400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

спорттық ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
спорттық ойындар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Музыка қимыл-қозғалыс арқылы баланың денсаулығына,дене түзілісінің дұрыс жетілуіне назар аудару. Бір-біріне деген сыйластық, қамқорлық, қарым-қатынасын нығайту, қимыл-әрекетін, сөздік қорын молайту, ойынға деген белсенділіктерін арттыру, ептілікке, еркіндікке, батылдыққа, жылдамдылыққа баулу.

Әдіс- тәсілдер: Түсіндіру,көрсету,ойын.

Қажетті құралдар: шар,доп, стақандар,шығыршықтар


I Кіріспе

І. Балалар саппен адымдап залға кіреді.

-Жалпы сапқа тұру, түзелу,

Салеметсіздер балалар. Балалар қараңдаршы, бізге көптеген қонақтар келіп қалыпты. Амандасайық


Біздің сайысымызға қатысқалы отырған командалар өздерінің жылдамдықтарын, ой-өрістерін, күш – жігерлерін көрсетуден күш сынасады.

Сондықтан біраз денемізді шынықтырып алайық.

Жүру барысы:

Маршпен жүру,аяқ ұшымен жүру,өкшемен жүру,тізені бүгіп жүру,шеңбер ішімен жүру,шеңбер сыртымен жүру,ирелеңдеп жүгіру,жәй жүріспен жүру.

II Негізгі бөлім

Доппен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары

1.Б.қ аяқ арасы сәл ашық. Доп төменде.

1.Допты жоғары көтеріп

2.Мойынды бұрып допқа қарау

3.Мойынды төмен бұру

4.Б.қ келу 7- 8рет

  1. Б.қ аяқ арасы сәл ашық, доп төменде.

1.Допты алға созу

2.Допты жоғары көтеру

3.Допты алға созу

4.Б.қ келу 7-8рет


  1. Б.қ аяқ арасы алшақ,доп төменде

1.Допты алға созу

2.Допты кеуде тұсына әкелу

3.Допты алға созу

4.Б.қ келу


4.Б.қ аяқ арасы қосулы.Доп төменде

1. Допты жоғары көтеру

2. Допты аяқ ұшына тигізу

3. Допты жоғары көтеру

2.Б.қ келу. 7-8 рет


5.Б.қ аяқ арасы қосулы.Доп төменде

1.Допты алға созу

2.Тізені бүгіп отыру

3.Допты алға созу

4.Б.қ келу 7-8 рет


6.Б.қ аяқ арасы қосулы,доп кеуде тұсында

1.Оңға,солға секіру

2.Б.қ келу 15 рет


7.Б.қ аяқ арасы қосулы,доп кеуде тұсында

1.Жоғары секіру

2.Б.қ келу 15 рет


8. Тыныс алу жаттығуы:

Мұрнымен дем жинап, аузымен ффф деп шығару.


Қадірменді спорт сүйер қауым! Бүгінгі біздің сайысымызға 2 топ қатысады. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Біз сайыскерлерімізге  сәтілік тілейміз!


«Қыран» тобы

«Барыс» тобы


Сайысты бастамас бұрын, сайысымызды бағалап, төрелік айтар   әділқазылар алқасымен танысып өтейік.


1.Балабақша меңгерушісі Тулегенова Б.К


Топтармен танысып алайық

«Қыран»тобының ұраны
Қыран тобы алға биіктерге самға

«Барыс » тобының ұраны

Барыс барыс барыс

Топтан қалмай жарыс ура ура ура

Ал енді топ атауларымен танысысп болсақ жарысымызды басатайық.

Сайысымыздың бірінші кезеңі «Секіргіш доптар » деп аталады.


1.«Секіргіш доптар » сайысы

Шарты: Балалар берілген доптың үстіне отырып, кедергі арасымен айнала секіріп, екінші досына береді.

2. «Жылдам секір»

Шарты: Балалар шығыршық ішінен секіріп өтіп орындыққа бірінші отыру.

3. «Кім жылдам»

Шарты:Қаппен секіріп,нысананы айналып жылдам келу .

4. «Епті балақайлар»

Шарты: Бір шығыршық ішінен ,екінші шығыршық ішіне өтіп,мәредегі конустарды ретімен жинау.

5.«Қармақ ойыны»

Шарты: Сақина көмегімен алаңдағы ойыншықтарды жинау


Қортынды.

Марапаттау кезеңі

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16.12.2025
95
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі