Спорттық сайыс "Көңілді мәре"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Спорттық сайыс "Көңілді мәре"

Материал туралы қысқаша түсінік
Спорттық ойындар. Бастауыш сынып оқушыларына арналған эстафеталық ойындар сценарийі. Мақсаты: 1) Балалардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдылықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау. 2) Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. 3) Салауатты өмір салтын насихаттау.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Көңілді мәре» спорттық ойыны




Өткізген:Азирбаева Майра Мұратқызы



















2021-2022

Мақсаты:

1) Балалардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдылықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.
2) Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
3) Салауатты өмір салтын насихаттау.
Сайыстың барысы:

1. Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру;
2. Оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
3. Оқушыларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа үйрету. Білім, білік дағдыларын кеңейту;
Сайыстың түрі: командалық жарыс
Сайыстың әдісі: ойын
Өтетін орны: спорт алаңы
Өтетін сыныбы: 3 сыныптар
Құрал - жабдығы: доп, кедергілер, секіртпе, ысқырық, пазл, шеңбер

І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Жарысымыздың қорытындысын шығарып, әділ бағалап отыратын әділқазылар алқасымен таныстыру.
2. Ортаға командалар шығады. Мұғалімнің командасы бойынша сапқа тұрғызылады.

ІІ. Жарыстың шарты.
1. Сәлемдесу.(ұраны, топ аты)
2. Эстафеталық ойындар
3. Қорытындылау

Жүргізуші: Құрметті әріптестер, оқушылар.сіздерді «Жарқын болашақ жастардың қолында» атты жас мамандар онкүндігінің аясында өткізілген «Көңілді мәре» спорттық сайысымызға қош келіпсіздер!
Жүргізуші: Ендеше жарысымызды бастаймыз.
Ал құрметті халайық,
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер.
Қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1) Жүзбергенов Самат
2) Достанова Қымбат

3)Әнетов Әбілқасым



Жүргізуші: Біз бақытты баламыз,
Шыныға да аламыз.
Тәуелсіздік ел көгінде
Спортшы бола аламыз - деп - ойын шартымен таныстырайық.

Эстафеталық сайысымыз 6 бөліммен тұрады.

1.Таныстыру ( ұран,топ аты)

2. «Секіртпемен жүгіру»
3. «Көңілді старт»
4. «Жұптасқан ұстаушылар»
5.«Асық ату»
6.«Жүйрік ат»
1)Таныстыру кезеңі.(ұран,топ аты)
Жүргізуші: Еш қысылып саспайық,
Қызықты ойын бастайық
Сайысқа келген баланың
Сергітіп бойын алайық.

2)«Секіртпемен жүгіру» ойынын бастаймыз

Ойынның шарты; Топ оқушылары төрешінің белгісі бойынша секіртпемен жүгіреді. Белгіленген жерге жүгіріп барып, кейін қайтады. Келесі ойыншыға береді. Ойынды бірінші аяқтаған топ жеңімпаз болады.
Жүргізуші: Мектепте бүгін басталған
Дайын болыңдар жарысқа
Жүгір, секір қалыспа
Топаралық жарыстан - дей келе «Көңілді старт» ойынын бастаймыз.

Ойының шарты: Төрешінің белгісі бойынша белгіленген жерге допты жерге ұрып барып пазлдың бір бөлігін құрастырады,қайтарында жүгіріп келеді. Допты келесі ойыншыға береді. Ойын осылай жалғасып, пазлды толық құрастырған команда жеңімпаз болады.


Жүргізуші: Өздерінің шапшаңдылығын ұғындырып,
Көрсетер көп еңбектенген мықтылық.
Келесі бұл сайыста
Қай топтың ептілігін анықтайық – деп «Жұптасқан ұстаушылар» жарысын бастаймыз.

Ойынның шарты: Төрешінің белгісі арқылы топ басшысы топ мүшелерін біртіндеп шеңбермен мәреге тасиды.

Жүргізуші: Ендеше келесі ойынының «Асық ату»

Ойынның шарты: Ойынға тек ұлдар шығады. Тізбектеліп тұрған асықты атып алу.

Жүргізуші: Денемізді шынықтырып,
Шыныққан біз баламыз.
Жаңғыртып біз елімізді,
Биіктерден көрінеміз - дей келе соңғы «Жүйрік ат» сайысын бастаймыз.

Ойынның шарты: Балалар допты аяқтың арасына қысып, секіру арқылы жарысады. Ойынды сапалы әрі тез аяқтаған команда жеңіске жетеді.

Жүргізуші: Ендеше бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Марапаттау кезегін әділ қазылар алқасына беріледі. Марапаттау рәсімі. Қатысқан оқушыларымызға рақмет. Келіп тамашалағандарыңызға көп - көп рақмет. Қош сау болыңыздар.

ІІІ. Қорытындылау.
Қорытынды сөз әділқазыларға беріледі.

Командалар сап түзеп қатарға тұрады.
Ұпай санын есептеп, жарысқа қатысқан командаларды марапаттау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.05.2022
1186
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі