Спорттық мереке күні

Тақырып бойынша 17 материал табылды

Спорттық мереке күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың көтеріңкі көңіл күйін туғызу. Балалардың денесін шыңдап күш-қуатын нығайту, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу, достық қарым-қатынастарын дамыту. Сымбаттылыққа, шымыр болуға, ептілікке тәрбиелеу. Көңілді ойындары арқылы балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Спорттық мереке күні»

Мақсаты: Балалардың көтеріңкі көңіл күйін туғызу. Балалардың денесін шыңдап күш-қуатын нығайту, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу, достық қарым-қатынастарын дамыту. Сымбаттылыққа, шымыр болуға, ептілікке тәрбиелеу. Көңілді ойындары арқылы балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Керекті құралдар:велосипед, доп, кегли, тунель, шығыршық, қармақ, су бояқ, арқан, сылдырмақ, ысқырғыш.

Командалар музыка әуенімен шығады.

Қайырлы күн,құрметті спорт сүйер қауым! Бүгін сіздер «Спорттық мерек күні» атты спорттық шараға қош келдіңізер.

Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Спортшы балаларды шақырамыз.

Музыка жүреді.
Топ кезек-кезек кіреді. Өздерін таныстыру.

1.Топтың аты: «Балапан»
Топ башысы. Әлімжан

2.Топтың аты: «Қарлығаш»
Топ башысы. Әсет

Жүргізуші жарыстың түрлерімен таныстырады:Ойын 5 турдан тұрады:

1 «Кім жылдам?»

2«Күн шуағы »

3 «Икемділер»

4 «Су» ойыны.

5 «Балық аулау»

Міне, бүгінгі жарысымыз осындай турлардан тұрады.Ендеше,жарысқа қатысушы жас спортшылар барлығыңызға сәттілік тілеймін!

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Ойындарға қатысып,

Спортсмен бала болар ма? –дей келе бүгінгі жарысымызды бастаймыз.

Әуенмен 2 сайқымазақ кіреді.

-Саламатсыңдар ма балалар? Бүгін сіздерде спорттық ойын болып жатыр екен, біз досымыз екеуміз, сіздермен бірге ойнауға келдік. Бізді ойнатасыңдар ма?

-Иә….

Нұсқаушы: Сайқымазақтар! Қош келдіңдер! Біздің балалар мен ойын ойнап, көңіл көтеріңіздер….

Ендігі кезекте жарымызды бастаймыз. Ойынның шарттары:

1«Кім жылдам?»

Шарты: Балалар велосипедти айдап, мәре сызығына дейін келіп түсіп, белгі бойынша себеттен допты алып,баскетбол сеткасына лақтырады.

Әділқазылар алқасының бағаларын білу

2 «Күн шуағы»

Шарты:Екі топтың балалары бір-біріне сүйеніп, белдеріне арқан тағып, алақандарын сары бояуға батырып, тез қимылмен боялған алақандарын аққағазға күн шуағын бейнелу керек. Егер кім бірінші боялған алақанын қағазға басса, сол жеңіске жеткен болып табылады.

Әділқазылар алқасының бағаларын білу

3. «Икемділер»
Шарты:Екі топтың балалары алдында тұрған шығыршықтың арасынан құлатпай өтіп, құттыда тұрған гүлді алып, құмыраға салу керек.
Әділқазылар алқасының бағаларын білу

4 . «Су» ойыны.

Шарты:Екі топқа стол үстіне стаканмен су беріледі.Тунельдің астымен өтіп, суды ішу қажет. Бұл жерде жылдамдық және шапшаңдық маңызды..
Әділқазылар алқасының бағаларын білу

5. «Балық аулау»

Шарты:Екі топқа балық аулау құралдары беріледі (жүзуге арналған үрілмелі шеңбер және жұмсақ аяқ киім) , сол құралдар арқылы балық аулайды. Қай топ балықты көп аулайды, сол топ жеңіске жетеді.

Осы мен бүгінгі «Спорттық мереке күні» атты жазғы спортакиадамыз өз мәресіне жетті. Белсенділік танытып, жақсы көңіл күй сыйлағандарыңыз үшін рахмет!

























«Ертегі» бөбекжайы» МКҚК













Shape1

«Балапан тобы»









Тәрбиеші: Саматова А.Қ.















2021-2022 Жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.11.2023
259
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі