасы неде.

Түйінді идеялар: спорт туралы жалпы түсінік беру және спорттың керектігін.

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл: топтық жұмыс, бағалау парағы, өз-өзін бағалау,

топтық жұмысыты бағалау,


Сабақтың жоспары:

І. Кіріспе бөлім

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Білімдерін тексеру.

Суреттің қиындыларын құрай отырып, оқушыларды екі топқа бөліп,тиісті тапсырмалармен таныстыру.

Ітоп боксшылар, ІІтоп футболшылар

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру

- Спорт деген не?

- Сен спортпен айналысасың ба?

- Қандай спорт түрлерін білесіңдер?

- Қандай спорт түрі ұнайды?

- Қандай белгілі спортшыларды білесіңдер?

- Спорт үйірмесіне барасың ба?

- Самат Смақов,Серік Сәпиев,Алексей Полторанин, Жансая Әбдімәлік,Генадий Головкин бұл спортшылар кімдер?


Спорт туралы слайд, видео көрсетіледі.



Спорт туралы нақыл сөздер:

1. Тәні саудың - жаны сау.

2. Шынықсаң, шымыр боларсың!

3. Спорт - саулық кепілі.

4. Адам денесінің жетілуі - оның денсаулығы; егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денсаулықты жетілдіру керек

Әл-Фараби

5. Көп жасау - деннің саулығы, бақытты болу - адамның өз қолындағы ісі.

А. М. Кирхенштейн

Сөздікпен жұмыс:

1-тапсырма. Сөз тіркестерін құрап жазыңдар:




даму-развиваться , пайдалы-полезный

денені дамыту, спортты дамыту, пайдалы спорт, пайдалы жаттығу

2-тапсырма.Мәтінді тыңда. Сөйлемдерді аударыңдар.

Қазақстанда спорт жақсы дамыған.Спорт адам денсаулығына пайдалы.Спорттың түрлері өте көп.Маған спорттың барлық түрі ұнайды.

3-тапсырма. Сөйлеп үйрен, ІІ жақта айт.

Мен ........... бүгін боксқа барамын.

жақсы жүгіремін.

футбол,волейбол,баскетбол ойнаймын.

теледидардан хоккей көремін.

4-тапсырма. Сөздерге дыбыстық талдау жасаңдар.

Футбол, шахмат.

5-тапсырма.Толықтырып жаз.

Мен бүгін стадионға (пойду).Сен кеше теледидардан футбол (смотрел).Мен досыммен шахмат (играю).Сен көшеде велосипед (катаешься).Мен спортзалда көп (бегаю).



6-тапсырма. Сөйлемдерімізде сөздер түсіп қалған, соны сендер орнына дұрыс қойып, сөйлемді аяқтаңдар.
Сөйлемдерді аяқтап жаз.

  1. Бос уақытымда мен.... 2. Маған.... ұнайды.

3. Кейде... барамын.4. Мен... айналысамын. 5. Мен... жақсы көремін.

Көмекші сөздер: сурет салғанды,кітап оқимын, киноға, футбол, бокспен.

Бекіту : Бір біріне сұрақ қою арқылы бекіту

  • Спорттың пайдасы қандай?

  • Қандай қазақтың ұлттық спорт ойындарын білесіңдер?

  • Қазақстанда спорттың қай түрінен атақты чемпиондарды білесіңдер?

Бағалау:

Үйге тапсырма: Өзіңе ұнайтын спорт түрі туралы шағын мәтін құраңдар.





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.01.2019
894
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі