Әкем, шешем және
мен
Бүгінгі қоғам мүддесіне
лайықты жан-жақты жетілген,парасатты, мәдениетті, дені сау азамат
өсіру отбасының, балабақшаның, жалпы халықтың қасиетті борышы екені
баршамызға аян. Балабақшамыздың да негізгі мақсаты болашақта жас
ұрпақты халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы, дені сау, сымбатты,
шыныққан, адамгершілігі мол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу. Біздің
«Бүлдіршін» бөбекжай балабақшамыз үш топтан құралған , «Құлыншақ»
орта топ, «Қошақан» екінші кіші топ, «Балапан» сәбилер тобы .
Жақында бақшамызда шыныққан, шымыр бүлдіршіндерінің қатысуымен
«Әкем, шешем және мен» атты отбасылық сауықтыру сайысы өтті.
Сайысқа топтардың тәрбиеленушілерімен бірге ата-аналары қатысты.
Сайыскерлерді қол шапалақтап, ортаға «Спорт-спорт» әнінің әуенімен
сайыскерлер екіге бөлініп залға кірді.Әнұран орындалып, спорттық би
биленіп,әділқазы алқасы сайланды.Әр отбасы топқа ат қойып өздерін
таныстырып өтті. Сайысқа: «Мерей» тобы Рахымбердиев Мұхит, анасы
Гульназ, қызы Мөлдір, «Байтерек» тобы Асқарбек Думан, анасы
Айгуль,ұлы Бағжан, «Мадина» тобы Тұрысбек Ермек, анасы Ажар,қызы
Мадина, «Балапан» тобы Қойбағаров Ернар, анасы Маржан, қызы Маруа,
«Жігер» тобы Базарбеков Дидар , анасы Арай, қызы Айзере топтары
қатысты. Сайыс 6 кезеңнен тұрды:1 кезең:
«Теңге алу»
сайысы.Шабандоздар сөреде дайындалып
тұрады. Сөре мен мәренің арасында теңгелер шашылып жатты.
Шабандоздар (ағаш) атқа отырып, теңгені жинап алып мәреге жету.
Бірінші болып - әкесі, кейін – баласы теңгені алады. Ал анасы
жүгіріп барып, сөреде ілулі тұрған тақияны алып, әкесінің басына
кигізу. 2 кезең «Шайбамен
эстафета». Ойыншылар 2 командаға
бөлініп.Командалар сөреде тұрды. Әр командаға қарама-қарсы жерде
доғалар орнатылды, яғни ол мәре. Доғаға дейін бірнеше кегли
қойылып, жүргізуші белгі берген сәтте әр команданың ойыншылары
кеглидің арасымен, шайбаны хоккей таяқшасымен алып жүріп, доғаның
арасынан шайбаны өткізіп, айналып, сөреге тік келіп эстафетаны
келесі ойыншыға тапсыру, ойын осылайша жалғаса берді. Кім мәреге
бірінші жетсе, сол жеңіске жетті.
Қалма жұрттың
соңында,
Қажет болса мың
атта.
Аздық етер
оныңда,
Жету үшін мұратқа – деп келесі
ойынды бастадық.3-ші кезең «Жасақ» әрбір команда келесі
тапсырманы орындады: «миналы алаңнан» қойылған кедергілерден
(кірпіштерден) секіріп, «батпақтан» - төсеніш іздерден -өтіп,
«гранаталар »лақтырды. Төртінші кезең «Әкелер
сайысы» болды. Әкесі еденнен көтеріліп, анасы
доп шарға отырып секіріп, жерде жатқан қарларды жинап белгіленген
мәреге дейін барып, кері қарай жинап алған қарлармен мәреге дейін
келу болды. Келесі ойын «Кім
ептті» яғни, төселіп жатқан
төсеніштің үстінен домалап, доғаның арасынан өтіп, алдыларында
шашылып жатқан қолғаптардың жұбын тауып, сөреге тік келіп
эстафетаны келесі ойыншыға тапсыру. Ойын осылайша жалғасты. Кім
мәреге бірінші жетсе , сол жеңіске жетті. Алтыншы
кезең «Пикассо» деп аталады.Бұл кезең ең
қызықты кезең болды, бұл жерде қаппен кезек-кезек секіріп барып
үстелдегі параққа баласы – үйдің қабырғасын, әкесі – шатырын және
есігін, анасы – терезесі мен топтың атын жазу.Осылайша сайыс
аяқталып әділқазы алқалары әр сайысты бағалап, жеңген отбасыларын,
яғни 1-орынды «Балапан» тобы, 2-орынды «Мерей» тобы, 3- орынды
«Байтерек» топтары жеңіп алды, мақтау қағаздарымен марапатталып
және сыйлықтар тапсырылды. Сайысқа келген қонақтар жеңген
отбасыларын құттықтап әрі қарай салауатты өмір салтын ұстануға
шақырып өз алғыстарын білдіріп жатты. Осы сайысты өткізуге ат
салысқан тәрбиешілер: Тулпаисова Г, Молдабекова , әдіскер –
Иманбекова Б,осы балабақшаны басқарып отырған Жетенова Р.Р. Осындай
сайыстар өткізүдегі біздің алдымызға қойған мақсатымыз , ол
ата-аналар мен бала арасындағы сыйластықты дәріптеу, отбасылық
мейірімділік , бірлік , салауатты өмір салтын нығайту болып
табылады. Балабақша мен ата-аналар арасындағы алтын көпір ол әріне
балалар, осы біздің тәрбиенушілеріміздің арасынан ертең атақты
спортшы, халқымыздың даңқың шығаратын тұлғалар шықпасқа кім кепіл.?
Ертенғі болашақ біздің қолымызда ! Болашағымыз міндетті түрде
жарқың , мықты , бәсекеге қабілетті болу
керек!
Алматы облысы, Кербұлақ
ауданы, Басши ауылы
«Бүлдіршін» бөбекжай
балабақшасының тәрбиешісі :Тулпаисова Гульмира Жүнісхановна
,

