Тақырыбы:
«Шынықсаң шымыр
боласың» Мақаты: 1. Ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы
белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу;
2. Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге
тәрбиелеу;
3. Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы байлық екенін түсіндіру
және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру.
Қажетті құралдар:
доп, арқан, кедергілер, секірме
жіп. Барысы: 1. Кіріспе сөз;
2. Спорттық жарыс;
3. Қорытынды сөз. Марапаттау.
Жүргізуші: Құрметті жиналған қауым, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі
«Шынықсаң шымыр
боласың » атты спорттық жарысымызға қош келіпсіздер!
Сайыстың негізгі мақсаты – жас ұрпақты жаман әдеттерден аулақ,
денінің сау болып, келешекте өз елінің, қоғамының салауатты,
өркениетті, білімді азаматы етіп қалыптастыру. Осы мақсатта біз
бүгін даярлық топ балалары арасында сайыс өткізгелі отырмыз.
Жүргізуші: Ал, құрметті халайық,
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!
Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар
алқасымен таныстырып өту.
Жүргізуші: Жарысқа қатысып, бақ сынамақшы
болған үміткерлерді іріктеуден кейін 2 топ алдарыңызда өнер
көрсетпекші. Сіздерге жеңіс тілей отырып, ортаға сайыскерлерді
шақырамыз.
Бүгін балалар 2топқа бөлініп бақ сынайды. Ал ендеше
сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.
Сайыс шарттары:
1. Допты ойын; 2. Ептілік; 3. Кенгуру 4. «Мерген» 5. Секірмек; 6.
Арқан тартыс.
Ал, балалар сайыс шарттарымен таныс болдық, енді әрі қарай
ойынымызды бастаймыз.
Жүргізуші:
Денсаулық – шексіз бақыт,
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа.
Өмірде бақыттысың денің сауда,
«Денсаулық – терең бақыт» деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да,-деп, келесі ойынымызға көшейік.
1.« Допты
ойын». Ойын
шарты:Доппен жүгіріп барып, доппен жүгіріп келеді
де, допты келесі балаға береді.Дәл осылай ойын
қайталанады. Жүргізуші:
Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің әлі талай бақыттарға.
2. Сайысымыздың келесі бөлімі «Ептілік» ойыны деп аталады.
Ойын
шарты:
доптың үстінде отырып секііріп барып, қайтып келу.
Құрметті сайыскерлер деніміз сау болсын
десек спортпен шұғылданайық. Сонымен сайысымыздың келесі бөліміне
көшейік.
3. Келесі ойынымыз «Кенгуру»
деп
аталады. Ойын шарты:
Әр
топтан бір бір баладан шығып, қаппен секіреді. Ойын осылайша
жалғасады. Жүргізуші: Жатып ішер
боп жалқау,
Бойкүйез болма,
еріншек.
Айналысып спортпен,
Талаптан, жаттық
еңбекпен.
4.Сайысымыздың келесі бөлімі «Мерген» ойыны деп аталады.
Ойын шарты: Әр топтан бір-бір бала шығып, нысананы көздеп
ату.. 5.«Секірмек».
Ойын шарты: Бір оқушы секірме жіппен кедергілер арасынан жүгіріп
өту қажет.
6.«Арқан тартыс». Балалар берілген шарттар бойынша ойын түрлерінен
жарысады. Жүргізуші:
«
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй»,- деп Абай
атамыз айтқандай,«Адам болам десеңіз» өленің
тыңдайық Жүргізуші: Өнерге биік сеніңіз,
Думанға қызық келіңіз.
Әділ қазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз.
Құрметті әділ қазылар сөз кезегі
өздеріңізде.
Жүргізуші: Құрметті балалар ,
жүлделеріңіз құтты болсын!
Бүгінгі «Жүзден жүйрік» атты спорттық жарысымыз
аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға
рахмет.
|