СПОРТТЫҚ ОЙЫН "БІЗ КҮШТІМІЗ, БІРГЕМІЗ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

СПОРТТЫҚ ОЙЫН "БІЗ КҮШТІМІЗ, БІРГЕМІЗ

Материал туралы қысқаша түсінік
БАЛАЛАРДЫ ЕПТІЛІККЕ БАУЛУ МАҚСАТЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Біз күштіміз, біргеміз (спорттық ойын-сауық)

Мақсаты: балалардың белсенділігін нығайту, ептілік, шапшаңдықтарын, батылдықтарын арттыру.

Тәрбиеші: Құрметті жиналған қауым, апайлар, бүлдіршіндер! Бүгінгі «Біз күштіміз, біргеміз» атты спорттық ойын-сауыққа қош келдіңіздер!
Ал, сайыскер балалар,
Ешкімнің жоқ алалар.
Жеңімпаз болу үлкен ерлік,
Оны әділ қазы алқасы бағалар- дей отыра әділ қазы алқасымен таныстырып өтейін:
1. Балабақша медбикесі: Шонбаева Гау
һар апай
2. Балабақша психологы:
Найзабекова Меруерт апай.
Ендігі кезекті ортаға сайысқа қатысушы екі команданы таныстырып өтейін.
1-ші топ: «Сұңқар» тобы
2-ші топ: «Тұлпар» тобы
Ендіше сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін:
1. «Кім жүйрік» ойыны.
2. «Кім епті» ойыны.
3. «Көңілді доптар» ойыны.
4. «Кім жылдам» ойыны.
5. «Су асты тіршілік иелерін құтқар» ойыны


Тәрбиеші: Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің әлі талай бақыттар- деп алғашқы сайысымыз «Кім жүйрік » атты ойынымызды бастаймыз.
Ойын шарты: үрілген шарды ұстап жүгіріп келу.
Бәрекелді балалар!
Әділ қазы алқасы әділ бағаларыңызды берсеңіздер.
Сайысымыздың келесі кезеңі «Кім епті» деп аталады.
Ойын шарты: шығыршықтың ішінде жатқан геометриялық пішіндерді, келесі шығыршыққа салу.
Жарайсыңдар балалар сендер неткен епті едіңдер.
Ендегі ойналатын ойын« Көңілді доптар» деп аталады.
Ойын шарты: көңілді доптарды домалатып , межені тез айналып келу.
Тәрбиеші: Денсаулық-басты байлық өмірдегі,

Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.

Салауатты өмір салтын насихаттап,

Атанайық жақсы азамат өңірдегі- дей отырып келесі кезеңге көшелік.
«Кім жылдам» ойыны.
Ойын шарты: құм салынған шелекті ұстап, кедергілер арасымен өтіп келу.

Өте тамаша балалар!
Соңғы сайысымыз «Су асты тіршілік иелерін құтқар» деп аталады.
Ойын шарты: құмда жатқан су асты тіршілік иелерін алып, тунельдің астынан өтіп барып, суға салу.
Бәркелді балалар сендер өте тамаша ойынадыңдар. Ендігі сөз кезегін балаларды мадақтау үшін әділ қазыларға береміз.

Осымен «Біз күштіміз,біргеміз» атты спорттық ойын- сауығымыз аяқталды.
Балалар жеңістерін құтты болсын! Деніміз сау, аспанымыз әрдайым ашық болсын. Көріп, қолпаштағандарыңызға көп рахмет. Сау саламатта болайық



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.06.2018
1184
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі