Спорттық жарыс : "Шынықсаң шымыр боласың"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Спорттық жарыс : "Шынықсаң шымыр боласың"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда мектепалды сыныптарында спортық сайысты өткізу үлгісі көрсетілген
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Шынықсаң шымыр боласың»
Мақаты: 1. Ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
2. Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу;
3. Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы байлық екенін түсіндіру және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру.
Қажетті құралдар: доп, арқан, кедергілер, секірме жіп.
Барысы: 1. Кіріспе сөз;
2. Спорттық жарыс;
3. Қорытынды сөз. Марапаттау.
Жүргізуші: Құрметті жиналған қауым, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «
Шынықсаң шымыр боласың » атты спорттық жарысымызға қош келіпсіздер! Сайыстың негізгі мақсаты – жас ұрпақты жаман әдеттерден аулақ, денінің сау болып, келешекте өз елінің, қоғамының салауатты, өркениетті, білімді азаматы етіп қалыптастыру. Осы мақсатта біз бүгін даярлық топ балалары арасында сайыс өткізгелі отырмыз. 
Жүргізуші:        Ал, құрметті халайық,
                          Жарысты енді көріңдер.
                          Әділ қазы алқасы,
                          Әділ баға беріңдер!
Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өту.
Жүргізуші:
Жарысқа қатысып, бақ сынамақшы болған үміткерлерді іріктеуден кейін 2 топ алдарыңызда өнер көрсетпекші. Сіздерге жеңіс тілей отырып, ортаға сайыскерлерді шақырамыз.
Бүгін
балалар 2топқа бөлініп бақ сынайды. Ал ендеше сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.
Сайыс шарттары:
1. Допты ойын; 2. Ептілік; 3. Кенгуру 4. «Мерген» 5. Секірмек; 6. Арқан тартыс.
Ал, балалар сайыс шарттарымен таныс болдық, енді әрі қарай ойынымызды бастаймыз.
Жүргізуші:
Денсаулық – шексіз бақыт,
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа.
Өмірде бақыттысың денің сауда,
«Денсаулық – терең бақыт» деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да,-деп, келесі ойынымызға көшейік.                    
   1
.« Допты ойын».
Ойын шарты:Доппен жүгіріп барып, доппен жүгіріп  келеді де, допты келесі балаға береді.Дәл осылай ойын қайталанады.
Жүргізуші:
 Денің сауда күштісің бұл әлемде,
 Денің сауда сұлусың жер бетінде.
 Сол мықты денсаулықтың арқасында,
 Жетерсің әлі талай бақыттарға.
2. Сайысымыздың келесі бөлімі «
Ептілік» ойыны деп аталады.
Ойын шарты: доптың үстінде отырып секііріп барып, қайтып келу.
       Құрметті сайыскерлер деніміз сау болсын десек спортпен шұғылданайық. Сонымен сайысымыздың келесі бөліміне көшейік.
3. Келесі ойынымыз
«Кенгуру» деп аталады.
Ойын шарты: Әр топтан бір бір баладан шығып, қаппен секіреді. Ойын осылайша жалғасады.
Жүргізуші:          Жатып ішер боп жалқау,
                             Бойкүйез болма, еріншек.
                             Айналысып спортпен,
                             Талаптан, жаттық еңбекпен.
4.Сайысымыздың келесі бөлімі
«Мерген» ойыны деп аталады.
Ойын шарты: Әр топтан бір-бір бала шығып, нысананы көздеп ату..
5.«Секірмек».
Ойын шарты: Бір оқушы секірме жіппен кедергілер арасынан жүгіріп өту қажет.
6.«Арқан тартыс». Балалар берілген шарттар бойынша ойын түрлерінен жарысады.
Жүргізуші: « Құлақтан кіріп бойды алар,
                          Жақсы ән мен тәтті күй.
                          Көңілге түрлі ой салар,
                          Әнді сүйсең менше сүй»,- деп Абай атамыз айтқандай,«Адам болам десеңіз» өленің тыңдайық
Жүргізуші:   Өнерге биік сеніңіз,
                          Думанға қызық келіңіз.       
                          Әділ қазы ел сенген,
                          Өнерге баға беріңіз.
Құрметті әділ қазылар сөз кезегі өздеріңізде.

Жүргізуші:  Құрметті балалар , жүлделеріңіз құтты болсын! 
Бүгінгі «Жүзден жүйрік» атты спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. 

Спорттық сайысты өткізген мектепалды сынып мұғалімі: _______ Тубекбаева.А



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.02.2023
288
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі