400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Спорттық фестиваль "Біз спортты сүйеміз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
тарбиешіге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТЕКСЕРІЛДІ

«Әйгерім» балабақшасының

әдіскері

____________Н.Е.Омарова

«__»__________2018ж




Спорттық фестиваль тақырыбы: «Біз спортты сүйеміз!»

Мақсаты: Қызметкерлердің денсаулық белсенділігін нығайту. Ойын кезінде көңіл-күйлерін көтеру және салауатты өмір салтын насихаттау. Дененің ептілік, күштілік, жылдамдылық, икемділік қасиеттерін қалыптастыру. Музыка әуенін қолдана отырып, ойдан би шығару іскерліктерін дамыту. Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Заттық дамыту ортасы: үлкен доп, екі шелек, майда доптар, қаптар, үстел мен гимнастикалық орындықтар, құрсаулар, шашақтар, музыка.

Өту барысы:

Жүргізуші: Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сауда!- дей отырып бүгін Талас ауданының 90 жылдығына орай салауатты өмір салтын сақтау мақсатында қызметкерлер арасындағы спорттық жарыс өткелі тұр. Бүгінгі өтетін «Біз спорты сүйеміз!» атты спорттық фестивалімізді бастаймыз.

«Толағай» әуенімен спортшылырымызды қарсы алайық!

-Ал енді спортшыларымызды таныстырып өтейік.

Бүгін бізде қонақта Пушкин атындағы орта мектебінің жарысқа қатысушыларын қошеметпен қарсы алайық!

------------------------ Тобы

Келесі, «Әйгерім» балабақшасының жарысқа қатысушыларын ортаға шақырайық!

-Бәйтерек тобы !

-«Бәйтерек» тобының таныстыруы:

Салауатты өмір салтын сақтаймыз,

Міне, жаттығудан қашпаймыз!

«Бәйтерек» тобы қайраты міне,

Бүгінгі жарысты біз женеміз,

Жеңіске біз жетеміз.

«Бәйтерек» тобының ұраны:

Спорт көркі өмірдің,

Спорт досың серігің.

Көнілді көтерер!

Жүргізуші: -Ендеше. спорттық ойындарға әділ баға беретін әділқазы алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер:

1. Балабақша меңгерушісі: Салыбекова Майра Ануарқызы

2. Талас аудандағы жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері және «Әйгерім» балабақшасының ата-анасы - Климентова Асель Бауыржанқызы

3. Балабақша медбикесі: Тойшибекова Салтанат Мақулбекқызы

Жүргізуші:

Бала өсірген ата-ана,

Бала болып ойнайды,

Бала тәрбиелеген ұстаздар,

Бала болып ойлайды- деп жарысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Жарыс алдында спортшыларымыздың денесін қыздырайық. Музыка әуенімен аэробикалық би ырғағымен жаттығулар жасайды.

Жүргізуші:-Бүгінгі спорттық жарыс алты сайыстан тұрады:-

1. «Көңілді доп»

2. «Мергендер»

3. «Қаппен секіру»

4. «Футбол»

5 «Кім жылдам?»

6 «Арқан тартыс»


-Әр кезеңнең кейін әділқазылар өз бағаларын береді

-Құрметті спортшылар сіздерге сәт-сапар, жарысымызды бастаймыз!


1 «Көңілді доп»

Шарты: Үлкен допты екі спортшы кеуделерінің ортасына қысып , белгіленген жерге дейін допты түсірмей жүгіріп барып, қайтарда допты екеуі арқаларына қысып жүгіру.

2. «Мергендер»

Шарты: Тепе-теңдікті сақтап гимнастикалық орындықтың үстінен секіру. Құрсаудан құрсауға аттап, шелекке дейін жүріп, допты алып нысанаға лақтыру. Қайтарда жылдам жүгіру.

3. «Қаппен секіру»

Шарты: қаппен секіріп барып, межені айналып келу.

4. «Футбол»

Шарты: Допты кедергілер арасымен теуіп, қақпаға түсіру. Қайтарда жылдам жүгіру.

5. «Кім жылдам?»

Шарты: Ойыншы кедергілер арасымен өзі бастап жүгіріп, қалған ойыншыларды соңынан ілестіреді.

6. «Арқан тартыс»

Шарты:екі команда екі жаққа бөлініп арқанды тартады.




























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 наурыз
720
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі