Спорттық ойын- сауық "Біз шыныққан баламыз"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Спорттық ойын- сауық "Біз шыныққан баламыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшада денсаулық күніне арналған спорттық ойын сауық жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Біз шыныққан баламыз»

Мақсаты:

Балалардың көтеріңкі көңіл - күйін туғызу. Балалардың денесін шыңдап күш - қуатын нығайту, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу. Балаларды ойындар арқылы ақыл - ойының толысып өсуіне ықпал жасау. Жарыс кезінде ойынға қызыға қатысуына жағдай жасау, бір - біріне достық қарым - қатынастарын дамыту. Денешынықтыру сабақтарына қызығушылығын арттыру. Дене тәрбиесі процестеріндегі сауықтыру міндеттерін жүзеге асыру.

Қажетті құралдар:

Зал іші мерекеге сай безендірілген, түрлі - түсті жалаушалар, ұранды сөздер жазылған плакаттар, денсаулыққа байланысты мақал - мәтелдер, эстафеталық заттар, екі топ жетістігін көрсететін қоржын мен асықтар, гимнастикалық орындықтар, гимнастикалық таяқшалар.

Тәрбиеші: Спорт деген таң ата,
        Алады да тұрғызып.
        Еріншектік аз  онда,
        Бастайды ойын бір қызық.
        Аязда да тоңбайсың,
        Ыстыққа да күймейсің,
        Сергектікті қолдайсың,
        Жалқаулықты сүймейсің,
        Бақыт сенен қашпайды,
        Өнер білген пайдалы,
        Спорт соның айғағы дей тұрып,
         Бүгінгі балабақшамызда мектепалды даярлық «Бәйшешек» тобының бүлдіршіндері арасында өткелі отырған ,«Біз шыныққан баламыз» атты спорттық сайысымызға  қош келдіңіздер!

Салауаттық өмір салтын қолдаймыз,

Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.

Денсаулықты жанымызға серік қып,

Болашаққа аманат қып жолдаймыз

  1. Бөлім

  1. Балалрмен залға саппен кіру,бір тізбекке тұру, амандасу, орындықтарына отыру.

  2. екі топқа сары, қызыл шеңберлер тарату арқылы бөлінеді.

2-бөлім

Тәрбиеші: Уа, балалар назар аудар денсаулыққа,

Өмірде бақыттысың денің сауда.
                   «Денсаулық-терең бақыт»деген сөзді
                   Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
                   Денің сауда күштісің бұл әлемде,
                   Денің сауда сұлусың жер бетінде.
                  Сол мықты денсаулықтың арқасында
                  Жетерсің әлі талай бақыттарға.деп

  1. Ойын «Туыңды тік»

Шарты: Екі топ өз түстеріне сай жалаушаларды ұстап белгіленген жерге жүгіріп барып келесі ойыншыға береді, осылайша ойын соңғы ойыншыға дейін жалғасады, кім бірінші жалаушасын тігеді сол топқа бір асық қоржынына салынады.

  1. Ойын «Ирелеңдеп жүру»

Шарты: Кедергілерден жыланша ирелеңдеп бір кедергіні құлатпай бір- бірлерінің белдерінен ұстап жүріп орындарына келу.

Жылдамдықпен қоса ептілікте бағаланады.

  1. Ойын «Кеглиді доппен құлату»

Шарты:     2-3 метр қашықтыққа тігілген кеглиді доппен ұрып құлату. Ойынға кеглилер таусылғанша балалар қатысады.

  1. Ойын «Доппен жарыс»

Бірінші бала екі баскетбол добын қолтығына қысып алып, межеге жүгіріп барады да, бір допты қалдырып, екінші допты келесі ойыншыға әкеліп беред. Келесі ойыншы бір доппен барып, екінші допты ала келеді. Ойын осылай жалғаса береді.

  1. Ойын «Еңбектеу»

Шарты: Орындықтардың үстіне қойылған гимнастикалық таяқшалардың астымен еңбектеп өтіп, гимнатикалық орындықтан тепе- еңдікті сақтай жүріп өту.

  1. Бөлім

Қоржындағы асықтарын санап жеңімпаз топты анықтау.

Топ болып біз жүрейік, 
Ойнайықта күлейік. 
Достық деген тамаша, 
Міне тұрмыз жараса!

Музыка ырғағымен жаттығулар жасау.



Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы МКҚК «Ұлан» балабақшасы










«Біз шыныққан баламыз»

спорттық ойын сау

мектепалды даярлық «Жауқазын» тобы






Тәрбиешілер: Рахманбергенова Б

Нұрдәулет А





















2016-2017 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.10.2018
12972
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі