400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Спорттық жарыс:"Спорт көркі өмірдің, спорт досың, серігің"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі спорт тәрбиеленушілерінің арасында өткізілген эстафеталық жарыстың жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Спорт көркі өмірдің, спорт досың серігің» атты спорттық жарыс.


Мақсаты: Салауатты өмір салтын дәріптеу.

Спортпен айналысудағы әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрену, оларды қолдану.

Балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Ептілікке, шапшаңдыққа, салауатты өмір салтына, тазалыққа тәрбиелеу.

Ойынға қатысушылар: «Тұлпар», «Балбөбек» ортаңғы топ балалары.

Керекті құралдар: кеглилер, қапшық, арқан,доптар, шелек, шариктер

Өтілетін орыны: Спорт залы.

Барысы:

Жүргізуші: Құрметті, қонақтар, ұстаздар, бүлдіршіндер! Бүгінгі «Спорт көркі өмірдің, спорт досың серігің» атты спорттық сайысына қош келдіңіздер!

Әр таңды бақытпен атырамыз

Өнерді ой көгінде бақылаңыз.

Сайысқа қатысуға енді ортаға

«Тұлпар», «Балбөбек» топтарды ортаға шақырамыз.


Жалпы дамыту жаттығулары:


-Б.қ. қол белде, иық көлемінде, басымызды солға 4 рет, оңға 4 рет айналдырамыз;

-Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол иықта, қолымызды алға 4 рет, артқа 4 рет айналдырамыз;

-Б.қ. аяқ иық көлемінде, сол қол белде, оң қол жоғарыда, 4 рет сол жаққа, 4 рет оң жаққа қисаямыз;

-Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол тізеде, тіземізді ішке 4 рет, сыртқа 4 рет айналдырамыз;


  1. «Көңілді доптар» жарысы.

  2. «Кенгуру» жарысы.

  3. «Кегли» жарысы

  4. «Шынығайық шымыр болайық» жарысы.

  5. «Жүйрік ат» жарысы.

  6. «Арқан тартыс» жарысы.

1-ші. «Көңілді доптар» жарысы.

Ойын шарты: допты қолымызға ұстап, кеглилердің арасымен өтіп, межені айналып, қайтарда жүгіріп келу, допты келесі топ мүшесіне жалғастырады, жеңіске команда мүшесі саны бойынша бірінші болып аяқтаған жетеді.

2-ші. «Кенгуру» жарысы.

Ойын шарты: Қаптың ішіне кіріп, екі қолымен ұстап белгіленген межеге дейін секіріп барады және қайтадан секіріп келеді. Бірінші аяқтаған топ осы бөлімнің жеңімпазы атанады.

3-ші. «Кегли» жарысы.

Ойын шарты: 2-3 метр қашықтыққа тігілген кеглиді доппен ұрып құлату. Барлық бала қатысу міндетті, көп кеглиді құлатқан топ жеңіске жетеді. (Құлаған кеглидің санын қосып женіген команданы шығарасыз)

4-ші. «Шынығайық шымыр болайық» жарысы.

Ойын шарты: қызыл және көк түсті шелек пен шарлар беріледі командаларға. Шелек ішіндегі шарлар төгіледі ал команда мүшелері сол шашараған шарларды жинап шелекке салады. Жеңіске бірінші шелекті толтырған команда жетеді

5- ші. «Жүйрік ат» жарысы.

Ойын шарты: Фитнес доппен межеге дейін секіріп барады және орнына қайта секіріп келеді. Жеңіске бірінші аяқтаған команда жетеді.

6-ші. «Арқан тартыс» жарысы.

Ойын шарты: ортаға арқан беріледі. Арқанның қақ ортасынан бегісі бар. Екі топ арқанның екі жағынан ұстап белгі бойынша тартысады. Қай топ арқанды өзіне қарай тартып алса, сол топ арқан тартыс жарысы бойынша жеңіске жетеді.

Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділ - қазы сайысты әділ бағалар,- деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділ - қазы алқаларына беріледі.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27.04.2023
366
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі